Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет286/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Пустулезді сифилид
– екіншілік мерездің сирек көрінісі және 
аурудың көбіне ауыр, қатерлі ағымын көрсетеді. Пустулезді 
сифилидтің пайда болуы қызба мен жағдайының бұзылысымен 
жүреді. Ол көбіне әлсіз адамдарда, ауырып-жүдеген науқастарда, 
алкоголизммен, 
туберкулезбен, 
нашақорлықпен, 
гиповитаминоздармен және т.б. аурулармен ауыратындарда 
дамиды. 
Безеу тәрізді, шешек тәрізді, импетигиозды, эктиматозды 
(мерездік эктима), рупиоидты (мерездік рупия) сияқты пустулезді 
сифилидтерді ажыратады. 
Безеу тәрізді, шешек тәрізді және импетигиозды сияқты 
беткейлік пустулезді сифилидтер екіншілік жаңа мерезбен 
ауыратын науқастарда, ал эктиматозды және рупиоидты сияқты 
терең пустулезді сифилидтер – негізінен аурудың рецидивтерінде 
дамиды. Пустулезді сифилидтер қарапайым мерездік папулалар 
болып табылады, олардың инфильтраты серозды-полинуклеарлы 
экссудаттың 
әсерінен 
ыдырайды 
да, 
оның 
орнында 
пиодермиялыққа ұқсас сарғыш-қоңыр түсті қабықша түзіледі. 
Пустулезді сифилидтердің түрлері олардың орналасуы, көлемі 
мен ыдырау дәрежесіне байланысты. 
Безеу тәрізді (акнеиформды) пустулезді сифилид
басында 
конус тәрізді пішінді диаметрі 0,2-0,3 см пустуласы болатын, сау 
теріден 
ажыратылатын 
фолликулярлы 
папулалар 
болып 
табылады. Іріңді экссудат өте тез кеуіп сарғыш-қызыл түсті қабық 
түзеді, ол түскеннен кейін теріге аздап басылған пигменттелген 
тыртық қалады. Акнеиформды сифилид көбіне мерездің екіншілік 
кезеңінің басқа да көріністерімен қосарланады. 
Ажырату диагностикасы
.
Безеулік сифилидтерді қарапайым 
безеумен, папулонекротикалық туберкулезбен және йодтты 
немесе бромды безеулермен жүргізу қажет. Қарапайым безеулер 
безеулік сифилидтен жедел қабынумен, ауырсынумен, айқын 
себореямен және комедондармен, науқастардың жасымен, 
бөртпелердің қайталануымен және созылмалы ағымымен 
ажыратылады. Папулонекротикалық тері туберкулезі терінің 
жазғыш беттерінде орналасады, ұзақ уақыт жазылмайды, 
элементтер торпидті түрде дамиды, орталығында некроз болатын 


түйінді бөртпелер кеткеннен соң, оның орныңда «мөр басылған 
тәрізді» тыртық қалады, бұл көрініс мерезде ешуақытта 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет