тітркендіру әсерінен вегетирленеді, олардың беткейі төмпешікті,
тегіс емес, серозды немесе серозды жабысқақ қақпен қапталады,
оның құрамында бозғылт трепонемалар көп мөлшерде болады.
Вегетирлеуші папулалар немесе жалпақ кондиломалар
ұлғаюға бейім және үлкен көлемдерге жетуі мүмкін. Жалпақ
кондиломалар негізінен екіншілік қайталамалы мерезге тән және
кей сатыларда аурудың кеш кезеңінің жалғыз көрінісі болуы
мүмкін.
Милиарлы папулезді сифилид өте сирек кездеседі. Негізінен
адам денесінің бетінде топталған қою қызыл немесе мыс тәріздес
– қызыл түсті, конус тәрізді, көлемі бидай немесе арпа дәні
тәрізді, тығыз папулалар түзіледі. Бөртпелер сақина, доға,
бляшкалар түзеді, олардың шеттері тісті, ал беткейі ұсақ
түйіршікті болады. Түйіндер май-шаш фолликулаларының
саңылауларының маңында орналасады. Жекелеген папулалардың
беткейінде қабыршақ немесе мүйізді тікенектер болады.
Милиарлы папулалар кейде бозғылт және ұсақ болғаны сондай,
милиарлы сифилид кейде қаз терісіне ұқсас келеді.
Көп мөлшердегі милиарлы сифилид мерездің ауыр ағымы
туралы ақпарат береді.
Достарыңызбен бөлісу: