Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.4C Диаграмма (5 сағат)
|
Мектеп:
|
Пәні: Математика
|
Сынып: 5
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Күні:
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор (1 сағат берілген, 1-сабақ)
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары
|
5.3.1.2 шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;
5.3.1.3 циркульдің көмегімен шеңберді салу;
5.3.1.6 дөңгелек сектор ұғымын меңгеру.
|
Сабақ мақсаты
|
шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;
циркульдің көмегімен шеңберді салу;
дөңгелек сектор ұғымын меңгеру.
|
Бағалау критерийі
|
Барлық оқушылар:
шеңбер мен дөңгелекті ажыратады және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
циркульдің көмегімен шеңберді салады.
Кейбір оқушылар:
дөңгелек секторына арналған есепті шығарады және оның орналасуы бойынша тұжырым жасайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология:
Циркуль, шеңбер, дөңгелек, центр, радиус, диаметр, сектор.
Диалогқа/жазылымға қатысты тіркестер:
шеңбердің центрі, шеңбердің радиусы, шеңбердің диаметрі, дөңгелектің радиусы, дөңгелектің диаметрі, дөңгелектің доғасы, дөңгелек секторы.
|
Құндылықтарға баулу
|
ауызша және жазбаша жауап бергенде өз ойларын нақты, дәл және сауатты жеткізе білу қабілетін дамыту;
математикалық есептерді шығарудағы ойлау, бастамашылдық, тапқырлық, белсенділік қабілеттерін дамыту;
ой-өрісті кеңейту, топтық жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
математикалық құралдарын түсіну және қолдану қабілеттерін дамыту.
|
Пәнаралық байланыс
|
Көркем еңбек, тарих, география, геометрия, сызу.
|
Алдыңғы білім
|
тұйық сызық, шеңбер, дөңгелек, центр, радиус, диаметр ұғымын біледі;
бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығарады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |