Сабақтың тақырыбын ашу кезеңі. Ұйымдастыру: топпен жұмыс.
Мақсаты:
шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;
циркульдің көмегімен шеңберді салу;
дөңгелек сектор ұғымын меңгеру.
Бағалау критерийі:
шеңбер, дөңгелек, центр, радиус және диаметр туралы түсінікті тұжырымдайды;
циркульдің көмегімен шеңберді салады;
дөңгелек секторына арналған есепті шығарады және оның орналасуы бойынша тұжырым жасайды.
Дескриптор:
шеңбер мен дөңгелек және оның элементтерін ажыратады;
циркульдің көмегімен шеңберді салады;
дөңгелек секторына арналған есепті шығарады және оның орналасуы бойынша тұжырым жасайды.
2-тапсырма. «Сұрақтар жаңбыры» әдісі. Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Сипаттамасы: оқушылар түрлі-түсті тақиялар бойынша
3 топқа бөлінеді. 1-топ – жасыл тақия, 2-топ – қызыл тақия,
3-топ – көк тақия. Әр топ параққа сұрақ немесе тапсырма жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазады да, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, әрі қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.
Парақтағы сұрақтар:
Қоршаған ортадан шеңбер, дөңгелек ұғымына сәйкес келетін фигураларды атаңдар.