Сабақ тақырыбы Шеңбер. Дөңгелек сектор (1 сағат берілген, 1-сабақ)



бет2/6
Дата05.04.2023
өлшемі237,81 Kb.
#173832
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саба та ырыбы Ше бер. Д гелек сектор (1 са ат берілген, 1-саба

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут

Ұйымдaстыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
«Түйін сөздер» әдісі:
Мақсаты:

  • өткен мaтериaлды еске түсіру: шеңбер, дөңгелек, центр, радиус және диаметр ұғымдарын тұжырымдау;

  • бұрыштың градустық өлшемін табу, бұрыштарды салыстыру.

Қажетті материалдар: дөңгелек пішінді қағаз қималары.
Сипаттамасы: Алдымен оқушыларға дөңгелек пішінді қағаз қималары үлестіріліп беріледі.
1-тапсырма.
Осы дөңгелек қиманы дәл ортасынан бүктеңдер. Енді осы бүктелген қиманы дәл ортасынан тағы да бүктеңдер.
– Қағаз қиындысында қандай фигура берілген?
– Бүктелген бөлікте қандай бұрыш пайда болды?
Енді қиманы жазып қараңдар. Қиманың бүктелген сызықтарын сызғыштың көмегімен сызып шығамыз.
– Қиманың бүктелген сызықтары қай нүктеде қиылысады?
– Не байқадыңдар?
Барлық оқушылар:

  • қағаз қимасында шеңбер салынғанын айтады;

  • қиманың бүктелген сызықтарының қиылысу нүктесінің шеңбердің центрі екенін айтады.

  • шеңбердің бүктелген бөлігі тік бұрыш екенін тұжырымдайды .

Басым көпшілігі:

  • шеңбердің центрі мен шеңбердің шетін қосатын кесіндіні шеңбердің радиусы деп айтады;

  • шеңбердің орталығы арқылы өтетін және шеңбердің екі шетін қосатын кесіндіні шеңбердің диаметрі екенін біледі.

Кейбір оқушылар:

  • шеңбердің ішкі бөлігі дөңгелек екенін айтады.

Мақсаты: түйін сөздер арқылы өткен сабақтарды тұжырымдарды еске түсіріп, жаңа тақырыпқа бағыт алу.

қағаз қималары







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет