«Сұрақ қою» әдісі. Рефлексия. Мақсаты: шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) және дөңгелек сектор ұғымдарын меңгергенін анықтау. Оқушылар сабақтан алған әсерін стикер арқылы көрсетеді, кестені + – қою арқылы толтырады.
Сұрақ
+ –
Шеңбер, дөңгелек, центр, радиус және диаметрдің анықтамаларын айтамын, мысал келтіремін.
Шеңбер мен дөңгелекті, радиус пен диаметрді ажыратамын.
Дөңгелек секторына арналған есепті шығарамын және оның орналасуы бойынша тұжырым жасаймын.
Оқушылардың танымдық ерекшеліктерін ескере отырып, сараланған деңгейлік тапсырмалар жоспарланған. Тапсырма бойынша
(А деңгейінен бастап әрі қарай ілгерлеуге арналған тапсырмалар беріледі), жұмыс қарқыны, диалог және қолдау көрсету (оқушылардың қажеттіліктеріне қарай – анықтамаларды еске түсір деген нұсқау айтылады).
Түрткі сұрақ:
– Шеңбер мен дөңгелектің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Қалыптастырушы бағалау бағалау критерийлері, дескрипторлар негізінде жүзеге асырылады. Сабақтың барлық бөлімінде қолданылып, дескрипторларға сәйкес оқушылардың нәтижесі бағаланады. Ауызша жауап берген оқушыларды мадақтап отыру, сөз арқылы қолдау көрсету. Оқушылардың түсінігін анықтау және бағалау (мұғалімнің кері байланысы арқылы) анықтамаларды өз ой қорытындыларымен сұраққа дұрыс жауап айталған оқушыларға: «Жарайсың!». Ой қорытындысын жүйелі жеткізе алмаған оқушыларға: «Тағы ойлан!»