Қабыршақты теміреткі псориазформды папулезді сифилидтен
стеаринді дақ феноменымен, псориатикалық
жұқалтырмен және
нүктелі қансыраумен, шетке қарай өсумен және қатпарлар
түзумен қосылуға бейімділігімен,
жиі рецидивті созылмалы
ағымымен ерекшеленеді. Сонымен қатар псориатикалық
бөртпелерге қызғылт түс тән.
Жалпақ кондиломалар сүйірұшты кондиломалармен, ал
көтеншек аймағында орналасса – геморроидальді түйіндерге
ұқсас келеді.
Сүйірұшты кондиломалар жалпақ кондиломалардан жіңішке
аяғы бар түрлі-түсті орамжапырақты еске түсіретін
бөліктік
құрылымымен ерекшеленеді. Сүйірұшты кондиломалар жұмсақ
консистенциялы, сонымен қоса аяғының негізінде де, әр түрлі
көлемді, диаметрі 1 см немесе одан да көп, түсі
қалыпты тері
түстес немесе қызғылт-қызыл түсті, кейде аздап қансырап тұрады.
Сүйірұшты кондиломалар жыныс мүшелері мен көтеншектің
айналасында орналасатындықтан, олардың беті базданған және
эрозияланған болады.
Бүкіл негізімен теріде орналасатын
жалпақ кондиломалармен
салыстырғанда, геморроидальді түйінде бір беткейі болсын тік
ішек кілегей қабатымен жабылған болады. Бұған қоса,
геморроидальді түйін жұмсақ консистенциялы болады, жиі
қансырайды және онда тығыз эластикалық инфильтрат болмайды.
Геморройдың ұзақ болуын және геморроидальді түйіндердің
үстінен мерездік папулалардың даму мүмкін екенің ескерген жөн.
Милиарлы сифилид терінің лихеноидты туберкулезімен ұқсас
келеді. Мерездік
папулалармен салыстырғанда, туберкулез
элементтері жұмсақ консистенциялы, сарғыш-қызыл түсті,
топтасуға бейім, бөртпелердің бетінде қабыршақтар түзіледі,
процесс негізінен балалық шақта басталады, туберкулин
реакциялары оң, мерездің басқа да
белгілері жоқ және мерезге
жасалған серологиялық реакциялар теріс болады. Осы белгілердің
барлығы дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Папулезді мерездің ажырату диагностикасында науқастарды
мерезге серологиялық зерттеу маңызды орын алады.