Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Эктиматозды пустулезді сифилид



Pdf көрінісі
бет288/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Эктиматозды пустулезді сифилид
пустулезді сифилидтің
ауыр қатерлі түрі болып табылады және ауру жұққаннан соң 5-6 
айдан соң дамиды. Эктиманың басты ерекшелігіне оның тереңге 
де, көлдеңенінен де ыдырауға бейімділігі жатады. Ортасында 
жылдам пустула пайда болатын шектелген қою қызыл 
инфильтрат дамиды, артынша ол тығыз құрғап, ішке кіріңкіреген, 
қою сұрғыл, қараға жақын, мыс тәріздес – қызыл түсті 
инфильтратпен 
қоршалған 
қабыққа 
айналады. 
Эктима
перифериялық өсу нәтижесінде 3 см немесе одан да үлкен 
диаметрге дейін жетеді. Қабықты алып тастағаннан кейін түбі 
тегіс және шеттері салбыраған терең емес жара қалады, олар 
іріңді бөлінісі бар сұрғылт-сары түсті некротикалық массалармен 
қапталған болып табылады. Жара тығыз, шектелген, қою қызыл 
түсті 
инфильтірленген 
білікшемен 
қоршалған. 
Эктима 
жазылғаннан кейін пигменттелген тыртық қалады. Біруақытта 6-
10 элемент пайда болады, жиі жіліншіктің алдынғы бетіне, 
сиректеу бет пен денеге шығады. 
Ажырату диагностикасы
.
Мерездікпен салыстырғанда 
вульгарлы эктимада айналасындағы терідегі жедел қабынулы
реакциясы бар және негізінде инфильтрациясыз стрепококкты 
пустула дамиды. 
Рупиоидты пустулезді сифилид
ауыр эктималардың түрі 
болып табылады, ол шетке және тереңге жайылуға бейім, осының 
нәтижесінде қабатты, конустәрізді, алғашында лас қоңыр
артынша қою қара түсті, диаметрі 5 см және биіктігі 2 см, 
устрицалық шұңғылшаға (раковинаға) ұқсас элемент түзіледі. 
Қабықты алып тастағаннан кейін лас-қанды бөліністі, шеттері 
инфильтрацияланған қатты ауырсынатын жара көрінеді. Дамыған 
рупияда үш аймақты көруге болады: орталығында – рупиоидты 
қабық; шеттерінде, сау терімен шекаралас жерде – қызғылт-
қызыл түсті папулезді инфильтраттың білікшесі; олардың 
арасында – ойық жаралы сақиналы аймақ 
(146-сурет)
. Жара 
жазылғаннан кейін терең пигменттелген тыртық қалады. 
Мерездік рупия аурудың 2-3 күні дене мен аяқ-қолдың 
жазғыш бетінде пайда болады және жиі басқа сифилидтермен 
сабақтасады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет