Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет296/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Бассыздандырылған мерез
(шанкрсыз мерез – 
syphilis 
d’emblee
). Алғышқыда қатты шанкрсыз екіншілік сифилидтер, 
трепонемалар организмге тері немесе кілегей қабаттың 
кедергілерін айналып өтіп, енгенде байқалады. Терең тілімдер, 
егулер жасағанда, қан құйғанда (трансфузиялық мерез) жұғады. 
Мұндай жағдайда екіншілік сифилидтер генерализацияланған 
бөртпелер түрінде, әдетте жұқтырғаннан кейін 2–3 ай өткен соң,
продромальды көріністер (бастың ауруы, сүйектің, буынның 
ауырсынуы, қызба) білінгеннен кейін пайда болып, жиі ауыз 
қуысының кілегей қабығын зақымдайды. 
4.1.4.
 
Ү
ШІНШІЛІК МЕРЕЗ
 
 
Үшіншілік мерез тіптен арнамалы ем алмаған немесе 
дұрыстап емделмеген кейбір науқастарда пайда болады

Сонымен қатар, үшіншілік мерездің дамуына балалық шақтағы 
балалар, созылмалы аурулар, интоксикация, алкоголизммен 
ауыратын адамдар, қарт адамдар бейім болып келеді. Әдетте 
үшіншілік мерез 4–5 жылдан кейін, ал соңғы он жылдықтарда 8–
10 жылдан кейін, кейде жұқтырғаннан кейін ондаған жылдардан 
соң дамиды. 
Екіншілік мерезден айырмашылығы, үшіншілік мерездің 
клиникалық көрінісі жергілікті болып келеді. Олар орналасқан 


жерінде мүшелердің деструкциясын дамытып, орнында тыртық 
қалдырады. Морфологиялық тұрғыдан үшіншілік сифилидтер 
жұқпалы гранулемаларға ұқсайды. 
Үшіншілік мерездің активті және жасырың (латентті) түрлерін 
ажыратады. Тері мен кілегей қабықтардың зақымдалуы аздаған 
төмпешіктермен немесе гуммалармен сипатталады. 
Үшіншілік мерездің клиникалық көрінісі жұқпалы емес, себебі 
инфильтраттың түбінде орналасқан бірен-саран трепонемалар, 
олар ыдырағанда өледі. Алайда гранулемалар, әсіресе гуммалар, 
өздері орналасқан мүшелерді қысып, мүшелерді бұзып, 
науқастың өміріне қауіп-қатер төндіреді. Үшіншілік мерездің 
клиникалық көрінісі мерезге қарсы емге көнеді.
Төмпешікті сифилид терінің шектелген жерінде ассиметриялы 
түрде орналасады. Төмпешік жарты шар тәрізді немесе жазық, 
көкшіл реңді мыс-қызыл түсті, диаметрі 0,4-0,6 см, тығыз 
консистенциялы, айқын шекаралы болып келеді. Мерездік 
төмпешіктің инфильтраты құрғақ некрозға немесе жара түзілетін 
некрозға ұшырайды. Құрғақ некрозда төмпешік ыдырағанда 
атрофия түзіліп, ал жара түзілетін некрозда жара жазылғаннан 
кейін фокусты орналасқан, топталған, әрқайсысы пигментті 
жиекпен қоршалған тыртықтар түзіледі. Тыртықтарда бөртпелер 
ешқашан болмайды. Төмпешіктер нүкте тәрізді пайда болып, 
дамып болғанннан кейін эволюцияның әр түрлі даму стадиясында 
орналасады. Түзілетін тыртықты әшекейлі (мозаикалы) тыртық 
деп атап, ол әдетте топталған төмпешікті сифилидтің орнында 
орналасады. Төмпешіктер топпен орналасып, бір-бірімен 
қосылмайды. Сирек серпигинозды (жорғалайтын) төмпешікті 
сифилид байқалады. Бұл жағдайда төмпешіктер қосылып, 
біртұтас тыртықтың түзілуімен жазылады да шетінде жаңадан 
ошақтар пайда болады. Оданда сиректеу төмпешіктер бір 
қатпарға және диаметрі 1-2 мм болатын ергежейлі сифилидке 
қосылып, төмпешікті сифилидтер алаң тәрізді түзіледі. 
Төмпешіктер ыдырағаннан кейін түзілетін жаралар, дұрыс 
формалы, шеттері түзу, түбі таза және тегіс, негізінде және 
айналасында тығыз эластикалы инфильтратпен сипатталады. 


Процесс апталарға, айларға, сирек жағдайда оданда ұзаққа 
созылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет