Сабақтың тақырыбы Буынның құрылысы және қызметтері. Сабақтың мақсаттары



Дата17.02.2022
өлшемі278,67 Kb.
#132255
түріСабақ
Байланысты:
Буын жоспар


Жоспар




Мектеп: № 92 мектеп-лицей

Күні:16.02.2022ж

Мұғалімнің аты-жөні: Динара Бауыржанқызы
Практикант: Көлбай Гауһар, Байзакова Балнұр

Сынып: 8 Д

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Буынның құрылысы және қызметтері.

Сабақтың мақсаттары

Буынның әр түрлі типтерінің құрылысын,олардың қызметтерін,арасындағы байланысты сипаттайды.

Бағалау критерийі (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

1.Буынның әртүрлі типтерін сипаттап салыстырады.
2.Буынның құрылысы мен қызметін ажырата біледі.
3.Буын түрлері арасындағы байланысты ажыратады

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Тілдік мақсаттар



Тілдік дағдылар:
Оқылым- мәтінмен жұмыс
Тыңдалым – бейнероликтен тыңдау
Айтылым – постер қорғап айту
Жазылым- кесте толтыру
Терминология: шеміршек дискісі, буын,шеміршек астары, ұсақ буын сүйектері, жәй және күрделі буын сүйектері, бір осьті,екі осьті,үш осьті,цилиндр,жартылай буын
Сөз тіркестері: Буындарда болатын құрамбөліктер.......
Сүйек саны бойынша буындар.............. бөлінеді?
Буындар қозғалыс жасауға болатын ось саны бойынша ............ жіктеледі



Пәнаралық байланыс

Медицина (анатомия), ревматология,физика- қозғалыс

АКТ қолдану дағдылары

Интернеттен ақпарат іздеу, табу.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басталуы
3 минут



  1. Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал қалыптастырамын. (шаттық шеңбері)
2.Мозайка әдісі арқылы топқа бөлемін (шеміршек, сүйек , бұғана)
1-топ «Шеміршек»
2-топ «Сүйек»
3-топ «Бұғана»


Түрлі түсті қағаздар




Сабақтың ортасы
Қолдану
30 минут

Талдау

Сабақтың соңы


Алдыңғы білімді пысықтау мақсатында пысықтау сұрақтары.
Жаңа тақырып бойынша түсініктеме беріледі.
«Дөңгелек үстел » әдісі топтық жұмыс
Тапсырма: мәтінді оқып,буындардың құрамбөліктерін сүйек саны бойынша буындардың неден тұратындығын,ось саны бойынша буындар қызметін сипаттаңдар

  1. топ «Шеміршектер» Барлық буындарда болатын қосымша құрамбөліктерді түсіндіріңіздер

2-топ «Сүйектер» Сүйек саны бойынша буындардың жәй және күрделі буын неден тұратындығын сипаттаңыз
3-топ «Бұғаналар» Белгілі бір қозғалыс жасауға болатын ось саны бойынша буындарды жіктеңіз
Кері байланыс « Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы топтар
бірін-бірі бағалайды.


«Сәйкестендіру кестесі» әдісімен жұптық жұмыс
Суретте бейнеленген сүйектердегі « Буындардың әртүрлі типтерін анықтап, талдаңыз
Тапсырма « Сәйкестендіру кестесі» әдісіне сәйкес
тізімде берілген сүйектердің қандай буында бекитіндігіне байланысты кестеге орналастырыңыз
1.Жамбас
2.Кәрі жілік
3.Сегізкөз
4.Білезік
5,Табан
6.Саусақ
7.Жауырын
8.Бас
9.Омыртқа
10. Қабырға


Буынның түрлері

Сәйкес келетін сүйектер

1.Ең қозғалмалы буын




2.Жартылай буын




3.Қозғалмайтын





Кері байланыс: « Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

«Сен білесің бе?» әдісі бойынша жеке жұмыс
1. Жәй және күрделі буындар дегенді қалай түсінесіз?
2.Бір осьті, екі осьті,үш осьті буындар қозғалысын қалай түсіндіресіз?
3.Жартылай буын дегенімізді қалай түсінесіз?

Кері байланыс «Бағалау парақшасы» арқылы бағалау


Бағалау критерийі

Дескриптор

1.Буынның әртүрлі типтерін,қозғалысын,олардың қызметтерінің арасындағы байланысты анықтайды

Сүйек буындарының әртүрлі типтерін салыстырды

2.Сүйек буындарының атқаратын қызметіне сәйкес ажырата біледі

Сурет бойынша буындардың құрылысы мен қызметін ажыратты

3.Буын түрлері арасындағы байланысты анықтайды

Буын түрлері арасындағы байланысты ажыратты


Үйге тапсырма: 34. 10 тест сұрағын құрастыру

« Баспалдақ» әдісі арқылы оқушылар өздерін бағалайды

Түсіндім – ең жоғарғы сатысынан күннің суретін жабыстыру
Толық түсінбедім – баспалдақтың ортасына бұлт артындағы күннің суретін жабыстыру
Түсінбедім – ең төменгі сатысына бұлттың суретін жабыстыру


Презентация


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулықжәне қауіпсіздік техникасынсақтау





1.Сабақта психологиялық ахуал қалыптастырып, «Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды «Шеміршек»,»Сүйек»,»Бұғана» топтарына бөлдім. Оқушыларға сабақ мақсаты таныстырылып, мақсатқа жету үшін белсенді әдіс-тәсілдер пайдаландым.
Сабақта ой-талқы жасалып,алдыңғы білімді жаңа біліммен байланыстырады. Сыныптағы барлық оқушылар «Дөңгелек үстел» әдісі арқылы буындардың құрамбөліктерін сүйек саны бойынша буындардың неден тұратындығын ось саны бойынша буындар қызметін постер қорғау арқылы түсінеді.
Жұптық жұмыста «Сәйкестендіру кестесі» арқылы буын түрлеріне сәйкес келетін сүйек буындарын талдады.
Кейбір оқушылар «Сен білесің бе?» әдісі арқылы буындар арасындағы байланысты талдайды
Қабілетті оқушыларға « Қозғалыс – өмір» тақырыбында шағын эссе жазуға тапсырма берілді




Белсенді оқыту тәсілдері арқылы


«Дөңгелек үстел» топтық жұмысын
«Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы топтар бірін-бірі бағалады
«Сәйкестендіру кестесі» жұптық жұмысын «Бағдаршам» арқылы бағалау жүргізілді


«Сен білесің бе?» әдісі арқылы жеке жұмыс «Бағалау парақшасы» арқылы бағаланады
«Баспалдақ» әдісі арқылы рефлексия жасалады


Топтық жұмыс кезінде
қауіпсіздік ережелерін сақтау



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.






Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:Сабақ барысында оқушыларға «Дөңгелек үстел» әдісі арқылы оқу мақсатына жеттім


2. «Сәйкестендіру кестесі» әдісі арқылы буындардың әртүрлі типтерін анықтап, талдады


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: Тиімді әдісті пайдала отырып оқушыларға бағалау әдісін қалыптастыру.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет