жерінде мүшелердің деструкциясын дамытып, орнында тыртық
қалдырады. Морфологиялық тұрғыдан үшіншілік сифилидтер
жұқпалы гранулемаларға ұқсайды.
Үшіншілік мерездің активті және жасырың (латентті) түрлерін
ажыратады. Тері мен кілегей қабықтардың
зақымдалуы аздаған
төмпешіктермен немесе гуммалармен сипатталады.
Үшіншілік мерездің клиникалық көрінісі жұқпалы емес, себебі
инфильтраттың түбінде орналасқан бірен-саран трепонемалар,
олар ыдырағанда өледі. Алайда гранулемалар, әсіресе гуммалар,
өздері орналасқан мүшелерді қысып, мүшелерді бұзып,
науқастың өміріне қауіп-қатер төндіреді. Үшіншілік мерездің
клиникалық көрінісі мерезге қарсы емге көнеді.
Төмпешікті сифилид терінің шектелген жерінде ассиметриялы
түрде орналасады. Төмпешік
жарты шар тәрізді немесе жазық,
көкшіл реңді мыс-қызыл түсті, диаметрі 0,4-0,6 см, тығыз
консистенциялы, айқын шекаралы болып келеді. Мерездік
төмпешіктің инфильтраты құрғақ некрозға немесе жара түзілетін
некрозға ұшырайды. Құрғақ некрозда төмпешік ыдырағанда
атрофия түзіліп, ал жара түзілетін некрозда жара жазылғаннан
кейін фокусты орналасқан,
топталған, әрқайсысы пигментті
жиекпен қоршалған тыртықтар түзіледі. Тыртықтарда бөртпелер
ешқашан болмайды. Төмпешіктер нүкте тәрізді пайда болып,
дамып болғанннан кейін эволюцияның әр түрлі даму стадиясында
орналасады. Түзілетін тыртықты әшекейлі (мозаикалы) тыртық
деп атап, ол әдетте топталған төмпешікті сифилидтің орнында
орналасады.
Төмпешіктер топпен орналасып, бір-бірімен
қосылмайды. Сирек серпигинозды (жорғалайтын) төмпешікті
сифилид байқалады. Бұл жағдайда төмпешіктер қосылып,
біртұтас тыртықтың түзілуімен жазылады да шетінде жаңадан
ошақтар пайда болады. Оданда сиректеу төмпешіктер бір
қатпарға және диаметрі 1-2 мм
болатын ергежейлі сифилидке
қосылып, төмпешікті сифилидтер алаң тәрізді түзіледі.
Төмпешіктер ыдырағаннан кейін түзілетін жаралар, дұрыс
формалы, шеттері түзу, түбі таза және тегіс, негізінде және
айналасында тығыз эластикалы инфильтратпен сипатталады.
Процесс апталарға, айларға, сирек жағдайда оданда ұзаққа
созылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: