Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет298/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

ажырату 
диагностикасы
скрофулодермамен 
жүргізіледі. 
Гуммадан 
ерекшелігі 
скрофулодермада түйіндер жұмсақ консистенциялы, толықтай 
жұмсарып, жараның шеттері жұмсақ, тегіс емес, қазылып, 
жараның түбінде енжар грануляциялар, ал жарадан бөлінетін 
бөлінді сұйық, іріңді, қызғылт-сарғыш (охрянды) түсті. 
Тыртықтарда көпір тәрізді терілік жалғастырғыш, ал периферияда 
терілік емізікшелер болады. Ажырату диагностикасы индуративті 
(тығыздалған) эритемамен жүргізіледі, оның гуммадан ерекшелігі 
балтырдың төменгі бөлігінде ауырсынатын, симметриялы 
орналасқан көптеген түйіндермен сипатталады. Ауру жайлап
енжар, ойық жара пайда болу кезінде өліетті негізі болмайды. 
Ісікті жаралар гуммоздылардан бұрыс формасымен, өте тығыз 
қайтарылған шеттерімен, тегіс емес, жеңіл қансырайтын түбімен, 
өліетті негізінің болмауымен ерекшелінеді. 
Ауыз қуысының кілегей қабығының зақымдалуы
үшіншілік 
мерезде гуммамен, диффузды гуммозды инфильтрациямен, 
төмпешікті бөртпелермен сипатталады. Ауыздың кілігей қабығы 
үшіншілік мерездің қандай да бір даму сатысын көрсетеді. 
Терідегі сияқты кілегей қабықтағы мерездік бөртпелер жұқпалы 
емес, өзі орналасқан тінді бұзбайды, сондықтан көп жағдайда 
мүшенің қызметін бұзбайды. 
Гуммозды сифилид
ауыз қуысының кез-келген жерінде 
орналасады: жиі тілде, қатты және жұмсақ таңдайда. Әдетте, бір 
ғана гумма пайда болады. Алдымен ауырсынатын түйін пайда 
болып, кейін ол үлкейіп, ашылады. Гуммозды негіз бөлініп, 
гуммозды жара пайда болады. Бұл процесс 3-4 айға созылып, 
кейде субъективті сезімдермен қосарланып жүреді. Ашылмаған 


гумма тығыз консистенциялы, беті тегіс, түйін үстіндегі кілегей 
қабық аздап қабынған, іркілген-қызыл түсті болып келеді. Негізі 
бөлінгеннен кейін гумозды жара кратертәрізді формалы, шеттері 
тығыз, ауырсынбайтын, түбі грануляциялармен жабылған болады.
Жара жайлап тартылған жұлдызшалы тыртықтың түзілуімен 
жазылады. Гумма таңдайда орналасқанда процесстің аяқталуында 
перфорация болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет