1. Клиникалық жағдай Цикл: Ішкі аурулар Диагноз: «Ауруханадан тыс екі жақты төменгі бөліктік пневмония, орташа ауыр жағдайда. ДН II.
Жолдама берген мекеменің диагнозы: Ауруханадан тыс екі жақты
төменгі бөліктік пневмония. ДН I-II.
А лғашқы диагноз: Ауруханадан тыс екі жақты төменгі бөліктік
пневмония. ДН I-II.
Клиникалық диагноз: Ауруханадан тыс екі жақты төменгі бөліктік
пневмония, орташа ауыр жағдайда. ДН II. Артериалық гипертензия 3 деңгей,
қауіп 3. СЖЖ ФК 2, НК 1
3. III.Науқастың шағымдары.
Науқас ашық түсті ,шырышты, жабысқақ қақырықты
жөтелге, қалыпты жағдайда және аздаған физикалық
жүктемеде пайда болатын ентікпеге, тыныс алу кезіндегі
кеуде тұсының ауырсынуына, дене температурасының
37,5 С дейін көтерілуіне, денесінің ауырлауына, тәбетінің
төмендеуіне, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне,
жалпы әлсіздікке шағымданады.
4. IV Шынайы аурудың тарихы (Anamnesis morbi)
Науқас 18.01.16 ж бері өзін ауру сезінеді, осы аптаның
ішінде суықтаудың нәжитесінде бронхтық қабыну
синдромы жабысқақ қақырықты жөтел түрінде
дамыған. Бронхтық қабыну синдромы қақырықты
жөтел, кеуденің ауырсынуы, тыныс қимылында бір
жағының қалыңқылығы байқалады.
Өздігімен симптоматикалық ем қабылдаған:
Колдрекс, Амброксол, әсері болмаған. Осыған
қосарлана жай қозғалыстарға ентікпелер пайда бола
бастаған, дене температурасы субфебрильді сандарға
дейін көтерілген.
Достарыңызбен бөлісу: |