17. Жетекші синдромдар және оны талдау
1) Өкпе тінінің жалпы қабынулық өзгерісті синдром – жөтел,
қақырықтың бөлінуі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, дауыс дірілі
мен бронхофонияның күшеюі, ылғалды сырылдар және
рентгенологиялық өзгерістер.
2) Өкпелік инфильтрациялық синдром – обьективті қарағанда
перкуторлық дыбыстың тығыздалуы, аускультацияда – тыныс қатаң,
әлсіреген, екі жақтық төменгі бөлігінде аздаған ұсақ көпіршікті
сырылдар естілуі.
3) Интоксикациялық синдром – әлсіздік, дене температурасының
жоғарлауы, делсалдық, тәбеттің төмендеуі, бас және бұлшықет
ауырсынуы, жүрек соғысы, бозару.
4) Жалпы қабыну өзгерістері – қалтырау, қызудың көтерілуі, қанның
жедел фазалық көрсеткіштерінің жоғарылауы: лейкоформуланың
солға ығысуы, нейтрофильдік лейкоцитоз; ЭТЖ-ның жоғарылауы,
СРБ-тың пайда болуы, фибриногеннің көбеюі.
5) Тыныс жетіспеушілігі – ентікпе, тахипноэ, үстірт тыныс,
гипоксемия.
Достарыңызбен бөлісу: |