18. Басқа аурулармен дифференциальдық диагноз 1 реттілікпен:
Пневмонияны өкпе инфарктынан, ателектаздан, өкпе
ісіктерінен, пневмониттен, өкпе васкулиттерінен,
туберкулезден, өкпенің шашыраңқы (диссеминацияланған)
процестерінен ажырата білу керек.
19.
1. Өкпе инфаркты – травмаға, операцияға ұшыраған, осыдан
бұрын тыныс жолының инфекциясымен ауырмаған және
қозғалуға шамасы келмейтін немесе тромбофлебиті бар
науқастарда күдіктенген жөн. Дене қызуы 39 0С аспайды,
қалтырау жоқ, жөтел онша мазаламайды. Бірақ қан қақыру
байқалады. Ал науқаста – қалтырау бар, қақырықты жөтел,
перкуссияда дыбыстың қысқаруы байқалады.
2. Өкпе ісіктері – өкпе рагынан жасы егде, темекі тартатын
адамдарда күдіктенеді. Өкпенің ісіктері көбіне
паранеопластикалық белгілермен қатар жүреді, шеттік лимфа
түйіндерінің ұлғаюы жиі байқалады. Өнімді жөтелмен, ентігу,
кеуде аймағының ауырсынуы, қызба, қан түкіру, стридор –
тыныс алу кезіндегі ысқырықты сырыл. Науқастың зиян әдеттері
жоқ, лимфа түйіндері ұлғаймаған, стридор байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |