Христодар бутигі



Дата10.11.2023
өлшемі15,31 Kb.
#190922
Байланысты:
СРС 3 тапсырмасы


Христодар бутигі

Жанна Христодар «Менеджмент» бағыты бойынша бакалавр дәрежесін жақын арада алды және әкесінің компаниясына жұмысқа тұрды. Оның әкесі Богдан Христодар «Христодар бутиктері» компаниясының қожайыны және президенті болып табылады. Компнаия Ресейдің ірі қалаларында сәнді әйелдер киімінің 12 дүкенінің желісін иеленеді. Компанияны қайта құрудың соңғы жылдары Жаннаның атасы құрған. Кеңес үкіметінің сауда саласында ұзақ уақыт бойы жұмыс жасаған атасының байланыстары мен тәжірибесі және әкесінің соңғы 10 жылдағы әйелдер киімі саласындағы тәжірибесі, олардың осы киімдерді сатып алу және сату қабілеттіліктері Москваның орталығындағы дүкеннен үлкен дүкендердің желісі бар компанияға айналдырды. Богдан Христодардың басқарушылық стилі мәні бойынша өзінің әкесінің стилін жалғастырушы болып табылады. Олардың екеуі де ескі жүйеде білім алған: біреуінің білімі – сауда, екіншісінің білімі –политехникалық. Богдан өзінің ісіне сенімді болды және сауда, жарнама, дүкендерді басқару бойынша қабілетімен мақтанатын. Оның жүкенінің менеджерлерінің әрқайсысы онысен Москвада екі апта сайын кездесіп тұрды. Осы кездесулердің арасында Богдан өз дүкенін аралауға және осы менеджерлермен кездесу жұмыстарына әр аптаның 2-3 күнін бөлді.


Бірақ ол ең бастысы адамдардың қалай байланыс жасайтындығына және олардың жұмысқа деген мотивациясына ғана көңіл бөлетін. Оның есептеуінше, өзінің жүргізген отырыстарында менеджерлер мен мамандар оны мұқият тыңдайды. Дегенмен, олардың пікірлеріне қарап, Богданды мына ой алаңдата бастады: олар оны тек естиді ме әлде мұқият тыңдайды ма? Оның көптеген нұсқауларының нәтижесі ол ойлағандай болмады. Құжаттарды және жарнамалық проспектілерді көбіне ол өзі түзетіп отырды. Кейбір дүкендерде жұмысшылар кәсіподаққа кіру жөнінде әңгіме қозғай бастады. Кейде оған ұнамайтын әңгімелерді ести бастады. Осылайша, оған көптеген жұмысшылар менеджерлермен бірге компанияның болашақта не істейтіндігін білетіндігі, сонымен бірге егер Богданмен және оның айналысындағылармен тікелей сөйлесу мүмкіндігі болса, компанияның жұмысын жақсарту жолдарын білетіндігі белгді болды. Богданның өзі оның көптеген менеджерлері және дүкендерінің қызметкерлері жұмыстарын қандай-да бір шығырмашылық күш жұмсамай, энтузиазмсыз орындайтындығын сезді. Сонымен қатар оны неге оның жақсы қызметкерлерінің жұмыстан кетіп бәсекелестеріне жұмысқа тұрғандықтары ойландыра бастады.
Компанияға арнайы көмекші лауазымын иеленуге келген қызына ол былай деді: «Жанна, компанияда болып жатырған оқиғалар алаңдатады. Бұл - коммуникация мен мотивацияның проблемасы. Мен университетте менеджмент пәнін оқығандығынды білемін. Мен сенің коммуникация кедергілері мен техникасы мәселелері туралы айтқанында естідім. Сен Маслоу, Герцберг, Врум, МакКлелланд және басқа да мотивация саласындағы басқа да көптеген ғалымдардың атын атадың. Әрине, мен бұл «психологтардың» бизнес туралы көп білетіндігіне күдіктенемін. Сонымен бірге мен адамдарды мотивациялаудың бастылары – ақша, жақсы басшы және қолайлы жұмыс жағдайы екендігін де білемін. Мүмкін сен маған көмектесе алатындай басқа да жолдарды білетін шығарсың? Мен осыған үміттенемін. Университтегі сенің оқуына мен аз ақша жұмсаған жоқпын. Сондықтан маған қандай жақсы ұсыныстар бере аласың?»

Сұрақтар:



  1. Компанияның айналысатын бизнесі коммуникация саласындағы саясатты қалай анықтады?

  2. Жаннаның әкесі мен атасы қандай басқарушылық стильді иеленді және ол компаниядағы жеке адам аралық және ұйымдық коммуникациялардың мәселесін шешуге қалай әсер етті?

  3. Христодар-әкесі бағынушылармен коммуникациялардың қандай формаларын қолданды?

  4. Компанияда қандай коммуникациялық кедергілер орын алды? Оларды шешу үшін қандай ұсыныстар бересіз?

  5. Христодар коммуникацияның қандай стильдерін пайдаланды?

  6. Қандай вербальды емес формаларын пайдаланды және олар тиімді болды ма?

  7. Сіз Жаннаның орнында оның әкесінің монологына қалай жауап берер едіңіз?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет