Тағамдық немесе дәрілік заттарды қабылдағаннан болатын
токсидермиядағы
дақты
бөртпелер
жедел
басталуымен,
ағымымен, қанық бояуымен, қабыршақтанудың тез қосылуымен,
шетке қарай өсу мен қосылуға бейімділігімен және күйдіру мен
қышыну сезімімен қатар жүруімен ерекшеленеді.
Жибердің қызғылт теміреткісі шыққан науқастардың
мерездікпен айырмашылығы алғашқысында бірінші көлемі 1,5-3
см болатын жіңішке пластинкалы сарғыш, мыжылған папирос
қағазына ұқсас, қабыршағы бар қызғылт-қызыл дақ түріндегі
сопақша пішінді аналық қатпарлар пайда болуы керек. 1-2
аптадан соң осыған ұқсас, бірақ көлемі кішірек көптеген
элементтер пайда болады, олар метаметр бойынша ұзын диаметр
түрінде орналасады.
Кебек тәрізді (түрлі түсті) теміреткіде мерездік розеоламен
салыстырғанда қабынулық емес қабыршақтар дамиды, олар түсі
сүт құйған кофе тәріздң болатын, қосылуға бейім, жиі дененің
жоғарғы бөлігінде орналасатын дақтар. Мұндай дақтарға йодты
тұнбаны жаққанда, олар қоршаған теріге қарағанда қаралау түске
енеді.
Қасаға биттердің (Phirus pubis) шағуынан болатын дақтар
мерездік розеоладан сұрғылт-күлгін бар; бұл дақтар үстінен
басқан кезде жоғалмайды.
Мерездік розеоланы жоғарыдағы аурулардан ажыратуда
екіншілік мерездің басқа клиникалық көріністерінің болмауы мен
науқастарды серологиялық зерттеу маңызды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: