жағдайда, жай герпестегі эрозияға ұқсас келетін герпетиформды
қатты шанкрды жіберіп алмас үшін,
бірнеше рет жасау қажет
(қанда мерезге серологиялық зерттеумен қоса). Бұл жағдайда
шанкр жайлы эрозия негізіндегі тығыздалу, субъективті сезімнің
болмауы, регионарлы лимфаденит пен ең бастысы – бозғылт
трепонеманың табылуы көрсетеді.
Еріндегі шанкрды жай герпеспен ажырату қажет, соңғысына
мерезбен салыстырғанда бөртулердің алдында күйдіру мен
қышыну сезімі болуы, эрозияның
гиперемияланған сәл ісінген
негізде орналасуы және шанкрда болатын нақты шеттерінің
болмауы тән. Сонымен қоса, герпес кезінде эрозивті бөрпелердің
алдында көпіршіктер пайда болады, ал қатты шанкр кезінде бұл
процесс
болмайды.
Қатты
шанкрмен
салыстырғанда
герпетикалық
эрозиялар
тез
пайда
болып,
тез
эпителизацияланады,
онымен
қоса
герпес
шанкрмен
салыстырғанда жиі қайталамалы болады. Еске сақтайтын нәрсе,
герпетикалық эрозия ұзақ уақыт ерінде тұрған жағдайда оның
негізінде инфильтративті тығыздалу пайда болады, бұл оны
біріншілік сифиломаның эрозиясымен ұқсас етеді.
Шанкриформды пиодермия
сирек
кездеседі, бірақ қатты
шанкрмен ажыратуда қиындық келтіреді. Ауруды стрептококк
шақырады. Жалқы эрозия немесе жиі жара пайда болады, ол
біріншілік сифиломаға ұқсас: дөңгелек пішінді, тығыз түбі мен
жиектері бар, аздаған серозды немесе серозды-іріңді бөлініс және
жиі мерездегідей ұқсас лимфаденит. Инфильтрат әрқашан
жараның шекарасынан шығып жатады. Ажырату диагностикасын
бозғылт трепонеманы анықтау үшін көп ретті жасалған
реакцияның теріс болуы, лимфа түйіндерінің пунктатында
трепонемалардың болмауы мен қайталамалы
қан зерттеулерінің
нәтижесінің теріс (Вассерман реакциясы) болуы шешеді.
Ерін мен ауыз кілегей қабатындағы жаралы шанкр ыдырап
келе жатқан қатерлі ісікті еске түсіреді. Бірақ, қалыптасқан
қатерлі жара біріншілік сифиломамен салыстырғанда, тереңірек
орналасады, оның шеттері өте тығыз, тегіс емес, желінген, түбі
тегіс емес және жеңіл қансырайды.
Қатерлі ісік салыстырмалы
жай дамиды және жиі егде тартқан адамдарда, ал шанкр –
жастарда болады. Ажырату диагностикасында басты орынды
лабораторлық зерттеулер алады – жараның жұғындысынан мерез
болса бозғылт трепонеманың, қатерлі ісік болса – қатерлі ісік
клеткаларының табылуы. Гуммозды жарада жиектері мен түбінің
тығыз инфильтраты болады, бірақ ондай анық емес.
Диагностиканы гуммозды тетіктің болуы мен серологиялық
реакиялардың нәтижесі жеңілдетеді.
Ауыз қуысының кілегей қабатының милиарлы жаралы
туберкулезінде
жаралар негізінен, көп, ауырсыну сезімін
шақырады, жиектері тегіс емес, олардың айналасында жиі сары
нүктелерді көруге болады (Трел нүктелері). Ауыз қуысының
жарақаттық эрозиясы мен жаралар мен афталар, көпіршектегі
эрозиялар қатты шанкрдан негізінде тығыздалудың болмауымен
ажыратылады.
Сонымен қоса, жарақаттық эрозия жарақаттың
себебін алып тастағаннан кейін тез жазылады.
Басқа ауруларда ауыз кілегейі мен ерінде пайда болатын
эрозиялар (қызыл жалпақ теміреткі, лейкоплакия, қызыл жегі)
шанкрдан негізінде тығыздалудың болмауымен және кілегей
қабатының сәйкес өзгерістермен сипатталады.
Демек, біріншілік мерез диагнозын біріншілік сифиломаның
клиникалық көріністері мен регионарлы лимфаденит, шанкр
бөлінісі мен регионарлы лимфатикалық түйіндердің пунктатынан
бозғылт трепонемалардың табылуы негізінде қойылады.
Маңызды зерттеулерге серологиялық реакциялар (біріншілік
серопозитивті кезеңде) мен науқастың ойынша жұқтыруы мүмкін
жыныстық байланысты зерттеу кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: