Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет278/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Еріндер сифиломасының
жиі орналасатын жері 
еріндердің қызыл жиегі есептеледі 
(142-сурет – а,б)
. Шанкр 
әдеттегі мөлшерде (0,5х0,5 см) және оның негізінде айқын
а
б 
 
142-сурет. Сифилистің біріншілік кезеңі:
а – төменгі еріннің қатты шанкрі; б – жоғарғы еріннің қатты шанкрі
 
білінетін гипертрофиялық инфильтратпен, алып түрде (1х1 см 
және одан да үлкен) болуы мүмкін. Эрозиялық немесе жаралы 
қатты шанкр жиірек қоңыр қабықпен жабылуы мүмкін.
Ауыз бұрыштарындағы біріншілік сифилома сызат түрінде 
болады.
Тіл
шанкрі
жиі оның арқасында (дорсальды бетінде) пайда 
болады, олардың түрі бойынша бірнеше нұсқаларға бөледі: 
– эрозиялық, жаралы
(жара табақша тәрізді тереңдетілген); 

саңалау тәрізді
(тілдегі сызат бойында, негізінде айқын 

тығыздалған, ұзартылған эрозия тәріздес); 
– склеротикалық 
(инфильтрат тілге терең енеді).
 


Таңдайдың, ұрттың ішкі бетінің, жұтқыншақтың артқы 
қабырғасының қатты шанкрі
өте сирек кездеседі, айқын 
білінетін шегі бар эрозия түрінде білінеді.
Ұрттың қатты шанкрі 2 түрлі болады: эрозиялық және 
жаралық. Олар ашық қызыл түсті және ұрттың вестибулярлы 
бетінен 1-2 тістің мойынға жақын жерінде жарты ай тәрізді 
пішінді болады.
Бадамша бездерде, суреттелген типті емес қатты шанкрмен 
қатар, әдеттегідей, тығыз негізі бар, эрозия немесе жара 
орналасуы да мүмкін. Қатты шанкрмен бірге аймақтық 
(регионарлы), қатты шанкр пайда болғаннан кейін 7-10 күннен 
соң пайда болатын, лимфаденит байқалады. Лимфатикалық 
түйіндер тобы (4-5) үлкееді.
Қатты шанкр пайда болғаннан кейінгі 2-3 апта бойына 
сифилиске бағышталған серологиялық реакция кешені (СРК) 
теріс мәнді болады – біріншілік 
серонегативті кезең.
Кейін ол оң 
мәнді болады – 
біріншілік серопозитивті
кезең. Осы кезде 
полиаденит
пайда болады: лимфатикалық түйіндердің барлық 
топтары (жақасты, қолтыасты, шынтақ) ұлдғаяды. Олар аймақтық 
лимфаденит сықылды ауырсынусыз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет