В тобының дәрумендерін көрсетіңіз тиамин, рибофлавин, пиридоксин



Дата08.06.2023
өлшемі95,7 Kb.
#178465
Байланысты:
Взаимосвязь стоматологических и соматических заболеваний тест2023


В тобының дәрумендерін көрсетіңіз.
тиамин, рибофлавин, пиридоксин
ретинол, цианкобаламин, никотинамид
биотин, аскорутин, кальцийферол
пиридоксин, цианобаламин, ретинол
филлохинон, тиамин, аскорутин


В2 дәруменінің атауы қандай?
рибофлавин
ретинол
тиамин
рутин
филлохинон


Цианкобаламин дәруменін көрсетіңіз.
В12
A
B1
B6
D


Пиридоксин дәруменін көрсетіңіз.
B6
B12
A
C
B1


Цианкобаламин дәрумені қатысады?
амин қышқылдардың синтезіне
эпителийдің түлеуіне
ақуызды ыдыратуға
кіреукенің минералдануына
тіс түбір ұшының қалыптасуына


В12 дәрумені қатысады?
гемопоэзге
сілекей бөлуге
дентиннің түзілуіне
өттің бөлінуіне
көмірсу тасмалына
Ретинол дәруменін көрсетіңіз.
A
B12
C
K
D


Тиамин дәруменін көрсетіңіз.
B1
B12
A
D
PP


Амин қышқылдарының синтезіне қатысатын дәрумен?
B12
A
C
D
B1


Гемопоэз стимуляторы болатын дәрумен?
B12
A
PP
D
B1


Аддисон Бирмер қаназдығы қай фактордың құрылмауы себебінен дамиды?
Кастль
Роттер
Шегрен
Юкхем
Дұрыс жауабы жоқ


Жасы 57-гі Н., есімді науқасты қарап тексергенде: тілдің екі бүйір бетінде, екі ұрттың шырышты қабығында, үлкен азу тістер тұсында ақшыл-сұр түсті, ұсақ, диаметрі 1,5-2,5мм папулалар анықталды, олар әртүлі торға ұқсас өрнекті сурет құрай орналасқан. Папулалар шырышты қабық бетінен сәл көтеріңкі орналасқан, айналасындағы тіндерде өзгеріс жоқ. Папулалардың бетін қырып байқағанда алынбайды. Суреттелген объективті көрініс төмендегі аурулардың қайсысына неғұрлым тән болуы мүмкін:
қызыл жалпақ теміретікі
көптүрлі жалқықты қызарма
жүйелі қызыл жегі
жазық лейкоплакия
созылмалы гиперпластикалық кандидоз


Дәрігер-стоматологқа 53 жастағы И., есімді әйел адам ауыз қуысындағы ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: сол жақ ұртында ауыратын, фибринді қақпен жабылған, айналасы ұсақ, ақшыл, топтасқан папулалармен өрнек құрай қоршалған эрозия анықталды.Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
қызыл жалпақ теміретікі
веррукозды лейкоплакия
жүйелі қызыл жегі
екіншілік сифилис
гиперпластикалық кандидоз


30 жастағы әйел қызыл иек қанағыштығына, жұтынғанда ауыратынына, дене қызуының 38,6 ° С дейін жоғарылағанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, сипағанда ауырады, қызыл иек бүртіктері некроздалған, зондпен шұқығанда қатты қанайды. Өліеттенген тіндер ретромолярлық аймақта және бадамшада анықталды. Қоршаған шырышты қабық бозарған, нүкте тәрізді петехиалық қанталаулар байқалады.Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші кезекте жүргізген дұрыс?
жалпы қан анализі
пцр диагностика
иммунды ферментті анализ
цитологиялық зерттеулер
бактериологиялық зерттеулер


Бұл ауру кезінде қанда лейкоциттер саны толассыз көбейіп, қан құрушы ағзалардан әлі жетілмеген жас жасушалардың бөлінуі және әртүрлі ағзаларда патологиялық қан құру ошақтарының пайда болуы анықталады. Қан құрамындағы мұндай өзгерістер қандай ауру кезінде орын алуы мүмкін? 
Жедел дамыған лейкоз
Агранулоцитоз
Вакез ауруы
Виллебрант ауруы
Верльгоф ауруы


С., есімді 32 жастағы науқас стоматологқа басының ауыратындығына, жалпы әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, тамағының және сол жақ төменгі азу тістер аймағындағы қызылиегінің қатты ауыратындығына, аузынан жағымсыз иіс шығатынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: аузының шырышты қабығы бозғылттанған, төменгі сол жақ азу тістер аймағындағы қызылиек, және бадамша бездер жабынды эпителийі өліеттенген бозғылт-сұр түсті, эрозиялы-жаралы ошақтар анықталды. Төмендегі алғашқы диагноздардың қайсысы сипатталған белгілерге сай келеді?
Агранулоцитоз
Жедел дамыған лейкоз
Гемофилия
Биллебрант ауруы
Тромбоцитопения


Стоматологқа жасы 61-гі Қ., есімді әйел адам тілінің ыстықпен күйдіріп алғандай ауыратындығына шағымданып келді. Бұл сезімдер бұдан бір жарым жыл бұрын тілінің ұшынан басталып, біртіндеп жайыла бастаған. Ас қабылдағанда ысып- күю көп байқалмайды. Қарап тексергенде: тілдің шырышты қабығы боз -қызғылт түсті, үстінде ақшыл сұр түсті қақ байқалады, тілдің астыңғы бетіндегі көк тамырлар кеңейген, айқын көрініп тұр. Тіл түбірінен, таңдайдан рефлекстер анықталмайды. Бұл ауруды патогенездік емдеуге төмендегі дәрілік заттардың қайсысын қолданған тиімді?
Нейромультивит
Аскорбин қышқылы
Ретинол ацетаты
Линкомицин
Никотинамид


55 жастағы ер адам стоматологқа таңдайында томпиған құрылым пайда болып, ыңғайсыздық туғызғанына шағымданып келді. Анемнезінен науқастың гипертония ауруымен ауыратыны анықталды. Қарап тексергенде : қатты таңдайында орта сызыққа жақын жарты шарға ұқсас ені 1,0 см қанды сұйықтыққа толы күлбіреуік бөрткен анықталды. Мақта анжымен сипап байқағанда оңай жарылып, біраз мөлшерде қою қан бөлінді және орнында эрозиялы ошақ пайда болды. Төмендегі диагноздардың қайсысына бұл клиникалық көрініс келеді?
Күлбіреуік -қантамыр синдромы
Ауыздың дәріден қабынуы, күлбіреуікті- эрозиялы түрі
Ыстықтан болған күйік, екінші дәрежесі
Буллезді пемфигоид
Тұрпайы күлбіреуікше


Жасы 50-гі әйел төменгі ернінің жиі –жиі тілініп және қанап мазалайтындығына шағымданып келді. Қарап тексергенде төменгі ерні аздап ісінген ерін жиегі аздаған қою- қызыл түсті. Орта бөлігінде терең тілік бар, жиектері қалыңдап инфильтраттанған, табаны ашық- қызыл түсті грануляциялық тінмен жабылған, беті сары-жасылдау түсті іріңді қақпен жабылған. Келтірілген диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық көрініс сай келеді?
стрептококтық тілік
микоздық тілік
мерездік тілік
лейкоплакиялық тілік
дұрыс жауабы жоқ


Ауыз қуысындағы өзгерістер: қызыл иек жиегі мен тіс аралық бүртіктердің, тіл түбірінің некрозы, тістер қозғалғыштығы, ерін мен жұмсақ таңдай шырышты қабаты қызарған, ісінген, некрозды қақпен жабылған. Бұл ауыр көрініс қай ауруға тән болуы мүмкін?
Созылмалы агранулоцитоз
Вакез ауруы
Асқазан қатерлі ісігі
Гемолитикалық анемия
Дұрыс жауабы жоқ


Сеттон афтасы қай жүйенің патологиясында пайда болады?
Ішек ас қорыту жүйесі
Жүрек қан тамыр жүйесі
Бүйрек зәр шығару жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Эндокринді жүйе


Ішек патологиясы кезінде болатын өзгеріс?
Сеттон афтасы
Берднар афтасы
Афтозды стоматит
Ангулярлы хейлит
Жедел пародонтит


Десквамативті Глесснер глосситі қай патология кезінде дамиды?
12 елі ішек жарасы
Бүйрек жеткіліксіздігі
Аддисон Бирмер ауруы
Булезды пемфигоид
Холецестит


Он екі елі ішек жарасы кезінде ауыз қуысындағы өзгерістер?
Глесснер глосситі
Сеттон афтасы
Ангулярлы хейлит
Афтозды стоматит
Барлық жауабы дұрыс


Пиридоксин витамині жеткіліксіздігі кезіндегі өзгеріс?
Ангулярлы хейлит
Пародонтит
Паракератоз
Афтозды стоматит
Дұрыс жауабы жоқ


В6 витамині жеткіліксіздігі кезіндегі өзгеріс?
Ангулярлы хейлит
Макроглоссит
Гингивит
Стоматит
Дерматит


В2 витаминнің жеткіліксіздігі кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер?
гиперемия, ксеростомия, ауыз бұрышы мен ерінде қатты ауыратын тіліктер, еріннің қызыл жиегінің қабыршақтануы
ауыз қуысы шрышты қабығында қан құйылуы және қызыл иек гиперплазиясы
ұртта қан құйылу ошақтары пайда болады
хейлит, тідің ісінуі
тістердің мойын бөлігінде сына тәрізді ақаулар пайда болады


Рибофловин витаминнің жеткіліксіздігі кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер?
гиперемия, ксеростомия, ауыз бұрышы мен ерінде қатты ауыратын тіліктер, еріннің қызыл жиегінің қабыршақтануы
ауыз қуысы шрышты қабығында қан құйылуы және қызыл иек гиперплазиясы
ұртта қатпарлар пайда болады
хейлит, тідің ісінуі
тістердің вестибулярлы бетінде эрозиялар пайда болады


Ауыз қуысындағы өзгерістер: гиперемия, ксеростомия, ауыз бұрышы мен ерінде қатты ауыратын тіліктер, еріннің қызыл жиегінің қабыршақтануы қай витаминнің жеткіліксіздігі кезінде байқалады?
В2
А
С
В1
В12


Науқастың ауыз қуысындағы өзгерістері: гиперемия, ксеростомия, ауыз бұрышы мен ерінде қатты ауыратын тіліктер, еріннің қызыл жиегінің қабыршақтануы қай витаминнің жеткіліксіздігі кезінде байқалады?
Рибофловин
Тиамин
Ретинол
Пиридоксин
Никотинамид


Ауыз қуысы шырышты қабатының парестезиясы қай витаминнің жеткіліксіздігі кезінде дамиды?
Тиамин
Ретинол
Пиридоксин
Цианкобаламин
Никотинамид


Тиамин витаминінің жеткіліксіздігі кезінде болатын өзгеріс?
Ауыз қуысы шырышты қабатының парестезиясы
Қызыл иек гиперплазиясы
Сілекей бездерінің атрофиясы
Жедел пародонтит
Дұрыс жауабы жоқ


Ауыз қуысы шырышты қабатының парестезиясы қай витаминнің жеткіліксіздігі кезінде дамиды?
В1
PP
K
C
A


В1 витаминінің жеткіліксіздігі кезінде болатын өзгеріс?
Ауыз қуысы шырышты қабатының парестезиясы
Қызыл иек гиперплазиясы
Сілекей бездерінің атрофиясы
Барлық жауап дұрыс
Дұрыс жауабы жоқ


Қан жүйесі ауруы кезінде болатын ауыз қуысындағы өзгерістер?
ауыз қуысы шрышты қабығында қан құйылуы және қызыл иек гиперплазиясы
ұртта қатпарлар пайда болады
хейлит, тідің ісінуі
глоссит
тістердің вестибулярлы бетінде эрозия пайда болады


Қай витаминнің жетіспеушілігі кезінде қызыл иектің шырышты қабығының жоғары қан кетуімен, геморрагиялық диатезбен, жара-некротикалық процестермен көрінеді. Тістің қозғалуы мен түсуі байқалады. Ауыз қуысында-ауыр геморрагиялық гингивит орын алады?
С
Цианкобаломин
Рибофлавин
PP
D


Бұл витаминнің жеткіліксіздігі триада ретінде көрінеді: дерматит, хейлит, глоссит
Рибофлавин
Цианкобаломин
Ретинол
PP
A


Жедел гастрит кезінде тілдегі өзгерістер?
тілдің ұшы мен бүйір бөлігінен басқа жерлері сұр қалың қақпен жабылған, тіл ісінген, құрғақ, қышқыл және ащы дәм сезіледі
ақ-сары түсті қақ, жіп және саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер ұлғайған, тәтті дәм сезіледі
қара түкті тіл, мүлдем дәм сезу қызметі бұзылған
қоңыр түсті қақ, саңырауқұлақты бүртіктер жойылған ыстыққа қатты ауру сезім пайда болады
тілдің беті түгел эпителий қалдықтарынан, шырыштан, микрофлорадан және көп көлемде лейкоциттерден тұратын тығыз ақ қақпен жабылған


Тілдің ұшы мен бүйір бөлігінен басқа жерлері сұр қалың қақпен жабылған, тіл ісінген, құрғақ.Қышқыл және ащы дәм сезіледі.Бұл тән?
Жедел гастрит
Асқазан қатерлі ісігі
Панкреатит
Энтероколит
Вакез ауруы


Организмге судың жетіспеуі, ұрт шырышты қабатының ісінуі, тілде тістердің ізі қалуы,тіл арқасының қалың сұр-сары қақпен жабылуы. Ауыз қуысында жиектері тегіс емес эрозиялардың пайда болуы.Бұл көрініс тән?
Энтероколит
Асқазан қатерлі ісігі
Панкреатит
Бауыр циррозы
Вакез ауруы


Асқазан қатерлі ісігі кезінде тілдегі болатын өзгеріс?
Тілдің беті түгел эпителий қалдықтарынан, шырыштан, микрофлорадан,көп көлемде лейкоциттерден тұратын тығыз ақ қақпен жабылған
ақ-сары түсті қақ, жіп және саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер ұлғайған
ақ түсті қақ, ошақты бүртіктер жойылған, ашып ауырады
қара түкті тіл, мүлдем дәм сезу қызметі бұзылған
қоңыр түсті қақ, саңырауқұлақты бүртіктер жойылған ыстыққа қатты ауру сезм пайа болады


Тілдің беті түгел эпителий қалдықтарынан, шырыштан, микрофлорадан және көп көлемде лейкоциттерден тұратын тығыз ақ қақпен жабылған.Бұл көрініс тән?
Асқазан қатерлі ісігі
Жүрек жетіспушілігі
Бүйрек жетіспеушілігі
Вакез ауруы
Бери-бери ауруы


Панкреатит кезінде тілдегі өзгерістер?
ақ-сары түсті қақ, жіп және саңырауқұлақ тәрізді бүртіктер ұлғайған
ақ түсті қақ, ошақты бүртіктер жойылған
қара түкті тіл
қоңыр түсті қақ, саңырауқұлақты бүртіктер жойылған
тіл ал қызыл жылтыр


Науқастарда теріде қышу сезімі , сүйектерде ауыру сезімі, тері және кілегей қабатының түсінің өзгеруі байқалады. Ауыз қуысында жұмсақ және қатты таңдайдың түсінің бозғылттануы, цианоз, еріндердің ұрттың түсі шие түсті , тіл беті ақшыл қызыл болады . Бұл көріністер қай ауруға тән?
Вакез ауруы
Темір тапшылықты анемия
Аддисон Бирмер ауруы
Гипопаратиреоз
Дұрыс жауабы жоқ


Науқастың шағымы: теріде қышу сезімі , сүйектерде ауыру сезімі, тері және кілегей қабатының түсінің өзгеруі.Қарап тексергенде:ауыз қуысында жұмсақ және қатты таңдайдың түсінің бозғылттануы , цианоз ; еріндердің ұрттың түсі шие түсті , тіл беті ақшыл қызыл . Бұл көріністер қай ауруға тән?
полицитемия
пернициозды анемия
гипотириоз
лейкоз
агранулоцитоз


Аддисон Бирмер сырқатының синдромы?
Меллер Хантер глосситі
Түкті тіл
Қатпарлы тіл
Кокарда
Эксфоиативті хейлит


Меллер Хантер глосситі аурудың алғашқы синдромы болады.
пернициозды анемия
қант диабеті
гипотириоз
лейкоз
агранулоцитоз


В 12 втаминінің жетіспеушлігі кезінде туындайтын ауру?
пернициозды анемия
қант диабеті
гипотириоз
лейкоз
агранулоцитоз


Кастль факторының құрылмауы қандай аурудың дамуына әсер етеді?
пернициозды анемия
қант диабеті
гипотириоз
лейкоз
агранулоцитоз


Бұл ауруға тілдегі өзгерістер тән.Тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің атрофия нәтижесінде тіл беті тегіс, жылтыр (лакированный язык) болады.Көпіршіктер,эрозиялар,жарықтар, бөлек петехиялар десквамация ошақтары анықталады .
Пернициозды анемия
Темір тапшылықты анемия
Қызыл жегі
Полицитемия
Қызыл жалпақ теміреткі


Осы ауруға тілдегі өзгерістер тән .Тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің атрофия нәтижесінде тіл беті тегіс , жылтыр болады Көпіршіктер ,эрозиялар ,жарықтар , бөлек петехиялар десквамация ошақтары анықталады
Аддисон Бирмер ауруы
Темір тапшылықты анемия
Гипопаратиреоз
Полицитемия
Дұрыс жауабы жоқ


Бұл аурудың көбінесе біріншілік белгілері ауыз қуысында көрінеді (құрғақтық , дәм сезудің бұзылыстары ).
Аддисон Бирмер ауруы
Темір тапшылықты анемия
Гипопаратиреоз
Полицитемия
Дұрыс жауабы жоқ


Ауыз қуысында : ерін ,ұрт, қатты және жұмсақ таңдайдың кілегей қабатының түсінің бозаруы байқалады . Тілде елеулі өзгерістерді байқауға болады : жіп және саңырауқұлақ тәрізді бүртіктердің атрофиясы , әсіресе тіл ұшында және бүйірінде көрінеді , ал тіл арқасында қызыл сызықтар , дұрыс емес пішіндегі дақтар анықталады . Ауыз бұрышында ұзақ жазылмайтын жарықтар (заедалар) кездеседі . Кейбір науқастарда тілдің қатпарлануы , пародонттың қабынуы көрініс береді .Бұл көріністер қай кезде байқалады?
Темір тапшылықты анемия
Аддисон-бирмер ауруы
Қант диабеті
Полицитемия
Дұрыс жауабы жоқ


Гиперпаратиреоз кезінде жақ сүйектерінде пайда болатын өзгерістер ?
Альвеолярлы қалқанның сорылуы, котикальды пластинаның жұқаруы
Альвеоярлы қалқанның қалыңдауы, тіс түбірінің дамымуы
Кортикальды пластинаның сорылып кетуі
Жақ сүйектерінде еш өзгеріс байқалмайды
Дұрыс жауабы жоқ


Бұл ауру кезінде альвеолярлық қалқанның сорылуы мен кортикальды пластинканың жұқаруы дамиды?
Гиперпаратиреоз
Тиреотоксикоз
Қант диабеті
Бүйрек жетіспеушілігі
Гипопаратиреоз


Гиперпаратиреоз кезінде пайда болады?
Эпулид
Абсцсс
Флегмона
Гингивит
Каронорит


Қай ауру кезінде тұрақты тістерде гипоплазия дамиды?
Гипопаратиреоз
Гипотиреоз
Тиреотоксикоз
Қант диабеті
Бүйрек жетіспеушілігі


Тиреоидэктомия кезінде қалқаншамаңы бездерін алып тастау немесе осы бездердің гипофункциясы нәтижесінде тістерде пайда болатын өзгерістер?
Тұрақты тістерде гипоплазия дамиды
Тұрақты тістерде флюороз дамиды
Уақытша тістерде флюороз дамиды
Уақытша тістер ерте жарып шығады
Тістердің сауыт бөлігі дөңестенеді


Бұл ауру кезінде ренгенолоиялық өзгерістер: әр түрлі дәрежедегі альвеолярлы сүйектің диффузды остеопарозы және атрофиясы көрінеді.
Қант диабеті
Гипотиреоз
Тиреотоксикоз
Бүйрек жетіспеушілігі
Аддисон- бирмер сырқаты


Ксеростомия қай аурудың симптомы?
Қант диабеті
Гипотиреоз
Тиреотоксикоз
Бүйрек жетіспеушілігі
Аддисон- бирмер сырқаты


Бұл ауруға шалдыққан науқастарда пайда болатын симптомдардың бірі- ксеротомия, онымен қоса сусамыр қалыптасады.
Қант диабеті
Гипотиреоз
Тиреотоксикоз
Бүйрек жетіспеушілігі
Аддисон- бирмер сырқаты


Бұл сырқат кезінде бет құрылысы гормониясының бұзылысы және патологиялық тістем дамиды. Бет қаңқасының дамуының бұзылысы жүретіндіктен: кеңсірік нәрестенікіндей дамымаған, жалпақ болады, көздер арасы кең болады. Тіл ұлғайып, дәм сезу бұзылыстары дамиды.
Гипотиреоз
Тиреотоксикоз
Қант диабеті
Бүйрек жетіспеушілігі
Адисон- бирмер сырқаты


Қай ауру кезінде меланиннің жасушаларда жиналып, шырышты қабаттың пигментациясы жүреді?
Иценко-кушинг ауруы
Жүрек қан тамыр жетіспеушілігі
Қант диабеті
Лейкоз
Аддисон- бирмер ауруы


Аддисон ауруы қай эндокринді жүйе қызметінің бұзылунан пайда болады?
Бүйрек үсті безі
Қалқанша безі
Ұйқы безі
Гипоталамус
Дұрыс жауабы жоқ


Иценко-кушинг ауруы қай жүйенің бұзылысы кезінде дамиды?
Гипофиз
Қан тамыр
Ұйқы безі
Қалқанша безі
Бүйрек


Бұл патология кезінде бет сүйектерінің остеопарозы, пародонтта дистрофиялық және қабынулық өзгерістер болады. Тістің қатты тіндерінің құрылысы бұзылады: кіреуке түсінің өзгеруі, тістер сынғыштығы мен қажалуы, ұлпада дентиклдердің пайда болуы мен тіс қуысының облитерациясы жүреді. Шырышты қабаттарда трофикалық өзгерістер байқалады: ісіну,цианоз, трофикалық эрозиялар,жаралар.
Иценко-кушинг ауруы
Жүрек қан тамыр жетіспеушілігі
Қант диабеті
Лейкоз
Аддисон бирмер ауруы


Қай патология кезінде тіс жақ аппаратындағы өзгерістер дамиды, әсіресе тістердің физиологиялық жарып шығуының үш белгісі өзгереді: уақыты, қосарлығы, бірізділігі. Бұл көріністер әсіресе тұрақты тістемде көрінеді.
Гипофизарлы нанизм
Иценко-кушинг ауруы
Қант диабеті
Гипофиздің эозенофильді аденомасы
Адисон- бирмер ауруы


Қай патологиялық үрдіс кезінде тістер түбірінің дамуы тездейді, түбір ұшының гиперцементозы көрініс береді.Тұрақты тістердің ұрықтарының дамуы жылдамдайды, уақытынан ерте шығып, тіс доғасының көлемі ұлғаяды. 
Гипофиздің эозенофильді аденомасы
Гипофизарлы нанизм
Иценко-кушинг ауруы
Альцгеймер ауруы
Бери-бери ауруы


Гипофиздің эозинофильді аденомасы немесе гипофизбен соматолибериннің көп бөлінуі кезінде тісте болатын өзгерістер?
Тістер түбірінің дамуы тездейді, түбір ұшының гиперцементозы
Тістер түбірінің дамуы баяулайды, кіреуке күңгірттенеді
Тістердің мойын бөлігінде сына тәрізді ақаулар пайда болады
Тістердің жарып шығу уақыты баяулайды
Дұрыс жауап жоқ


Бери – бери ауруы белгілі бір дәруменнің тапшылығы әсерінен дамиды және көптеген нервтердің қабынуымен (полиневрит), нерв тармақтары бойымен қатты ауру сезімінің пайда болуымен, жеке бұлшықеттер салдануымен сипатталады. Бұл ауруды туындататын қандай дәрумен тапшылығы.
В1
В12
В2
А
С


Пеллагра қандай витаминнің тапшылығы кезінде дамиды.
никотин қышқылының
аскорбин қышқылының
фолий қышқылының
цианкобаламиннің
токоферол ацетатының


РР витамині тапшылығы кезінде дамитын ауру қалай аталады.
пеллагра
Аддисон Бирмер
гемарагиялық анемия
подагра
рахит


Дәрумен жетіспеушілігінің ең алғашқы белгісі тілдің күйіп және шаншып ауруы. Бұл кезде тіл шырышты қабығының түсі өзгере қойған жоқ, тек ұшының ғана қызарғаны байқалады. Бұл көрініс қандай дәрумен жетіспеушілігі кезінде орын алуы мүмкін.
В12витамині жетіспеушілігі
В1 витамині жетіспеушілігі
В2 витаині жетіспеушілігі
Е витамині жетіспеушілігі
С витамині жетіспеушілігі


Жасы 34-і жігіт вирустық гепатиттің ауыр түрімен ауырған , салмағын жоғалтқан. Дәрігер стоматологқа екі езуінде тіліктер пайда болғанына, ерін жиектерінің құрғап , қабыршақтанатынына шағымданып келді. Қарап тексергенде мұрын- ерін қатпарлары қабықшалармен жабылған, терісі түлеуге ұшыраған, ашық-қызыл түсті, жіпке ұқсас бүртіктері семген, тіл кілегейлі қабығы ашық-қызыл түсті, ұрттар кілегейлі қабығында ашық-қызыл түсті жолақтар орын алған. Төмендегі алғашқы диагноздардың қайсысы сипатталған көрініске сай келеді.
В2 витамин жетіспеушілігі
В12 витамині жетіспеушілігі
В1 витамині жетіспеушілігі
А витамині жетіспеушілігі
В6 витамині жетіспеушілігі


Адиссон Бирмер анемиясы организмде қай дәруменнің жетіспеушілігінен дамиды:
цианкобаламинің
аскорбин қышқылының
тиамин бромидінің
пиридоксиннің
фолий қышқылының


Бұл ауру кезінде қан түйіршіктерін қан құрумен байланысты емес ағзалардың ретикулярлық клеткалары құрады. Бұл қасиет қан ауруларының қайсысына тән:
созылмалы лейкоз
жедел дамыған лейкоз
талассемия
гемолиздеуші анемия
дұрыс жауабы жоқ


Қай дәруменнің жетіспеушілігіне ауыз қуысынеың шырышты қабықтың және терінің құрғақтығы, гипосаливация, мүйізгектенудің жоғарылауы тән:
а витамині
р витамині
рр витамині
с витамині
в12 витамині


Жасы 52-дегі ер кісі аузының құрғауына ысып-күю сезіміне, жиі шөлдеуіне , аузында тәтті дәм сезілуіне, қызылиегінің қанағыштығына шағымданып келді. Бүгінге дейін ешқандай дәрі қабылдамаған. Қарап тексергенде: ауыз қуысының шырышты қабығы от-қызыл түсті, құрғақ. Тілдің үстіндегі жіпке ұқсас бүртіктері семіп жойылған. Екі езуінде шамалы ылғалданған эрозия ошақтары, нәзік жұқа қабықшаларымен жабылған. Қызылиегінің кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, тереңдігі 5мм пародонт қалталары бар. Пациенттің бойында қандай негізгі ауру болуы мүмкін:
қант диабеті
тиреотоксикоз
гипотиреоидизм
в12 жетіспеушілік анемиясы
в1 витаминінің жетіспеушілігі


49 жастағы әйел адам ауызындағы күю сезіміне, дәм сезудің төмендегеніне шағымданады. Соңғы уақытта тез ашуланатынын, тершеңдігін, ентігетінін тез шаршайтындығын айтады. Қарап тексергенде: бет және қол терісі дымқыл. Ауыздың шырышты қабығы боз, ісінген. Жоғарғы алдыңғы тістерінің вестибулярлы бетінде – тегіс сопақ пішінді табаны тығыз пигменттелген ақаулар анықталды.Пациенттің бойында қандай негізгі ауру болуы неғұрлым ықтимал:
тиреотоксикоз
қант диабеті
гипотиреоз
В12 жетіспеушілік анемиясы
созылмалы жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі


Төменде аталған препараттардың қайсысын жарақаттық зақымдану кезінде қолданылатынын таңда?
А витаминінің майдағы ерітіндісі
Нистатин
Преднизалон
Солкосерил
Ацикловир


56 жастағы ер адам ауыз қуысының құрғауына, көзінің құрғап бөгде зат түсіп кеткендей сезім беретіндігіне, кешкі уақытта көзінің нашар көретіндігіне шағымданады. Қарап тексергенде бет терісі құрғақ, көздерінің шырышты қабығы құрғаған. Төмендегі берілген витаминдердің қайсысының жетіспеушілігі?
А витамині
В1 витамині
В12 витамині
В6 витамині
Е витамині


Тілдің ісінуі және тілдің бүйір бетінде тістердің ізі қалуы төменде көрсетілген қай ішкі ағзаның патологиясының қайсысына тән?
Ішек
Өкпе
Бүйрек үсті безі
Өңеш
Ұйқы безі


Жасы 58-дегі әйел кісі тілінің кұрғауына, ысып-күйіп мазалайтынына шағымданады. Жарты жыл бұрын асказанның бір бөлігі қатерлі ісікпен резекцияланған. Дәрі-дәрмекті сирек қабылдайды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының күтімі нашар, шырышты қабығы бозғылт. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтыраған ақшыл-қызыл түсті жабынды эпителийі жұқарған.Төмендегі қай витаминдердің жетіспеушілігі осы патологияның туындауына себепкер болуы мүмкін?
В12
А
Е
В1
РР


Эпителий жасушаларының пролиферациясы мен дифференцировкасын реттеу үшін қолданылады:
ретинол
солкосерил
хемотрипсин
фурацилин
никотинамид


Бұл витаминді тіндердің регенерациясында, қанның ұюында, стероидты гормондардың түзілуінде, коллаген, антиденелердің синтезінде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар фагоцитоз қызметін қалыптандыруға ықпал етеді :
аскорбин қышқылы
цианокобаламин
эргокальциферол
токоферол ацетат
ретинол


Жүрекқантамырлар ауруларыпатологиясының қай түрінде трофикалық жарапайдаболып ауыз қуысыныңжұмсақтіндерін зақымдап өлеттенген жаралар болады?
Жүрек -қан тамыр,жүрек-өкпе жетіспеушілігі
гипертониялық криз
стенокардия
инфаркт миокарда
гипотония


59 жастағы әйел адам ауыз қуысың санациялау мақсатында келген. Денсаулығын жақсы деп есептейді. Қарап тексергенде: тері қабаты боз, беті, ерні, қабағы,тілі ісінген. Тілдің бүйірінде тістердің ізі қалған. Науқас әлсіз баяу қимылдайды. Науқаста төменде берілген патологиялық үрдістің қайсысы болуы мүмкін? 
гипотериоз
қант диабеті
созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
темір жетіспеушілік анемиясы
жүрек - қан тамырлар жетіспеушілігі


Аскорбин қышқылы тапшылығы кезіндегі клиникалық көрністерге, тек біреуінен баскасының барлығы жатады:
ауыз қуысында ақ дақтардың пайда болуы
ауыз қуысының шырышты қабығына қан құйылуы
ауыздың шырышты қабығының қызаруы мен ісінуі
аурудың кенеттен басталуы
әлсіздік, тез шаршағыштық


Тілдің өңезденуі қай жүйе ауруларының белгілерінің бірі болып табылады:
асказан-ішек жолдары
жүрек-қантамыр жүйесі
жүйке жүйесі
эндокринді жүйе
гиповитаминоз


Аскорбин қышқылы тапшылығы кезінде қандай сынаманы жүргізу қажет:
Роттер
Шиллер-Писарев
Ясиновский
Айнамо
Федоров-Володкина


Қандай жүйенің патологиясы кезінде ауыз қуысы шырышты қабығында қан құйылуы және қызыл иек гиперплазиясы жиі кездеседі?
қан жүйесі ауруы
жүйке жүйе ауруы
эндокринді жүйе ауруы
жүрек қан тамыр жүйесі
жүрек өкпе жүйесі


Қант диабеті кезінде альвеола өсіндісінде қандай рентгендік өзгерістер байқалады:
Шұңқырға ұқсап бұзылуы
Сүйек тінінің склероздануы
Сүйек тінінде өзгеріс жоқ
Сүйек тінінің фиброздануы
Сүйек тінінің қарқынды ыдырауы


Қантамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін қатайтатын дәрілік препараттар:
аскорбин қышқылы, аскорутин
Кальций хлориді , викасол
А және Е витаминінің майлы ерітінділері
кальциферол, тиамин
В12, кальций пантотенаты


Төмендегі препараттардың біреуінен басқасы кератопластикалық қасиеттерге ие:
РР витамині
ретинолдың майлы ерітіндісі
итмұрын майы
каротолин
шырғанақ майы


48 жастағы ер адам ауыз қуысының кебуіне, көзіне бөгде зат түсіп кеткендей сезім беретіндігіне, кеш батқанда көзінің нашар көретіндігіне шағымданып дәрігерге келді. Қарап тексергенде бет терісі құрғақ, көздерінің шырыты қабығыда құрғаған, тырнақтарында ақ түсті жолақтар бар. Анамнезінде науқастың сары түсті жемістерге, көкөністерге аллергиясы бар екені анықталды. Төмендегі келтірілген дәрумендердің қайсысының жетіспеушілігі орын алған?
А
В1
В12
С
РР


Науқас еріндегі ұзақ жазылмайтын жараға шағымдануымен түсті, жарақаттық жарамен бір ай бойы ем жүргізді (физиоем, А мен Е витаминдерімен аппликация), бірақ жазылу байқалмайды. Дұрыс диагноз қою үшін қосымша зерттеу әдісін таңдаңыз
биопсия
серологиялық зерттеу
биохимиялық қан тексерісі
люминесцентті диагностика
цитологиялық зерттеу


Аллергиялық стоматиттерді жалпы емдеу үшін қолданылатын препараттар:
антигистаминді
вирусқа қарсы
антибиотиктер
өт айдаушы
ферментер


Төменде аталған препараттардың ішінен жарақаттық зақымдану кезінде қолданылатын препаратты таңда?
А витаминінің майдағы ерітіндісі
Нистатин
Преднизалон
Линкомицин
Барлығы дұрыс


55 жастағы ер адам ауыз ішінің құрғауына, көзінің құрғап бөгде зат түсіп кеткендей сезім болатынына, қараңғы болғанда көзінің нашар көретіндігіне шағымданып келді. Қарап тексергенде бет терісі құрғақ, көздерінің кілегейлі қабығыда құрғаған, тырнақтарында ақ түсті күңгірт жолақтар бар. Төмендегі келтірілген витаминдердің қайсысының жетіспеушілігі орын алған?
А витамині
В1 витамині
В12 витамині
С витамині
РР витамині


Тілдің ісінуі және тілдің бүйір бетінде тістердің ізі қалуы төменде көрсетілген қай ішкі ағзаның патологиясына неғұрлым тән?
Ішек
Бауыр
Асқазан
Өңеш
Бүйрек безі


Жасы 57-дегі ер адам тілінің кұрғауына, ысып-күйіп мазалайтынына шағымданады. Жарты жыл бұрын асказанның бөлігі қатерлі ісікпен резекцияланған. Дәрі-дәрмекті сирек қабылдайды. Қарап тексергенде: ауыз іші күтімі нашар, кілегей қабығы бозғылттанған. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтыраған ақшыл-қызыл түсті жабынды эпителий жұқарған.Төмендегі қай витаминдердің жетіспеушілігі осы патологияның туындауына неғұрлым себепкер?
« В12»
«А»
«Е»
«С»
« РР»


Эпителиидің клеткаларының пролиферациясы мен дифференцировкасын реттеу үшін қолданылады:
А витамины
солкосерил
трипсин
фурацилин
йод


Бұл витаминді тіндердің регенерациясында, қанның ұюында, стероидты гормондардың түзілуінде, коллаген синтезінде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар антиденелердің синтезіне, фагоцитоз қызметін қалыптандыруға ықпал етеді :
аскорбин қышқылы (вит. С)
цианокобаламин (вит. В 12)
эргокальциферол (вит. Д 2)
токоферол ацетат (вит. Е)
ретинол (вит А)


Бұл дәрумендерді тіндердің регенерациясында, қанның ұюында, стероидты гормондардың түзілуінде, коллаген синтезінде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар антиденелердің синтезіне, фагоцитоз қызметін қалыптандыруға ықпал етеді :
аскорбин қышқылы 
ретинол
токоферол ацетат
эргокальциферол
пиридоксин


Жүрек - қан тамырлар аурулары патологиясының қай түрінде трофикалық жара пайда болып, ауыз қуысының жұмсақ тіндерін зақымдап некроздалған жаралар пайда болады?
жүрек - қан тамыр, жүрек-өкпе жетіспеушілігі
стенокардия
гипертониялық криз
миокард инфарктісі
гипотония


Стоматологиялық емханаға 56 жастағы әйел адам ауыз қуысың санациялау мақсатында келді. Қарап тексергенде: тері қабаты бозарған, беті ісінген, ерні, қабағы ісінген. Тілі ісінген. Бүйірінен тістердің ізі қалған. Науқас әлсіз жәй қимылдайды. Науқаста төменде берілген патологиялық үрдістің қайсысы болуы мүмкін?
гипотериоз
панкреатит
пиолонефрит
анемиясы
Жүрек - қан тамырлар жетіспеушілігі


С гиповитаминозы кезіндегі клиникалық көрністерге, тек біреуінен баскасының барлығы жатады:
ауыз қуысында көпіршіктердің, эрозиялардың шығуы
тез шаршау, әлсіздік
аурудың кенеттен басталуы
ауыздың шырышты қабығының қызаруы мен ісінуі
ауыз қуысының шырышты қабығына қан құйылуы


Тілде өңездің (қақтануы) пайда болуы қай жүйе ауруларының белгілерінің бірі болып табылады:
асказан-ішек жолдары
жүрек-қантамыр жүйесі
қан ауруларының
жүйке жүйе
авитаминоз


Қандай жүйенің патологиясы кезінде ауыз қуысы кілегей қабығында қан құйылуы және қызыл иек гиперплазиясы неғұрлым жиі кездеседі?
қан жүйесі ауруы
асказан ішек жолы ауруы
несеп шығару ауруы
жүрек қан тамыр жүйесі
тыныс алу жүйесі


Ауыз қуысында кілегей қабығында пайда болған күлбіреуік қантамыр синдромы қантамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі және үзілгіштігінің жоғарылауы кезінде орын алатындықтан диагностикалық өте маңызды симптом болып табылады.Осы симптом қандай ару кезінде ауыз кілегей қабығында пайда болады
Гипертониялық ауруы
Гипотония
Лейкоз
Анемия
Верльгоф ауруы


Күлбіреуікті қантамыр синдромы кезінде ауыз кілегей қабығында күлбіреуіктердің пайда болу себептері
Қантамырларының өткізгіштігінің жоғарылауы және қабырғаларының үзілгіштігі
Протезбен жарақаттау
Тістің өткір қырымен жарақаттау
Анемия
Базальді жарғақтың құрылымының бұзылуы


Ауыз қуысы және еріннің қызыл жиегі ауруларын диагностикалағанда төмендегі әдістердің қайсысы неғұрлым тиімді?
люминистентік диагностика
биохимиялық
иммунологиялық
микробиологиялық
цитологиялық зерттеу


Осы препараттардың біреуінен басқасы кератопластикалық қасиеттерге ие:
уротропин
А–витаминінің майлы ерітіндісі
аевит
Е витаминінің майлы ерітіндісі
шырғанақ майы


Осы аурудың дамуында Кастль факторының құрылмауы маңызды рөл атқарады?
Аддисона-Бирмер анемиясы
панкреатит
аскорбин қышқылының тапшылығы
анемия
агранулоцитоз


Ауыздың қайталама афталы қабынуы кезінде жарақат ошақтарын дәрілер ерітінділерімен реттілік сақтап өндейді:
анестетиктер,антисептиктер,ферменттер,кератопластиктер
анестетиктер, қабынуға қарсы, кератолитиктер
анестетиктер мен ферменттер
анестетиктер,ферменттер,антисептиктер
антигистаминдік препараттар,керотопластиктер


Ауыздың созылмалы қайталамалы герпестік қабынуы кезінде бөрткендер жиі орналасатын ауыз іші аймағы:
ұрттар кілегейлі қабығы, жұмсақ таңдай
ауыспалы қатпар
жабынды эпителийдің мүйізгектенетін аймағы
ауыз қуысының түбі
бадамша бездер


45 жастағы әйел көзінің құрғап шаң, тозаң, шөп түсіп кеткендей сезім беретіндігіне,ауыз ішінің құрғауына, кеш батқанда көзінің нашар көретіндігіне шағымданып келді. Қарап тексергенде бет терісі құрғақ, көздерінің кілегейлі қабығыда құрғаған, жас азбөлінеді. Науқастың сары түсті жемістерге мен көкөністерге аллергиясы бар екен. Сондықтан оларды жемейді. Төмендегі келтірілген витаминдердің қайсысының жетіспеушілігі орын алған?
А витамині
В1 витамині
В12 витамині
Д3 витамині
К витамині


Жоғарғы концентрациялы қышқылдың әсері ауыз кілегейлі қабығының жарақаттануына әкеліп соғады. Бұл кезде қандай патологиялық үрдіс орын алады.
коагуляциялық өліеттену
колликвациялық өліеттену
ауыздың аллергиялық қабынуы
гальванизм
ауыздың өліеттеніп-жаралана қабынуы


Бери Бери ауруы белгілі бір витмаиннің тапшылығы әсерінен дамиды және көптеген нервтердің қабынуымен, нерв тармақтары бойымен қатты ауру сезімінің пайда болуымен, жеке бұлшықеттер табанының салдануымен сипатталады. Бұл ауруды туындататын қандай витамин тапшылығы.
В1 витамині жетіспеушілігі
В12 витамині жетіспеушілігі
А витамині жетіспеушілігі
РР витамині жетіспеушілігі
Д витамині жетіспеушілігі


Қандай витаминнің тапшылығы кезінде Пеллагра ауруы дамиды.
РР
А
Д
С
К


Никотин қышқылының тапшылығы кезінде дамитын ауру қалай аталады.
пеллагра
скорбут
подагра
рахит
барлығы дұрыс


Витамин жетіспеушілігінің ең алғашқы белгісі тілдің күйіп және шаншып ауруы. Бұл кезде тіл кілегейлі қабығының түсі өзгере қойған жоқ, тек ұшының ғана қызарғаны байқалады. Бұл көрініс қандай витмин жетіспеушілігі кезінде орын алуы мүмкін.
В12 витамині жетіспеушілігі
В1 витамині жетіспеушілігі
В2 витаині жетіспеушілігі
А витамині жетіспеушілігі
РР витамині жетіспеушілігі


Пациент вирустық гепатиттің ауыр түрімен ауырған , салмақ жоғалтқан. Дәрігер стоматологқа екі езуінде тіліктер пайда болғанына, ерін жиектерінің құрғап , қабыршақтанатынына шағымданып келді. Қарап тексергенде мұрын- ерін қатпарлары қабықшалармен жабылған, терісі түлеуге ұшыраған, ашық-қызыл түсті, жіпке ұқсас бүртіктері семген, тіл кілегейлі қабығы ашық-қызыл түсті, ұрттар кілегейлі қабығында ашық-қызыл түсті жолақтар орын алған. Төмендегі алғашқы диагноздардың қайсысы сипатталған көрініске сай келеді
В2 гиповитаминозы
К гиповитаминозы
А гиповитаминозы
С гиповитаминозы
Д гиповитаминозы


Дәріден дамыған аллергияны анықтау үшін тиімді тексеру әдісі.
ауру анамнезін жинау
қарап тексеру
терілік сынамалар
жасушалық тесттер
серологиялық зерттеулер


53 жастағы әйел кісі аузының жиі кебуіне, ауыз ішінің ысып-күйіп және қызып мазалайтынына, қызыл иегінің қанағыштығына, сыздап ауыратындығына шағымданады. Ешқандай дәрілік заттар қабылдамаған. Қарап тексергенде: ауыз кілегейлі қабаты құрғақ, от жалыны түстес, тілдің үстіндегі бүртіктері жойылып беті тегістелген. Екі езуде беттері құрғақ қабыршақтармен жабылған терең емес тіліктер анықталады. Қызылиегі қызыл-қошқыл түстеніп қатты домбыққан, тереңдігі 4-5мм пародонтальдық қалталар анықталады. Науқаста төмендегі фондық аурулардың қайсысы болуы мүмкін?
қант диабеті
В1 дәруменінің жетіспеушілігі
тиеротоксикоз
гипертониялық ауру
темір тапшылықты анемиясы


Қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы жаралы түрі, қант диабеті және гипертония ауруы қатар дамыған науқастарда ауыр ағымға ие болады және эрозиялармен жаралар ұзақ уақыт жазылмайды. Аталған ауру симптомдарының кешені қалай аталады:
Гриншпан синдромы
Бехчет синдромы
Стивенс- Джонсон синдромы
Мелькерсон- Розенталь синдромы
Лайелл синдромы


Ауруға 3 симптомдық кешен тән:ауыз кілегейлі қабығына,жыныс ағзалары,көздің конъюктивасына афталы бөрткендер шығады.Бұл жарақаттар кешені қандай ауру кезінде орын алады:
Бехчет синдромы
Сеттон афтасы
Турен афтозы
Микулич афтасы
Бернар афтасы


Адиссон – Бирмер анемиясы организмде қай витаминнің жетіспеушілігінен дамиды:
цианкобаламинің
аскорбин қышқылының
тиамин бромидінің
пиридоксиннің
фолий қышқылының


Осы ауру кезінде қан түйіршіктерін қан құрумен байланысты емес ағзалардың ретикулярлық жасушалары құрады. Бұл қасиет қан ауруларының қайсысына неғұрлым тән:
созылмалы лейкоз
жедел лейкоз
анемия
гемолиздеуші анемия
двс – синдромы


Милькерсон-Розенталь синдромына үш симптом тән: бет нервісінің жартылай салдануы (парез), еріннің көлемінің ұдғаюы (макрохейлия) және үшінші симптомды атаңыз:
қатпарлы тіл
қант диабеті
есту қабілетінің төмендеуі
тілдің ромбыға ұқсас қабынуы
тілдің түлей қабынуы


Жарақат ошағына вуд сәулесін жіберіп зерттеу қалай аталады:
люминесенттік
тологиялық
гистологиялық
бактериологиялық
стоматоскопиялық


Қызыл жалпақ теміреткі кезінде теріге тітркендіре әсер етсе (өткір затпен тырналау) жаңа бөрткендер пайда болады. Бұл қандай симтпом:
Кёбнер симптомы
таңғы шық симптомы
Никольский симптомы
Рамзай –Хунт симптомы
Уикхем сеткасы (торы)


Домалақ пішінді афта жаңа туған балалардың қатты және жұмсақ таңдай шекарасы аймағында пайда болады, жалпы саны біреу немесе екеу. Себепкер ықпалдар қатарына емшектер емізігінің немесе жасанды емізіктің қаттылау болуы. Бұл бөрткен қандай ауруға тән:
Беднар афтасы
Сеттон афтасы
Турен афтасы
Бехчет синдромы
Микулич афталары


Ауыз кандидозын емдеу үшін қандай препараттар қолданылады:
флуконозол, леворин
пенциллин, эритромицин
линкомицин, стрептоцид
бициллин-5, ампиокс
теброфен, бонафтон


Ауру кезінде кілегейлі қабық қатты қызарып, аздап домбығады, бетіне ақ түсті сүзбеге ұқсас оңай алынатын қақ пайда болады. Бұл көрініс қандай ауруға тән:
жедел жалған жарғақты кандидоз, ауыз кандидозы
Пашков лейкоплакиясы
қызыл жалпақ теміреткі
екіншілік мерез
веррукозды лейкоплакия


Дәрігер – стоматолог ауыз ішіндегі жарақат ошағына антисептикалық өңдеу жүргізгеннен кейін госсиполдың 0,5% жақпа-майымен аппликат қойды. Қандай ауруға жергілікті ем жүргізілді:
ауыздың қайталама герпестік қабынуына
мерезге
созылмалы кандидозға
зақымдану жарасына
миллиарлы-жаралы туберкулезге


Созылмалы қайталамалы герпестік инфекцияны кешенді емдеудің негізгі мақсаты:
қайталануынын алдын алу
вирустың көзін жою
десенсибилизациялау
ауру сезімін басу
қабынуды тежеу


Ауыз кілегей қабығына шығатын екіншілік бөрткенді атаңыз:
тілік, жара
розеола, папула
афта, везикула
іріңдік (пустул), жара
пигментациялану, домбықпа


Ауыз шырышты қабығына шығатын біріншілік бөрткендерді атаңыз:
розеола, папула
тілік, жара
афта, көпіршік бөрткен (везикул)
іріңдік, жыртық
пигментациялану, домбықпа


Вирусты аурулардың біріншілік морфологиялық элементі:
везиккула
төмпешік
күлбіреуік
папула
дақ


18 жастағы бозбала ауызындағы ауыру сезіміне, қызылиегінің қанағыштығына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің жоғалғанына шағымданады. Ауру 3 күн бұрын жедел дамыған. Дене қызуы көтерілген, жалпы әлсіздік. Қарап тексергенде: ұрт, қатты таңдай және ерін кілегей қабығындаөте ұсақ сопақша келген эрозиялар анықталды, сипатғанда ауырады. Жиектік қызылиегі ісінген, қызарған.Төменде көрсетілген алғашқы диагноздың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді
жедел герпестік гингивостоматит
аллергиялық стоматиттің көпіршікті-эрозиялы түрі
көптүрлі жалқықты эритема
белдеме теміреткі
аусыл


Қолдың терісіндегі «кокард» құрылымының болуы қай ауруға неғұрлым тән:
көптүрлі жалқықты эритема
екіншілік мерез
буллезді пемфигоид
Дюринг дерматиті
қызыл жалпақ теміреткі


37 жастағы жүргізуші ер адам қызылиегінің қанағыштығына, 5 күннен бері қатты тағам қабылдай алмайтындығына шағымданады.2 апта бойы алыс рейсте болған. Тістерін тазаламаған. Уақытында дұрыс тамақтанбаған. Қарап тексергенде: төменгі оң жақ үлкен азу тістер аймағындағы қызылиек жиегі және өтпелі қатпар өліеттенген, жұмсақ тіс қағы өте көп мөлшерде. Аузынан жағымсыз иіс шығады.Осы науқасты жалпы емдеу үшін қандай дәрілік препаратты тағайындаған неғұрлым дұрыс?
трихопол
цифран
дифлюкан
бисептол
ципролет


Қызылиектің өліеттене-жаралана қабынуын этиотропты емдеу үшін қай препаратты қолданған неғұрлым тиімді:
метронидаззол
микосист
мерказолил
метилурацил
монофосфотиамин


Қай витаминнің жетіспеушілігіне кілегей қабықтың және терінің құрғақтығы, сілекейдің аз бөлінуі, мүйізгектенудің жоғарылауы неғұрлым тән:
А витамині
В1 витамині
Д витамині
Е витамині
В12 витамині


65 жастағы әйел адам аузын кең ашқанда туындайтын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: ауыз қуысы сауықтандырылмаған, жартылай адентия. Ауыз бұрыштарында қызарған, ісінген тері қатпарына дейін созылған тіліктер, бал тәріздес қабықпен жабылған.Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?
стрептококктық езүлік
стафилококктық езулік
кандидозды хейлит
В1 витаминінің жетіспеушілігі
В6 витаминінің жетіспеушілігі


Стоматолог дәрігерге келген әйел кісі аузының кебуіне күю сезіміне, жиі су ішкісі келетініне , аузында тәтті дәм сезілуіне, қызылиегінің қанағыштығына шағымданып келді.Қарап тексергенде: ауыз кілегей қабығы ал-қызыл түсті, құрғақ. Тілдің үстіндегі жіпке ұқсас бүртіктері семіп жойылған. Екі езуінде шамалы ылғалданған эрозия ошақтары, нәзік жұқа қабықшаларымен жабылған. Қызылиегінің кілегейлі қабығы қызарған, ісінген, тереңдігі 6мм пародонт қалталары бар.Пациенттің бойында қандай негізгі ауру болуы неғұрлым ықтимал:
қант диабеті
Д1 витаминінің жетіспеушілігі
К витаминінің жетіспеушілігі
Бүйрек жеткіліксіздігі
В1 витаминінің жетіспеушілігі


Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы облигатты обыр алды ауруларға жатпайды?
кератакантома
абразивті преканцерозды манганотти хейлиті
ошақты обыралды гиперкератоз
сүйелді обыралды ауру
боуэн ауруы


Жасы 55-гі әйел тілінің күйіп, шаншып ауыруына, бұрыш сеуіп қойғандай сезімге шағымданады. Аталған сезімдер кешке қарай күшейіп, ас қабылдаған кезде азаяды. Жүйкелік толқулар кезіндеде күшейе түседі. Қарап тексергенде: тілдің кілегей қабығы мен ауыз кілегей қабығы бозғылт-қызыл түсті. Тілдің астынғы бетіндегі көк тамырлар варикозды кеңеюге ұшыраған.
Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?
глоссалгия
тілдің түлей қабынуы
тіл нервісінің қабынуы
тіл нервісінің невралгиясы
В-1 витамині жетіспеушілігі


42 жастағы ер адам, геолог, дәрігер-стоматологқа ернінің түлейтініне және күйіп қызып, құрғайтынына шағымданады. Жақында ұзақ уақыттық іс сапардан келді.Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегі қызарған, құрғақ, майда ұсақ қабыршақпен жабылған.Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?
метеорологиялық хейлит
экзематозды хейлит
эксфолиативті хейлит,жалқықты түрі
жай гландулярлы хейлит
жанаспалы аллергиялық хейлит


48 жастағы әйел адам сөйлегенде және тағам қабылдағанда ауыз ішіндінің ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: ұрт және ауыз қуысы түбінің кілегей қабығында ауыратын эрозиялар анықталды. Қоршаған кілегей қабық өзгеріссіз, пинцетпен тартқанда сау эпителиймен бірге көп жерге дейін сыдырылады.Төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын жалпы емге тағайындау неғұрлым тиімді:
кортикостероидтар
антибиотиктер
вирусқа қарсы дәрілер
саңырауқұлаққа қарсы дәрілер
безгекке қарсы дәрілер


Анемнезінде :6 ай бұрын асқазанның 1 бөлігі қатерлі ісікпен резекцияланған, жасы 63-тегі ер адам тілінің құрғауына, ысып-күйіп мазалайтынына шағымданып стоматологқа келді. Қарап тексергенде: ауыз іші күтімі нашар, кілегей қабығы бозғылттанған. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтыраған ақшыл-қызыл түсті жабынды эпителий жұқарған.Төмендегі қай витаминдердің жетіспеушілігі осы патологияның туындауына неғұрлым себепкер?
В12
Д
К
Е
С


48 жастағы келіншек тілінің бүйір беттерінің бұдырлығына және күйіп- қызып ауыратындығына шағымданады. 4 жыл бойы қант диабеті бойынша дәрігер- эндокринологта диспансерлік есепте тұрады. Қарап тексергенде: тілінің арқасында оң жақ ұртының шырышты қабатында ақ түстес қақ тоға құра орналасқан. Шпателмен қырғанда қақ жартылай алынады.Төмендегі берілген тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін неғұрлым тиімді болып табылады?
қырмаға микроскопиялық зерттеу жүргізу
биопсия
жалпы қан анализі
иммунологиялық тексеру
серологиялық тексеру


әйел адам тілінің бүйір бетінің кедір-бұдырына және ысып-күюіне шағымданады. 4 жылдан бері дәрігер-эндокринологта қант диабетінің компенсациялық түрімен диспансерлік есепте тұрады. Қарап тексергенде: тілінің бетінде және сол жақ ұртыныңкілегейлі қабығында ақ түсті қақ тоға жасай орналасқан. Шпателмен қырғанда қақ жартылай алынады.Төмендегі берілген алдын – ала диагноздың қайсысы осы аталған ауруға неғұрлым сәйкес келеді?
кандидоз
лейкоплакия
қызыл жегі
екіншілік мерез
созылмалы механикалық жарақат


Жасы 18-дегі қыз төменгі ернінің құрғақтығына және кедір-бұдырлығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегінде жұқа ақшыл-сұр қабыршақтар байқалады және олар клейн белдеуінен ерін жиегінің орта бөлігі аралығында жіңішке жолақ түрінде екі езуге созыла орналасқан.Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?
еріннің эксфолиативті қабынуы
еріннің экземалы қабынуы
еріннің атопиялық қабынуы
еріннің гландулярлы қабынуы
еріннің актиндік қабынуы


дәрігер-стоматологқа протездеу мақсатымен келген науқасты объективті тексергенде: бетінің терісі боз, беті ісінген. Еріндері, мұрны, жоғарғы қабақтары ісінген. Ауыз қуысының кілегей қабығы бозғылт.тілі ісінген, тістердің іздері қалған. Пациенттің қимылы сылбыр, баяу.
Пациенттің бойында қандай негізгі ауру болуы неғұрлым ықтимал:
гипотиреоз
созылмалы жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі
созылмалы лейкоз
қан тамыр жетіспеушілігі
жүйке жүйе аурулуры


Науқастың шағымы: тілінің тәтті, тұзды, қышқыл, кейде ащы дәмдерді сезуінің төмендеуі. Осы соңғы айда тәбетінің жақсарғанын, тез шөлдейтіндігін, аузының құрғайтындығын, денесінің әр жерінің қышитындығын, қызылиегінің өте көп қанайтындығын байқаған.Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші кезекте жүргізген неғұрлым тиімді?
эндокринологтың кеңесі
candida саңырауқұлағына анализ
жалпы қан анализі
невропатологтың кеңесі
Роттер сынамасын жүргізу


Жасы 62-дегі ер адам ауыз ішіндегі аздаған ауыру сезіміне, ыңғайсыздыққа шағымданады. Қарап тексергенде: терісі бозғылттау түсті, еріндер жиегі көкшіл тартқан демалғанда ентігеді, аяқтары ісініп-домбыққан. Соңғы 5 жылда алмалы-салмалы протездер киеді. Тілінің төменгі бетінде жиегі тегіс емес және жұмсақ көлемді жара анықталды, табаны ақшыл сұр түсті өліетті қақпен жабылған. Сипап байқағанда аздап ауырады. Жара төңірегіндегі тіндер бозғылт-көкшіл түстенген.Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?
трофикалык жара
туберкулез жарасы
обыр жарасы
зақымдану жарасы
мерез жарасы


Афтаға тән емес белгіні көрсетіңіз:
тыртықтанып жазылады
сипағанда ауырады
тегіс, сопақ пішінді
жиектері қызарған
беті фибринді қақпен жабылған


Көпіршіктің үзілген қабығынан ақырындап тартқан кезде кілегей қабықтың өзгермеген аймақтарының сыдырылу симптомы қалай аталады:
Никольский симптомы
Краус симптомы
Холстед симптомы
Куперман симптомы
Грей-Тернер симптомы


Жедел герпестік ауыз қуысының қабынуында цитологиялық зерттеуінде жара бетінен алынған жақпада неғұрлым кездесетін өзгерітер қандай?
көп ядролы алып жасушалар
қан жасушалары
Пирогов-Лангханс клеткалары
аконтолитикалық жасушалар
эпителийдің некробиоздың әртүрлі сатысындағы жасушалар


Тілдің ісініп тістердің ізі қалуы төмендегі ішкі ағзалардың қайсысы патологиялық өзгеріске тап болғанда неғұрлым орын алады?
ішек
бауыр
бүйрек
өңеш
өкпе


Манганотти еріннің обыр алды қабынуына төмендегі бөрткендердің қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?
жұқа жара
тілік
түйіншек
қабыршақ
жара


Диаметрі 5 мм, эпителй ішінде немесе астында орналасқан сары су немесе қанға толы қуысты құрылым. Төмендегі бөртпелердің қайсысы осы белгілерге неғұрлым сәйкес келеді?
күлбіруік
киста
іріңдік
бөрткен
көпіршік


Мүйізгектену үрдісінің бұзылуы эпителийде болатын төмендегі көрсетілген процесстердің қайсысымен байланысты?
паракератозбен
спонгиоз
акантоз
акантолиз
баллонды дегенерация


Тікенек тәрізді клеткалардың беткей қабатының ядролары сақталған жартылай мүйізгектенуі төмендегі көрсетілген қай патологиялық процеске неғұрлым сәйкес?
паракератоз
акантоз
дискератоз
гиперкератоз
папилломатоз


Қуысты бөртпелерге төмендегі көрсетілгенің барлығы жатады, тек қана біреуінен басқасы:
эрозия
көпіршік
күлбіреуік
киста
іріңдік


Тікенек тәрізді жасушалардың арасында сұйықтықтың жиналуы, клетка аралық кеңістіктердің кеңеюі, цитоплазмалық өсінділердің ұзаруы төмендегі патологиялық процесстердің қайсысына неғұрлым сәйкес?
спонгиоз
акантоз
акантолиз
вакуольды дистрофия
баллонды дегенерация


Эпителийдің мүйізді қабатының шамадан тыс қалыңдануы төмендегі патологиялық процесстың қайсысына неғұрлым сәйкес?
гиперкератоз
акантоз
дискератоз
папилломатоз
паракератоз


Жасуша ішілік ісіну, цитоплазмада жасушаны бұзатын құрылымдар пайда болған патологиялық процесс төмендегі жағдайдың қайсысына неғұрлым сәйкес келеді?
вакуолды дистрофия
акантоз
акантолиз
спонгиоз
баллонды дегенерация


Ауыз қуысы және еріннің қызыл жиегі аурулары гиперкератозданумен сипатталған жағдайда диагнозын нақтылау үшін төмендегі әдістердің қайсысы неғұрлым тиімді?
люминистентік диагностика
иммунологиялық
вирусологиялық
микробиологиялық
цитохимиялық


Стоматологиялық клиникаға төмендегі шағымдармен келді: қызыл иек қанағыштығына, жұтынғанда ауыратынына, дене температурасының 38 ° с дейін жоғарлауына. Қарап тексергенде: жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде аурады, қызыл иек бүртіктері өліеттенген, зондпен шұқығанда тез қанап кетеді. Өліеттенген тіндер ретромолярлық аймақта,бадамшада орналасқан. Қоршаған шырышты қабық бозарған. Нүкте тәрізді петехиалық қан құюлулар анықталды.Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші кезекте жүргізген неғұрлым дұрыс?
жалпы қан анализі
рентгент түсіру
иммунды ферментті анализ
биохимиялық анализ
бактериологиялық зерттеулер


Стоматолог ауыз қуысы ішіндегі жарақат аймағын антисептикалық өңдеу жүргізгеннен кейін 3% линимент жақпа-майымен аппликат қойды. Қандай ауруға жергілікті ем жүргізілді?
Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы
Жедел кандидоз
Миллиарлы-жаралы туберкулез
Трофикалық жара
Дұрыс жауабы жоқ


Ауыздың герпестік қабынуының диагнозын нақтылау үшін қандай қосалқы тексеру әдісінің нәтижесін пайдаланған тиімді?
Цитологиялық зерттеу
Люминесценттік зерттеу
Микробиологиялық зерттеу
Стоматоскопиялық зерттеу
Гистологиялық зерттеу


Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуының сараптамалы диагностикасын қандай аурумен жүргізеді?
Белдеме теміреткі
Туберкулез жегісі
Күлбіреуікше
Лейкоплакия
Вирустық сүйелдер


Ауыз қуысы шырышты қабатының созылмалы қайталамалы герпесі кезінде бөрткендер жиі шығатын ауыз қуысы аймағы:
Жабынды эпителийдің мүйізгектенетін аймағы
Қатты таңдай
Екі езу аймағы
Жұмсақ таңдай
Ретромоляр аймағы


Патогистологиялық өзгеріске ұшыраған жасушалар эпителийдің тікенекті қабаты жасушаларының баллонды дистрофилануға ұшырауы және бірнеше жасушалардың бірігуі нәтижесінде пайда болады. Мұндай жасушалар қалай аталады?
Көпядролы алып жасушалар
Баллонды жасушалар
Тцанк жасушалар
Акантолизденген жасушалар
Пирогов – Лангханс жасушалары


Ауыз кілегейлі қабығының барлық қабаттарының бүтіндігінің бұзылуынан пайда болатын екіншілік бөрткенді атаңыз:
Ойық жара
Тыртық
Афта
Пигментациялық дақ
Эрозия


Дәнекер тіннің бүртікті, эпителийдің базальды қабатында шағын клеткалар шоғырынан тұратын, диаметрі 1-2мм, төңірегіндегі тіндерден шамалы көтеріңкі орналасатын бөрткенді атаңыз:
папула (түйіншек)
Пигментациялық дақ
Розеола
Домбықпа
Дақ


Ауыз қуысының шырышты қабығына шығатын екіншілік бөрткендерді атаңыз:
Тілік, жара
Розеола, папула
Афта, пустула
Тыртық ,іріңдік
Дақ, домбықпа.


Ауыз кілегей қабығына шығатын біріншілік бөрткендерді атаңыз:
Розеола
Тілік
Жара
Тыртық
Афта


Патологиялық өзгеріске ұшыраған эпителий қабатында жасушалар ядролары ерге ұқсас пішінге ие болып , цитоплазмаға сұйықтық жиналып, жасушалардың бұзылуына әкеліп соғады. Мұндай өзгеріс төменде келтірілген патогистологиялық үрдістердің қайсысына тән?
Вакуольді дистрофиялану
Дискератоздану
Спонгиоздану
Аконтолиздену
Баллонды дистрофиялану


Мүйізгектенетін жабынды эпителийдің патологиялық мүйізгектенуге ұшырауы нәтижесінде төменгі эпителий қабаттарында жекелеген мүйізгектенген жасушалардың немесе жарық жасушалардың орын алуымен сипатталатын патогистологиялық үрдіс қалай аталады?
Дискератоздану
Паракератоздану
Акантоздану
Гиперкератоздану
Папилламатоздану


Біріншілік шағын қуысты бөрткен ішіне іріңді жалқықтың жиналуы нәтижесінде пайда болған. Бұл патологиялық құрылым төмендегі бөрткендердің қайсысына тән?
Іріңдік
Домбықпа
Бұдырмақ
Киста
Түйін


Ауыз кілегейлі қабығының жайыла қызаруы қандай бөрткенге тән?
Эритемаға
Домбықпаға
Түйінге
Бұдырмаққа
Эрозияға


Терінің және ауыз кілегейлі қабығының жабынды эпителийінің тікенекті қабатында жасушааралық заттың ыдырауына байланысты жасушааралық байланыстар үзіліп, эпителийішілік күлбіреуік пайда болады. Мұндай үрдіс төмендегі патогистологиялық өзгерістердің қайсысына тән?
Акантолиздену
Вакуольды дистрофиялану
Паракератоздану
Акантоздану
Спонгиоздану


Ауыз кілегейлі қабығында қызыл жалпақ теміреткінің әдеттегі түрі кезінде шығатын түйіншектердің бетін жапқан эпителий қабатында төменде келтірілген патогистологиялық өзгерістердің тек біреуінен басқасының бәрі орын алады:
Вакуольді дистрофиялану
Паракератоздану
Гранулездену
Акантоздану
Гиперкератоздану


Мүйізгектенетін жабынды эпителийдің бір қабатындағы жасушалар цитоплазмасында кератогиалин түзіледі. Бұл қабат қалай аталады?
Түйіршікті қабат
Тікенекті қабат
Жылтыр қабат
Базальды қабат
Мүйізгектенген қабат


Қуысты жалқықты бөрткендердің сұйықтығы кебуінен пайда болған екіншілік бөрткен:
Қабықша
Қабыршақ
Түйін
Көпіршік
Іріңдік


Ауру VIІI фактордың жетіспеушілігі нәтижесінде қан ұйығыштығының бұзылуымен сипатталады. Осының нәтижесінде капиллярлы-гематомалы күшті қан құйылу орын алады. Мұндай жағдай төмендегі аурулардың қайсысы кезінде орын алады?
Виллебрант ауруы
Жедел дамыған лейкоз
Агранулоцитоз
Созылмалы лейкоз
Верльгоф ауруы


Ауру қалыпты жағдайда қан құруға қатынаспайтын ағзалардың ретикулярлық жасушаларының патологиялық метаплазияға ұшырауы нәтижесінде ақ қан түйіршіктерінің көбеюімен сипатталады. Мұндай патологиялық үрдіс төмендегі аурулардың қайсысы кезінде орын алады?
Созылмалы лейкоз
Жедел дамыған лейкоз
Агранулоцитоз
Вакез ауруы
Пернициозды анемия


Жедел дамыған лейкоз кезінде қанда лейкоциттер саны толассыз көбейіп, әлі жас дамып жетілмеген жасушалар орын алады. Лейкоздың негізгі синдромдарына төменде келтірілгендердің қайсысы жатпайды?
Шегрен синдромы
Анемиялық синдром
Гиперпластикалық синдром
Геморрагиялық синдром
Некроздаушы синдром


Ауру қанда лейкоциттер санының толассыз көбеюімен, қан құрушы ағзалардан әлі жетілмеген жас жасушалардың бөлінуімен және әртүрлі ағзаларда патологиялық қан құру ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Қан құрамындағы мұндай өзгерістер қандай ауру кезінде орын алуы мүмкін? 
Жедел дамыған лейкоз
Агранулоцитоз
Вакез ауруы
Виллебрант ауруы
Верльгоф ауруы


Жасы 25-тегі жігіт дәрігер-стоматологқа басының ауыратындығына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, тамағының және оң жақ төменгі азу тістер аймағындағы қызылиегінің қатты ауыратындығына, аузынан нашар иіс шығатынына шағымданып келді. Бұдан бір айдай бұрын баспамен ауырып, сульфаниламидтер қабылдаған. Қарап тексергенде: аузының кілегейлі қабығы бозғылттанған, төменгі оң жақ азу тістер аймағындағы қызылиек, азу тістер сыртындағы кілегейлі қабық және бадамша бездер жабынды эпителийі өліеттеніп бозғылт-сұр түстенген, эрозиялы-жаралы ошақтар анықталады. Төмендегі алғашқы диагноздардың қайсысы сипатталған белгілерге сай келеді?
Агранулоцитоз
Панкреатит
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Агранулоцитоз
Тромбоцитопения


Жасы 60-тағы ер адам жалпылай әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, оң жақ азу тістер аймағындағы қызылиектегі қатты ауыру сезіміне шағымданды. Алты жылдай гематологта «созылмалы лимфолейкоз» деген аурумен диспансерлік есепте тұр. Қарап тексергенде: оң жақ төменгі үлкен азу тістер аймағындағы қызылиек және азу тістер сыртындағы кілегейлі қабық өліеттеніп ақшыл-сұр түстенген. Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген неғұрлым тиімді?
Қан құрамын жалпылай талдау
Флюрографиялық зерттеу
Төменгі жақ сүйегінің рентген суретін жасау
Иммунологиялық зерттеу
Цитологиялық зерттеу


Жасы 35-тегі ер адамға еріннің қарапайым гландулярлы қабынуы деген диагноз қойылды. Бірнеше рет дәрілермен жүргізілген емдеу курстары нәтижесіз аяқталды. Төменде келтірілген емдеу шараларының қайсысын жүргізген неғұрлым тиімді?
Бездерді электрокоагуляциялау әдісі
Кальций глюканатының 10% ерітіндісімен электрофорездеу әдісі
Электромассаждау әдісі
Ультрадыбыспен емдеу
Склероздап емдеу әдісі


Екі жастағы бала жиі-жиі аузын ашып жылай бергендіктен аузын ашып қарағанда оң жақ ұртының кілегейлі қабығының қызарғаны және ақ түсті ұйыған сүт түсті қақпен жабылғаны анықталды. Аурудың диагнозын нақтылау үшін қандай қосалқы зерттеу әдісін қолданған тиімді?
Бактериологиялық
Цитологиялық
Иммунологиялық
Люменеcценттік
Рентгенологиялық


бір жастағы бала жиі-жиі емшек емуден бас тартуына байланысты қарап тексергенде екі ұртының кілегейлі қабығы қызара домбыққаны байқалды және бетінде ақшыл түсті сүзбеге ұқсас оңай алынатын қақ анықталды. Балаға жалпылай емдеу жүргізу үшін төмендегі дәрілік заттардың қасысын тағайындаған тиімді?
Нистатин
Зиртек
Зовиракс
Олететрин
Линекс


Дәрігер стоматологқа жасы 56-ы әйел адам ауыз ішінің өз бетімен қатты ысып-күйіп, қызып, ашып ауыратындығына, тағам қабылдағанда бұл сезімдердің күшейе түсетіндігіне шағымданып келді. Тыныс жолдары қабынуымен жиі ауыратын болғандықтан, ешқандай бақылаусыз антибиотиктер қабылдайтынын айтты. Қарап тексергенде: тілінің кілегейлі қабығы қатты қызарып, домбыққан, үстінгі беті қалың ақшыл-сұр түсті, түбіріне жақын сары-қоңыр түсті қалың қақпен жабылған. Қырып байқағанда алынбайды, күш жұмсап қырғанда ғана алынады және эрозия беті ашылады. Аурудың диагнозын нақтылау үшін қандай қосалқы зерттеу әдісін жүргізген тиімді?
Микроскопиялық
Цитологиялық
Биопсиялық
Микробиологиялық
Аллергиялық


Жасы 62-дегі ер адам аузының ысып-күйіп, қызып ауыратынына, құрғақтығына, ас қабылдағанда бұл сезімдердің күшейе түсетініне шағымданады. Бірнеше ай бұрын өкпе қабынуымен ауруына байланысты ұзақ уақыт антибиотиктермен емдеу курсын қабылдаған. Қарап тексергенде: еріндер жиегі құрғақ, аздап қабыршақтанған. Ауыз кілегейлі қабық ашық қызыл түсті. Тілдің үсті ақшыл-сұр, түбіріне жақын ақшыл-қоңырлау түсті қырғанда алынбайтын тоғаға ұқсас қақпен жабылған. Сипатталған көрініс төменде келтірілген алғашқы диагноздардың қайсысына сай келеді?
Ауыздың созылмалы гиперпластикалық кандидозы
Біріншілік мерез
Ауыздың созылмалы атрофиялаушы кандидозы
Жедел жалғанжарғақты кандидоз
Қызыл жалпақ теміреткі


Жасы 60-тағы ер адам аузының қатты ысып күюіне, қызуына, құрғауына шағымданып келді. Бұл сезімдер мазалағалы бірнеше күн болған. Осының алдында бронхтар созылмалы қабынуының өршуі бойынша антибиотиктермен емдеу курсын алған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай, аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз кілегейлі қабығы құрғақ, қызыл от жалыны түстес. Тіл кілегейлі қабығы да ашық қызыл түстес, үстіндегі бүртіктері анықталмайды, беті тегіс және жылтыр. Сипатталған көрініс төмендегі алғашқы диагноздардың қайсысына сай келеді?
Ауыздың жедел атрофиялаушы кандидозы
Ауыздың аллергиялық қабынуы
Ауыздың жедел герпестік қабынуы
Ауыздың жедел жалғанжарғақты қабынуы
Екіншілік мерез


Жасы 40-ы әйелге «қызыл жалпақ теміреткі» деген диагноз қойылды. Аурудың қай түрінде онкологиялық сақтық сақтаған жөн?
Эрозиялы жаралы түрі
Әдетті (қарапайым) түрі
Жалқықты -қызармалы түрі
Атипиялық түрі
Буллезді түрі


Жасы 22-дегі қызбала дәрігер стоматологқа жалпылай әлсіздікке, аузының ішіне бөрткендер шығып, қатты ауыратындығына шағымданып келді. Мұқият қарап тексерудің нәтижесінде «Ауыздың жедел герпестік қабынуы» деген диагноз қойылды. Бұл ауру кезінде шығатын біріншілік бөрткенді атаңыз.
Көпіршік бөрткен
Дақты бөрткен
Жара
Түйіншек
Домбықпа


Жасы 17-дегі қызбала дәрігер стоматологқа дене қызуының көтеріліп, аузының ішіне бөрткендер шығып, қатты ауырғандықтан ас қабылдау, сөйлеу қйындағанын айтып шағымдана келді. Науқас қызға ауыздың жедел герпестік қабынуы деген диагноз қойылды. Аурудың сараптамалы диагнозын келтірілген аурулардың біреуінен басқасының бәрімен жүргізеді:
Вирустық сүйелдер
Аусыл
Көптүрлі жалқықты қызарма
Белдеме теміреткі
Екіншілік жас мерез


Жасы 16-дағы жас өспірім дәрігер стоматологқа дене қызуы жоғарылағанына, аузының іші қатты ауырып, ас қабылдай алмайтынына шағымданып келді. Қарап тексергенде еріндер жиегі кезерген, төменгі ернінің жиегінде қабыршақтар пайда болған. Ауыз ішінде тілдің, таңдайдың кілегейлі қабығы қатты қызарып, домбыққан және көптеген ірілі- ұсақты эрозиялар шашырап және топтаса орналасқан. Эрозиялар беттері ақшыл-сұр және сарғыштау қақпен жабылған. Науқасқа жалпылай ем жүргізу үшін төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған неғұрлым тиімді?
Ацикловир
Флагил
Флуконазол
Метронидазол
Цифран


Жасы 20-ғы жігіт дәрігер стоматологқа дене қызуының көтеріліп, ауыз ішінің қатты ауыратынына, аузын ашып ас қабылдау қиындағанына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына шағымданып келді. Бұдан екі апта бұрын суық тиіп ауырған. Қарап тексергенде: еріндер жиегі құрғақ, аздаған қабыршақтармен жабылған, 45; 46; 47; 48 тістер аймағындағы қызылиек, ауыспалы қатпар қатты қызарып домбыққан, беттері кір-сұр түсті қақпен жабылған. Қызылиек бүртіктері бетіндегі қақ оңай алынып, эрозиялы -жаралы ошақтар анықталады. Бұл ауруды төмендегі аурулардың тек біреуінен басқасының бәрінен ажырата білу керек:
Ауыздың дәріден буллезді қабынуы
Қан аурулары кезіндегі ауыздың өліеттеніп-жаралана қабынуы
Қорғасынмен созылмалы улану
Ауыздың аллергиялық өліеттеніп-жаралана қабынуы
Висмутпен созылмалы улану


Дәрігер стоматологқа жасы 24 -тегі жігіт аузының ішінің қатты ашып ауыратынына, ас қабылдау мүмкіндігі жоқтығына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына (галитоз), дене қызуының көтерілгеніне шағымданып келді. Екі апта бұрын жоғары тыныс жолдары инфекциясымен ауырған. Дәрігерге көрінбеген, халықаралық жүк таситын машинаның жүргізушісі. Қарап тексергенде: төменгі сол жақ азу тістері аймағындағы қызылиек, ауыспалы қатпардың және ұрттың кілегейлі қабығы қатты қызарып домбыққан, қоңыр-сұр, сұр-жасылдау түсті өліетті қақпен жабылған. Қақты ептеп алып байқағанда астында эрозиялы-жаралы ошақтар анықталады. Төменде келтірілген алғашқы диагноздардың қайсысына осы клиникалық көрініс неғұрлым сай келеді?
Қызылиек-ауыздың өлеттеніп жаралана қабынуы
Қызылиектің жаралана қабынуы
Пародонттың жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі
Ауыздың жедел герпестік қабынуы
Ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы


Стоматологқа жасы 50-гі ер адам тіс протезін қойғызуға келді. Шылымды жақсы шегеді, ішімдік те алып қояды екен. Ауыз ішін қарап тексергенде оң жақ езу аймағының кілегейлі қабығында пішіні үшбұрышқа ұқсас , аумағы 2,0×3,0см беті тегіс жабыстырылған пергамент қағазына ұқсас дақты құрылым анықталды. Консистенциясы жұмсақ, қырғанда беті алынбайды. Төмендегі витаминдік препараттардың қайсысын тағайындаған неғұрлым тиімді.
Ретинол ацетатының 3. 44% ерітіндісі
Тиамин хлоридінің ерітіндісі
Рибофлавин
Аскорбин қышқылы
Цианкобаламин ерітіндісі


18-дегі жігіт тілінде жаңа белгісіз құрылым пайда болып, ыңғайсыздық туындатқанына шағымданып келді. Қарап тексергенде : тілінің оң жақ бүйір бетінде сопақ пішінді, ені 8,0 мм, шекарасы анық, қызыл-қошқыл түсті көтеріңкі орналасқан эрозиялы ошақ анықталды. Эрозия табанында тығыз консистенциялы және эрозия ошағынан көлемдірек инфильтрат анықталды. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, бірақ ауырмайды. Төменде келтірілген аурулардың біреуінен басқасының бәрімен аурудың сараптамалы диагностикасы жүргізіледі:
Ауыздың жедел герпестік қабынуы
Созылмалы зақымдық жара
Берішке ұқсас пиодермия
Ауыздың қайталама афталы қабынуы
Обыр жарасы


Ұрттың кілегейлі қабығының езуге жақын аймағында көрер көзге өзгермеген кілегейлі қабықтың жабынды эпителйінің шамадан тыс мүйізгектенуіне байланысты күңгірттеніп және ақшыл сұрланып қалыңдауы төмендегі аурулардың қайсысына неғұрлым тән?
Жазық лейкоплакия
Қызыл жалпақ теміреткі
Кандидоз
Қызыл жегі
Жұмсақ лейкоплакия


Ауыз кілегейлі қабығымен еріндер жиегінің төмендегі ауруларының қайсысы облигативті обыралды ауруларға жатпайды?
Кератоакантома
Боуэн ауруы
Ерін жиегінің сүйелге ұқсас обыралды ісігі
Ерін жиегінің шектелген обыр алды гиперкератозы
Еріннің обыралды абразивті қабынуы (Манганотти хейлиті)


53 жастағы ер кісі тілінің, қатты таңдайының қатты күйіп ауыратындығына шағымданып стоматологқа келді. Бұл сезімдер біраздан бері мазалап жүр. Ас қабылдағанда ысып- күю көп байқалмайды. Қарап тексергенде: тілдің кілегейлі қабығы боз -қызғылт түсті, үстінде ақшыл сұр түсті қақ бар, тілдің астыңғы бетіндегі көк тамырлар кеңейген. Тіл түбірінен, таңдайдан рефлекстер анықталмады. Бұл ауруды патогенездік емдеуге төмендегі дәрілік препараттардың қайсысын қолданған тиімді?
В тобының витаминдері
Киік оты тұнбасы
Аскорбин қышқылы
Ретинол ацетаты
Вирусқа қарсы препараттар


55-тегі әйел адам стоматологқа тілінің, таңдайының ыстық сумен күйдіріп алғандай қатты күйіп, ысып мазалайтынына шағымданып келді. Бұл сезімдер бір жыл бұрын тілінің ұшы аймағында пайда болып, біртіндеп жайыла бастаған. Ас қабылдағанда басылғандай болады. Қарап тексергенде: ауыз кілегейлі қабығы -қызғылт түсті, тілдің үстінде ақшыл -сұр түсті қақ орналасқан( өңез ) , тіл астындағы көк тамырлар кеңейген. Көптеген тістері сақталған. Тіл түбірінде, жұмсақ таңдайда рефлекстер анықталмайды. Төмендегі алғашқы диагноздардың қайсысы бұл клиникаға сай келеді?
Глоссалгия
Глоссит
Тілдің десквамативті қабынуы
Гунтер-Миллер глосситі
В1 витамині тапшылығы


Шағымдар:таңдайда томпиған құрылым пайда болған, ыңғайсыздық туғызады. Гипертония ауруымен диспансерлік бақылауда тұр. Қарап тексергенде : қатты таңдайында орта сызыққа жақын жарты шарға ұқсас ені 1,2 см қанды сұйықтыққа толы күлбіреуік бөрткен анықталды. Бөрткен оңай жарылып, біраз мөлшерде қою қан бөлініп,орнында эрозиялы ошақ пайда болады. Төмендегі диагноздардың қайсысына бұл клиникалық көрініс келеді?
Күлбіреуік -қантамыр синдромы
Ыстықтан болған күйік, екінші дәрежесі
Қызыл жалпақ теміреткі
Күйік, екінші дәрежесі
Тұрпайы күлбіреуікше
Жасы 30-дағы ер адам стоматологқа ернінің қатты құрғайтынына, ысып күйіп және қабыршақтанып мазалайтынына шағымданып келді. Мамандығы құрылысшы. Ерні көптен мазалайды. Қарап тексергенде: төменгі еріннің жиегі қатты қызарған, құрғақ және ұсақ қабықшалармен жабылған, орта бөлігінде аса терең емес тіліктер орналасқан. Ерніндегі мұндай өзгерістер март-апрель айларында басталып күзге қарай саябырлайды және әр жылы қайталанады. Бұл клиникалық көрініс төмендегі аурулардың қайсысына тән?
Еріннің актиндік қабынуы
Еріннің жапырақтана қабынуы, жалқықты түрі
Мангонотти хейлиті
Еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы
Еріннің күн райы әсерінен қабынуы


Жасы 38-дегі ер адам, мамандығы жоғарғы вольтті электр желісінде монтаждаушы. Дәрігер стоматологқа еріндер жиегінің құрғауына, ысып күйетініне, қабыршақтанатынына шағымдана келді. Қарап тексергенде: екі еріндер жиегі қатты қызарған, құрғақ және ұсақ қабыршақтармен жабылған, екі езуіне жақын ұсақ тіліктер байқалады. Төмендегі диагноздардың қайсысы бұл клиникаға неғұрлым сай:
Еріннің күн райы әсерінен қабынуы
Еріннің жапырақтана қабынуы
Манганотти хейлейті
Еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы
Еріннің актиндік қабынуы


Дәрігер стоматологқа жасы 45тегі әйел ауызының ішіне жаралы бөрткендер шығып,ас қабылдауын,сөйлеуін қиындатқанына шағымданып келді . Өзін 2 апта шамасында науқаспын деп санайды .Қарап тексергенде:төменгі алдыңғы тістер, жоғарғы екі жақазу тістер тұсындағы ауыспалы қатпарларда үлкен көлемді белгілі пішінсіз қошқыл қызылдау түсті эрозияларанықталды, жиектерінде жабынды эпителий үзіктері сақталған ,үзікті қысқышпен қысып алып тартса ,өзгере қоймаған эпителий қабаты сыдырыла бастайды . Соңғы күндері күлбіреуікше бөрткендер қарын терісіне де шыға бастаған . Науқасқа төмендегі дәрілердің қай тобын тағайындаған тиімді :
Кортикостероидтар
Антибиотиктер
Туберкулезға қарсы дәрілер
Саңырауқұлаққа қарсы дәрілер
Сульфаниламидтер
Жасы 40тағы әйел стоматологқа аузының ішіне бөрткендер шығып , қатты ашып ауыратынына , тәтті , қышқыл тағамдар жеудің , сөйлеудің қиындағанына шағымданып келді . Қарап тексергенде : ауыз табанында , қатты таңдайында үлкен көлемді , анық шекарасыз, беті таза шикі ет түстес эрозиялы ошақтар анықталады . Таңдайдағы эрозияның жиегінде эпителий үзіктері сақталған. Пинцентпен қысып алып тартса эрозия төңірегіндегі өзгермеген кілегейлі қабық бетіндегі эпителий қабат сыдырыла бастады . Бұл қандай симптом ?
Никольский симптомы
Асбо-Хансен симптомы
Гриншпан синдромы
Куперман симптомы
«Алма желесі» симптомы


60-тағы қарт әйел стоматологқа ауыз ішіне ауырғыш бөрткендер шығып , ас қабылдауының , сөйлеуінің қиындағанына шағымданып келді . Қарап тексергенде оң жақ ұртының , қатты таңдайының түсі өзгере қоймаған кілегейлі қабығында әртүрлі көлемді шикі ет түстес эрозиялы ошақтар анықталды. Бір эрозия беті әлі ашылмаған, жұмыртқаның ішкі қабығындай жұқа қабықпенпен жабылған . Қысқышпен ұстап тартса оңай алынады және біраз жерге дейін сыдырылады. Бұл ауру кезінде цитологиялық зерттеу жүргізсе қандай жасушалар анықталуы мүмкін?
Аконтолизденген Тцанк жасушалары
Көпядролы алып жасушалар
Пирогов-Лангханс жасушалары
Толықша жасушалар
Ядросыз жасушалар


стоматологқа ауыз ішіне қатты ауыратын бөрткендер шығып, ас қабылдауының, сөйлеуінің қиындағанына шағымданып 62 жастағы ер кісі келді . Қарап тексергенде оң жақ ұртының, қатты таңдайының түсі өзгере қоймаған кілегейлі қабығында әртүрлі көлемді, шикі ет түстес 3-4 эрозиялы ошақтар анықталды. Бір эрозия беті әлі ашылмаған, жұмыртқаның жұқа ішкі қабығындай қабықпен жабылған . Қысқышпен ұстап тартса оңай алынады және біраз жерге дейін сыдырылады. Төмендегі алғашқы диагноздардың қайсысы бұл клиникалық көрініске көбірек сай келеді? 
Тұрпайы күлбіреуікше
Буллезді пемфигоид
Бауыр жетіспеушілігі кезіндегі өзгеріс
Қызыл жалпақ теміреткі
Көптүрлі жалқықты қызарма


Жасы 30-дағы емделуші стоматологқа тілінің үстіндегі 2 апта бұрын байқаған өзгерістерді көрсетуге келгенБірақ ауырсыну белгілері мазаламаған .Тілді қарап тексергенде тіл үстінің артқы бөлігінде беті тегіс ақшыл-сұр түсті, әртүрлі көлемді ендері 6-7 мм қосыла орналасқан бірнеше ошақ анықталды, тіл бүртіктері семіп жойылған . Төңірегіндегі тіндердің рельефі сақталған және жарақат ошақтарынан биіктеу Сипап байқағанда ошақтар аймағы тығыз консистенциялы Аурудың салыстырмалыдиагностикасынтөмендегі аурулардың біреуінен басқасының бәрімен жүргізеді :
Ауызды жедел герпестік қабынуы
Тілдің түлей қабынуы
Лейкоплакия
Қызыл жалпақ теміреткі
Ауыздың созылмалы атрофиялаушы кандидозы


Жасы 25тегі емделуші стоматологқа тілінің үстіндегі түсініксіз өзгерістерді байқағанын айта келді. Қарап тексергенде: тілінің үстінде ақшыл-сұр түсті, көлемдері әртүрлі, беті тегіс және бүртіксіз ошақтар ойдым-ойдым шабылған шабындыққа ұқсас . Сипап байқағанда ошақтар консистенциясы тығыз және ауырмайды . Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған . Аурудың диагнозын нақтылау үшін алға жүргізілетін қосалқы тексеру әдісі Микрореакция
Қанның жалпы құрамын талдау
Цитологиялық әдіс
Биопсиялау әдісі
Гистаминдік сынама


Жасы 30-дағы әйел ас қабылдағанда, сөйлегенде тілінің ауыратынына шағымданады . Соңғы кезде бойын әлсіздік билегенін, түнге қарай дене қызуының көтерілетінін, жиі терлейтінін, биікке көтерілгенде ентігетінін айтады. Қарап тексергенде: тілінің үстінде шағын көлемді жиегі тегіс емес, су шайған өзен жағасына ұқсас жаралы ошақ анықталды. Табаны тегіс емес, сары түйіршікті құрылымдар жапқан, оңай қанайды. Аурудың болжамды диагнозын қойыңыз:
Туберкулез жарасы
Трофикалық жара
Монгонотий хейлиті
Біріншілік шанкр
Декубитальдік жара


27 жастағы емделуші ауыз ішінің қатты ауыратындығына, аузын ашу қиындағанына, буындарының сырқырап, еттерінің сыздап, басының ауыратынына, дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілгеніне шағымданып келді. Қарап тексергенде:ауыз іші кілегейлі қабығы қатты қызарып домбыққан, еріндер, ұрттар және тілдің кілегейлі қабық беттерінде әр түрлі көлемді беттері ақ-сары түсті фибринді қақпен жабылған эрозиялы ошақтар анықталды. Білектің сыртқы бетінде диаметрі 2 см домалақ пішінді қызыл-көкшіл түсті бөрткендер анықталады. Кейбір бөрткендердің орта бөліктерінде қанды сары сулы көпіршіктер немесе қызғылт қоңырлау түсті қабықшалар (кокарда симптомы) анықталды. Сиптталған клиникалық белгілер төмендегі аурулардың қайсысына тән?
Көптүрлі жалқықты қызарма
Ауыздың жедел герпестік қабынуы
Тұрпайы күлбіреуікше
Белдеме теміреткі
Бенсан стоматиті


Ауыздың жедел герпестік қабынуы кезінде жүргізілген цитологиялық зерттеу арқылы анықталатын жасушалар:
Көпядролы алып жасушалар
Қан жасушалары
Пирогов-Лангханс жасушалары
Аконтолизденген жасушалар
Эпителийдің некробиоздың әртүрлі сатысындағы жасушалары


Бехчет синдромына төменде келтірілген белгілердің барлығы тән, тек қана біреуінен баскасы:
Ішектің патологиялық үрдіске катысуы
Гипопион-ирит
Түйінді қызарма
Тыныс ағзаларының кілегей кабығының жарақаттануы
Ауыз ішінде қайталамалы афталардың орын алуы


Қызарып домбыққан кілегей қабық бетіне ұсақ көпіршік бөрткендер шығып жарылған соң эрозиялы ошақтарға айналады. Бұл бөрткендер төмендегі аурулардың қайсысына тән:
Кайталамалы герпес
Тұрпайы күлбіреуікше
Буллезді пемфигоид
Ауыздың аллергиялық қабынуы, буллезді эрозиялы түрі
Қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі
Ұрттың алдынғы бөлігінде өзгермеген ауыз кілегей қабығында эпителийдің шектелген күнгірттенген, шамадан тыс мүйизгектенуі төмендегі аурулардың кайсысына тән:
Жазық лейкоплакия
Екіншілік мерез
Қызыл жалпақ теміреткі
Обыралды шектеулі гиперкератоз
Созылмалы гиперпластикалық кандидоз


Төменде көрсетілген аурулардын барлығы облигативті обыралды ауруларға жатады, тек қана биреуінен баскасы:
Кератоакантома
Еріннің абразивті обралды кабынуы - Манганотти хейлити
Шектеулі обралды гиперкератоз
Сүйелге ұксас обыралды ісік
Боуэн ауруы


Аурудың екінші кезеңінде зақымдалу ошағының бетінен алынған жағындының цитологиялық сипаттамасы: ыдыраған нейтрофильдердің аз ғана мөлшердегі өлеттенуден пайда болған заттары, толыққанды фагоцитоздаушы клеткалар, макрофагтар, жас эпителиальдыі клеткалардың қабаты, фузобактериялар мен спирохеталар саны азайғаны анықталады. Бұл көрініс қандай ауруға тән?
венсан стоматиті, жазылу кезеңі
қызыл жалпақ теміреткінің буллезді түрі
күлбіреуік қантамыр синдромы
миллиарлы жаралы туберкулез
ауыздың қайталама афталы қабынуы


Жасы 55-гі ер адам тандайында бөгде кұрылым пайда болып, ыңғайсыздық туындататынына шағымданады. Гипертония ауыруымен ауыргалы 15 жыл болған. Карап тексергенде: қатты тандайы мен жұмсақ тандайынын шекарасында диаметрі 7мм канға толы күлбіреуік бөрткен аныкталды. Сүңгі тиіп кеткенде онай жарылып, канды сары сулы суйык бөлініп, шағын эрозиялы ошак пайда болды. Никольский симптомы теріс . Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашкы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
Кулбіреуік кан тамыр синдромы
Пемфигоид
Тұрпайы кулбіреуікше
Аллергиялык стоматит
Тандайдын ыстыктан күюі
Жасы 42-гі мамандыгы геолог ер адам ернінің құрғауына, ысып- күюіне жиі түлейтініне шағымданып келді. Жакында ғана даладағы жұмысынан келген. Қарап тексергенде: еріндер жиегі аздап кызарған, құрғак және ұсақ қабыршактармен жабылған. Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашкы диагноздардын кайсысы сәйкес келеді?
Еріннің метеорологиялык кабынуы
Еріннің экзематозды кабынуы
Еріннің жапырактана кабынуы
Еріннің грандулярлы кабынуы
Еріннің аллергиялык кабынуы


Жасы 48-гі әйел аузынын ашып ауыратынына ас кабылдағанда, сөйлегенде ауру сезімінің күшейе түсетініне шағымданып келді. Карап тексергенде: екі ұртынын кілегей кабығында, ауыз табанында катты ауыратын эрозиялы ошактар аныкталды. Эрозиялар төңірегіндегі тінде көрер көзге өзгеріске ұшырамаған, бірак сакталган эпителий үзіктерін пинцетпен кысып тартса біраз жерге дейін сылынады. Төмендегі дәрілердің кайысысын жалпы емдеуге колданған тиімді болады?
Левофлоксацин
Ацикловир
Лидокаин
Цефтриаксон
Флуконозол


Жасы 44-гі әйел ауыз ішіне ауыратын бөрткендер шығып, сөйлеу ,ас кабылдау киындығына шағымданады. Карап тексергенде: екі ұрттын кілегей кабығында улкен көлемді эрозиялы ошактар аныкталады. Беттері жаланаш, төңіректерінде эпителий үзіктері сакталған, тіндердін калыпты түсі сакталған. Никольский симптомы он. Осы сипаттамага төменде көрсетілген алғашкы диагноздардын кайсысы сәйкес келеді?
Тұрпайы күлбіреуікше
Кызыл жалпак теміреткі,буллезді түрі
Дюринг дерматиті
Ошакты кызыл жегі, эрозиялы жаралы түр
Буллезді пемфигоид


Жасы 30-ғы әйел тілінін ауырып, сөйлегенде және ас кабылдаганда киналатынына шагымданады. Сонғы жарты жылда бойын дімкәстік билеп алсірей бастаган, түнге карай дене кызуы 37,2С дейін көтеріліп, терлей беретін болған. Карап тексергенде : тілдін үстінде санылауға ұксас жиегі тегіс емес, бірак жұмсак терен акау аныкталды. Сипап көргенде катты ауырады. Табаны тегіс емес, бүртікті грануляциялык тінмен жабылган. Осы сипаттамага төменде карсетілген алғашкы диагноздардын кайсысы сайкес келеді?
Туберкулез жарасы
Берішті шанкр
Трофикалык жара
Закымдану жарасы
Обыр жарасы


Жасы 25-гі жігіт тілінің өзгешелігіне, ерекше түріне шағымданып келді. Карап тексергенде: тілдін ұшында диаметрі 7мм домалак пішінді ашык кызыл түсті акау аныкталады. Акаудын жиегі тегіс, табаны жылтыр, консистенциясы катты, шеміршекке ұксас, сипап көргенде ауырмайды. Төңірегіндегі тіндер өзгермеген, аймактык лимфа түйіндері ұлғайған, консистенциясы тығыз, бірак ауырмайды. Осы сипаттамаға төмендегілірдің кайсысы сәйкес келе?
Берішті шанкр
Туберкулез жарасы
Трофикалык жара
Закымдану жарасы
Обыр жарасы


Жасы 64-тегі әйел аузынан нашар иіс шығатынына, тілінің асты ауыратынына шагымданады. Созылмалы жүрек кан тамыр жетіспеушілігімен біраз жылдан бері ауырады. Карап тексергенде: бет терісі бозғылт, еріндері көкшіл, аздап ентігеді. Ауыз іші кілегей кабығы бозғылт көкшіл-кызғылт түсті. Ауыз түбінде жиегі тегіс емес, иір-киыр аумакты ойык-жара аныкталады, беті акшыл коныр түсті өліетті какпен жабылган. Сипап тексергенде ауырады, төңірегіндегі тіндер бозгылттанган. Осы сипаттамага төменде көрсетілген алғашкы диагноздардын кайсысы сәйкес келеді?
Трофикалык жара
Туберкулез жарасы
Берішті шанкр
Созылмалы закымдану жарасы
Обыр жарасы


Ауыздың қайталама афталы қабынуының ауыр түрі:
Турен үлкен афтозы
лайелл ауруы
шегрен синдромы
мелькерссон-розенталь синдромы
стивенс-джонсон синдромы
Жасы 65-тегі ер адам, кургактыгына ысып-куйіп мазалайтынына шагымданады. Жарты жыл бурын асказаннын 3/2 бөлігі резекцияланган. Дәрі-дәрмекті сирек кабылдайды. Карап тексергенде: ауыз іші кутімі нашар, кілегей кабыгы бозгылттанган. Тілдің көлемі біраз улгайган, устіндегі буртіктері тегістеліп, жылтыраган акшыл-кызыл тусті жабынды эпителий жукарган. Осы сипаттамага төменде көрсетілген алгашкы диагноздардын кайсысы сәйкес келеді?
Гунтер-Миллер глосситі
Глоссалгия
Тілдін атрофиялана кабынуы
Тілдін тулей кабынуы
Тілдін аллеогиялык кабынуы


Жасы 52-дегі әйел екі ұрттынын ас кабылдаганда ашып ауыратынына, ащы, кышкыл тағамдар кабылдау киындаганына шагымданады. Ауыру сезімі 2-3 айдан бері мазалайды . Карап тексергенде: екі ұртынын арткы бөліктерінде 36,37,46,47,тістер денгейінде әртурлі көлемді эрозиялы ошактар аныкталады, беттері акшыл-сарылау тусті фибринді какпен жабылган, онай ашылады, эрозия беті ашылып, катты канайды. Эрозиялар аралыктарында және төніректерінде диаметрі 2-3мм туйіншектер (папулалар) топтаса өрнек кұрай орналаскан. Аймактык лимфа туйіндері аздап ұлғайған, ауырады. Осы сипаттамага төменде карсетілген алгашкы диагноздардын кайсысы сәйкес келеді?
Қызыл жалпақ теміреткі
Созылмалы механикалык закым
Лейкоплакия
Лайел синдромы
Туберкулез жарасы


Жасы 49-дағы әйел тілінің бүйір бетінің кұрғауына, ысып-күйіп мазалайтынына, кілегей кабығының кедір-бұдырлығына шағымданады. "Қант диабеті, компенсациялаған түрі " деген диагнозбен дәрігер-эндокринологта диспансерлік бакылауда 4 жыл тұрады. Қарап тексергенде: тілі аздап домбыккан, бүйір беттерінде тістердің ізі калған, үстінде калын акшыл-сұр түсті как аныкталады және күшпен кырылып ашылады.Тілдін жіпке ұксас бүртіктері аздап ұзарып, калындаған. Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашкы диагноздардын кайсысы сәйкес келеді?
Кырманы микроскопиялык зерттеу
Биопсия
Каннын жалпы кұрамын талдау
Иммунологиялык зерттеу
Серологиялык зерттеу
Жасы 48-дегі әйел аузынын кұрғауына ысып-күйіп мазалайтынына, шырышты кабығынын тегіс еместігіне шагымданады. "Кант диабеті компенсацияланған түрі" деген диагнозбен эндокринологта диспансерлік бакылауда тұр. Карап тексергенде: тілінің үстінде және ұртында акшыл-сұр түсті тоға кұрап орналаскан, онай алынатын кактар аныкталады. Кактар алынган аймакта кілегей кабык катты кызарып, домбыккан. Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашкы диагноздардын кайсысы сәйкес келеді?
Ауыз кандидозы
Лейкоплакия
Кызыл жегі
Кызыл жалпак теміреткі
Ауыздын созылмалы закымы


45 жастагы әйел адам тістер сауытынын көптеген акауына шагымданып келді. Караган кезде: 36, 35, 34 тістердің вестибулярлы беткейдің мойын аймагында дентин денгейінде ушбурыш пішінди тыгыз және жылтыр кабыргасы бар тістің катты тіндерінің жойылуы байкалады. Зондтау ауырсынусыз. Сіздін алгашкы диагнозыныз:
Сына тәрізді акау
Тістін катты тіндерінін некрозы
Тістін катты тіндерінін эрозиясы
Беткей тіс жегісі
Орташа тіс жегісі


49 жастагы әйел адам тілдің бүйір бетінде бұдырлық пен күйдіру сезіміне шағымданады. Соңғы 4 жылдан бері дәрігер-эндокринологта кант диабетінің компенсирленген түрі диагнозымен диспансерлік бакылауда тур. Караганда: тілдің аркасында және ұрттын сол жак шырышты кабығында - ак түсті жұғынды мен тостағаншалар бар. Шпателмен кырғанда жұғынды жартылай алынады. Диагноз кою үшін колданылатын тексеру әдісі:
Жұғынды микроскопиясы
Биопсия
Жалпы кан анализі
Иммунологиялык зерттеу
Серологиялык зерттеу


35 жастагы ер адам ұзак уакыт бойы жазылмайтын төменгі ерініндегі жарыкка шагымданады. Караганда: төменгі еріннің кызыл жиегінде - жарык, пальпацияда ауырсынусыз, негізінде шеміршек тәрізді инфильтрат бар. Төменгі жакасты лимфа туйіндері орман жангагы калеміне дейін ұлғайған, тығыз консистенциялы, пальпацияда ауырсынусыз. Диагноз кою үшін колданылатын реакция:
Бозғылт трепонемалар иммобилизация реакциясы
Лимфоциттер бласттрансформация реакциясы
Пассивти гемагглютинация реакциясы
Лейкоциттер агломерация реакциясы
Лейкоцитолиз реакциясы


39 жастағы ер адам кызыл иегінің кансырауына, жұтынған кездегі ауырсынуға, дене кызуынын 38,5 С-ге дейін жоғарлауына шағымданады. Караганда: тері беткейі акшыл түсті, ауыз куысынан жағымсыз іріңді иіс шығады. Төменгі жакасты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады, кызылиек емізікшелері некроздалган, зондтаганда канайды. Ретромолярлы кеністік пен миндалиналар аймагында некроз аймактары аныкталады. Коршаган шырышты кабык акшыл тусті. Нуктелік петехиальды кан кұйылулар байкалады. Алғаш өткізетін тексеру әдісі:
Жалпы қан анализі
ПЦР-диагностика
ИФА-диагностика
Цитологиялык зерттеу
Қандағы гемоглобин деңгейін анықтау


Тіс дәрігерге 65 жастағы науқас тілінде қышу және ауру сезімі, ауыз қуысынын кұрғактануына шағымданып келеді. Анамнезі бойынша: жарты жыл бұрын асказандагы обырды алдырыткан. Карап тесергенде: ауыз куысы санацияланбаған, тіс кактары көп, ауыз куысынын шырышты кабаты бозғылт. Тілі кызыл, тегістелген, жіп тәріздес емізікшелері атрофияланган. Сіздің алдын ала коятын диагнозыңыз:
Гентер- Меллердин глосситі
десквамативті глоссит
ромб тәрізді глоссит, жалпак түрі
глоссалгия
Кандидозды глоссит


Науқас В., 43 жаста, тілдің ерекше түріне, тітіркендіргіш тағамды қабылдау кезіндегі ауырсынуына, күйдіру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: тілдегі суреттің кезеңді ауысуын науқас байқайды. Қарау кезінде: тіл аркасының бөлек аймағында және бүйір беткейінде ақ-сұр түсті эпителийдің қараңғылау аймағы сызылады. Ошақтар сопақ пішінде болады, бір суретке қосылғанда географиялық картаны еске түсиреді. Осы клиникалық жағдайда қандай болжамды диагноз?
Десквамативті глоссит
Ромб тәрізді глоссит
Қатпарлы тІл
Шашты тІл
Глоссалгия


Ер адам Б., 59 жаста, күйдіру сезіміне, кейде тағам кабылдау уакытында термиялык тітіркендіргіштерден күшейетін ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде тістердің түйісу сызығы бойындағы қоршаған шырышты қабат үстінде пайда болатын ұрт шырышында бұдырлы түзіліс анықталады. Зақымдалу ошағы тығыз, қатпарға жиналмайды Зақымдалған аймақ түсі - сүт - ақ жылтырмен. Кератоз аймағы айналасының шырышы өзгермеген. Гистологиялық анализ дәнді және мүйізді қабаттың өсу арқасында қалындауын көрсетеді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
Веррукозды лейкоплакия
Эрозивті-жаралы лейкоплакия
Жұмсақ лейкоплакия
Таппейнер лейкоплакиясы
Жалпақ лейкоплакия


Қарау кезінде: ұрттың шырышты қабатында көптеген жаралар бар, гиперемияланған. Науқас 43 жаста, тағам қабылдау кезіндегі ауырсынуға, күйдіру сезіміне шағымданады және ісінген негіз айналасында папоротник суреті ретінде папулалар орналасқан. Жаралар дұрыс емес пішінді фиброзды қақпен жабылған, соның астында грануляция орналасқан.Сіздің болжамды диагнозыңыз?
Қызыл жалпақ теміреткі, жалпақ түрі
Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті-жаралы түрі
Қызыл жалпақ теміреткі, гиперкератотикалық түрі
Қызыл жалпақ теміреткі, экссудативті-гиперемиялық түрі
Қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі


Науқас А., 34 жаста, ерін құрғауына, тартуы сезіміне, қабыршактануына шағымданады. Нақты аурудың дамуы: аллергологиялық анамнезі теріс, наукастың мамандығы ұзақ уақыт суық ауада болуына байланысты. Объективті: төменгі жақ-асты лимфа түйіндері екі жақта өлшемі орман жаңғағына дейін ұлғайған, тығыз эластикалық консистенциялы , біршама ауырсынбалы, қоршаған тіндермен жабыспаған. Ауыз қуысында: төменгі еріннің қызыл жиегі гиперемияланған және инфильтрацияланған, ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ерін маңының шырышты қабаты және терісі патологиялық өзгеріссіз. Көптеген тісжегі қуысы, борпылдақ тіс шөгінділері анықталады. Берілген клиникалық жағдайда қандай болжамды диагноз?
Метеорологиялық хейлит
Эксфолиативті хейлит
Гландулярлы хейлит
Контактты аллергиялық хейлит
Актиникалык хейлит


Науқас Ф., 40 жаста ерін өлшемінің ұлғаюына, сөйлеу кезінде ерінде сілекейдің пайда болуына шағымданады. Объективті: ерін қалындаған, кеңейген сілекей безі өзегінің тесігі көрінеді, одан сілекей тамшысы бөлінеді ("шық" симптомы). Пальпация кезінде ерін қалындығында ұсақ "бұршақ" - безді тіндердің гипертрофиясы анықталады. Өзгеріс өтпелі аймақта орналасады, яғни еріннің қызыл жиегі және ауыз қуысының шырышты қабаты арасындағы аймақта. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
Гландулярлы хейлит
Актиникалык хейлит
Эксфолиативті хейлит
Экзематозды хейлит
Метеорологиялық хейлит


Тек қана еріннің қызыл жиегінде қабыршақтануымен жүретін созылмалы ауруы. Зақымдалуы элементі қабыршақ түрінде, ортасы маңайындағы тіндермен тығыз байланысты. Құрғақ және жарғақты түрін ажыратады. Бұл қандай ауру
Эксфолиативті хейлит
Экзематозды хейлит
Актиникалык хейлит
Гландулярлы хейлит
Метеорологиялық хейлит


Науқас Д., 67 жаста, төменгі еріннің қызыл жиегінде механикалық және химиялық тітіркендіру кезінде ауырсынатын бір эрозия пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: төменгі ерінде эрозия кезенді пайда болады, тез эпителизацияланады және төменгі еріннің дәл сол бөлікте қайтадан пайда болады. Қарау кезінде: төменгі ерін қызыл жиегінің орталық бөлігінде беті тегіс, сопақ пішінді эрозия. Пальпация эрозия ауырсынусыз. Айналасындағы шырышты қабат қабынбаған. Гистология: эпителий жасушасының дегенеративті өзгеріс. Сіздің диагнозыңыз?
Абразивті преканцерозды хейлит Манганотти хейлиті
Кейер эритроплазиясы
Боуэн ауруы
Қызыл жиегінің сүйелді обыралды
Шектелген обыралды гиперкератоз


Ер адам 66 жаста, ауыз қуысында бір апта бұрын байқалған қызыл дақтың болуына шағымданады. Объективті: оң жақ ретромолярлы аймактың шырышты қабатында шектелген ошақ көлемі 2 x 1,3 см бархатты беткейлі қою қызыл түсті зақымдалады. Ошақ сәл төмен түсіп тұрады, беткейінде гиперкератоз аймағы анықталады. Гистологиялық: әлсіз айқындалған гипер- және паракератоз, акантоз және эпителиальды өскіннің кезеңі, базальды қабат сақталған; тікенек қабатта-жасушалық және ядролы полиморфты. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Боуэн ауруы
Қызыл жегі, эрозивті түрі
Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті түрі
Лейкоплакия, эрозивті түрі
Жалпақ жасушалы мүйізделуші обыр


Науқас К, 37 жаста. Ауыз қуысының ауырсынуына, күйдіруіне шағымданады. Анамнезінен анықталғандай бұрын ондай болмаған,жалпы жағдайы нашар, дімкәстік. Объективті: таңдайда, тіл арқасында, ұртта қызыл дақтардың болуына. Тілде орталық сызық бойынша еміздікшелердің атрофиясы. Тілде қатпардан шығыңқы бөлігінде шекарасы айқын емес, гиперкератоз белгілерісіз, түктерге ұксас. Диагноз қойыңыз:
АИТВ
Мерез
Туберкулез
Жаралы-некротикалық стоматит
Лимфалейкоз


Ер адам 62 жаста бірнеше ай бұрын тілде пайда болған ауырсынбайтын түзіліске шағымданады. Объективті: тісжегі және толық бұзылған тістер саны көп, тілдің бүйір беткейінде - 10,5 мм өлшемде ақшыл түс тегіс емес беткейімен сүйел түрінде ауырсынбайтын түзіліс байқалады. Гистологиялық: эпителийдің мүйізді қабатының қалындауы мүйізделудің түрімен. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Лейкоплакияның веррукозды түрі
Кандидоздың гиперпластикалық түрі
Сүйелді обыр
Қызыл жалпақ теміреткінің гиперкератотикалық түрі
Кератоакантома


Ер адам 56 жаста, ауыз қуысында екі апта бұрын байқалған қызыл дақтың пайда болуына шағымданады. Объективті: сол жақ ретромолярлы аймақтың шырышты қабатында шектелген ошақ көлемі 2 x 1,5 см қою қызыл түсті зақымдалады . Ошақ сәл төмен түсіп тұрады, беткейінде гиперкератоз аймағы анықталады. Гистологиялық: әлсіз айқындалған гипер- және паракератоз, акантоз және эпителиальді өскіннің кенеюі, базальды қабат сақталған; тікенек қабатта-жасушалық және ядролы полиморфты, "мүйізді маржан". Қандай диагноз болуы мүмкін?
Боуэн ауруы
Қызыл жегі
Қызыл жалпақ теміреткі
Лейкоплакия
Жалпақ жасушалы муйізделуші обыр


Науқас С, 63 жаста, тілдің ерекше түріне, өткір және ыстық тағам қабылдау мүмкін еместігіне шағымданады. Бірінші рет тығыз, ыстық тағам қабылдау кезіндегі тіл күюіне назар аударғаннан бастап, бір ай бойы өзін сырқатпын деп санайды. Объективті: ауыз қуысында жоғарғы жақта альвеолярлы өсіндінің біркелкі, айқындылығы орташа дәрежедегі атрофия. Тілдің бүйір беткейіндегі шырышты қабатында гиперемия және ісіну түрінде қарастырады, ақ-сұр түсті өлшемі 2-3 мм ошақтар папоротник жапырақтарының суретіндей қосылған. Қыру кезінде қақ алынбайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Қызыл жалпақ теміреткі
Қызыл жегі
Аллергиялық стоматит
Ауыз қуысының шырышты қабатының кандидозы
Жалпақ лейкоплакия


Ер адам 45 жаста төменгі еріннің қызыл жиегінде ауырсынбайтын ақшыл түсті бөліктің болуына шағымданады. Объективті: төменгі ерін қызыл жиегінің оң жағында ортасына жақын шектелген бөліктің полигональды түрі 0,5-1,0 см өлшемінде анықталады. Закымдалу ошағынын беткейі ақ-сұрғылт түсті және тығыз жататын ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ошақ сәл түскен, қоршаған тіндер өзгеріссіз. Пальпация өзгерген бөлікте ауырсынбайды, негізінде қалындауы анықталмайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Қызыл жалпақ теміреткі
Қызыл жегі
Кандидозды хейлит
Лейкоплакия, жалпақ формасы
Шектелген обыралды гиперкератоз


Әйел 52 жаста, тілдің ұшында және бүйір беткейіндегі тұрақты күйдіру сезіміне шағымданады. Күйдіру таңертең пайда болады және кешке таман күшейеді, тағам қабылдау кезінде басылады. Өзін бір жылдай сырқатпын деп санайды. Аурудың болуын алмалы -салмалы протезді орнатуымен байланыстырады. Анамнезінде: анацидті гастрит, жатыр фибромиомасы бойынша операция, гипертоникалық аурудын II дәрежесі, нашар ұйқы, қорқыныш сезім. Объективті: тіл сәл ісінген, тіл арқасында -аз мөлшерде ақ қақ, жіптәрізді емізікше атрофиясы. Қалған шырышты қабат патологиялық өзгеріссіз.Жұтыну рефлексі төмендеген. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Тіл жүйкесінің невриті
Кандидозды глоссит
Пластмассаға аллергиялық реакция
Гюнтер-Миллер глосситі
Глоссодиния


Әйел 51 жаста тілдің арқасында және бүйір беткейінде тағам қабылдау уақытында жоғалатын, бірақ кешке күшейетін күйдіру және сұққылау сезіміне, ауыз қуысында құрғақтыққа, дәм сезудің бұрмалауы. Бірінші рет осындай сезім бір жыл бұрын психикалық жаракаттан кейін пайда болды, уақыт аралығында осы сезім күшейеді .Анацидті гастритпен, қант диабетпен ауырады, нашар ұйықтайды. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Глоссодиния
Тіласты ганглийдің ганглиониті
Гюнтер-Миллер глосситі
Десквамативті глоссит
Кандидозды глоссит


Науқас Ж., 43 жаста, жағымсыз сезімге, ауыз қуысында әртүрлі аймақтағы - тіл ұшында, қатты таңдайда парестезия ауырсынуы (құрғау, күйдіру, керілу, шаншылу). Нақты аурудың дамуы: 1ай бұрын кешке күшейетін күйдіру сезімі пайда болған, жедел сезіледі. Әрі қарай науқас тағам қабылдау уакытында ауырсыну жоғалуын байқайды. Объективті: Сыртқы қарау ерекшеліксіз. Терінің және көрінетін шырышты қабаттың түсі физиологиялық. Регионарлы лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Ауыз қуысы патологиялық өзгеріссіз. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
Глоссалгия
Глоссит
Хейлит
Неврит
Невралгия


Науқас И., 57 жаста, төменгі еріннің ауырсынуына және қанауына шағымданады. Анамнезінен: төменгі ерінге 1 ай бұрын жара қайтадан пайда болды. Осындай көрініс суық мезгілде жиі пайда болып тұрады. Жағымсыз әдеттер: шылым шегу, ерінді жалайды және тістейді. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Сырткы қарау ерекшеліксіз. Терінің және көрінетін шырышты қабаттын түсі физиологиялық. Регионарлы лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Еріннің қызылжиегі құрғақ және бұдырлы. Төменгі еріннің қызылжиегинде орта сызық бойында көлденең сызыкты, қанды қабыкпен жабылған тіндер ақауы бар. Пальпация кезінде қкау негізінде қабыну инфильтраты анықталады. Сіздің болжамды диагнозыңыз
Еріннің созылмалы жырығы
Көпформалы жалқықты эритема
Эксфолиативті хейлит
Экзематозды хейлит
Милькерсон-Розентал Макрохейлиті


Науқас 55 жаста, жұмсақ таңдайда көпіршіктің болуына шағымданып келді. Бұрын таңдайынан көпіршіктердің пайда болуын байқаған, 1-2 күннен кейін апта аралығында жазылған. Анамнезінен II дәрежелі гипертоникалық ауру. Объективті: сол жақ жұмсақ таңдай шырышты қабат фонында диаметрі 1 см дейін қан кұйылған көпіршік анықталды. Болжамды диагноз қандай?
Көпіршікті-тамырлы синдром
Герпетиформды Дюринг дерматиті
Қатерсіз акантолитикалык емес көпіршік
Левер Буллезді пемфигоиды
Қызыл жалпақ теміреткінің буллезді формасы


Әйел 33 жаста, жоғарғы еріннің ұлғайюына шағымданады. Анамнезінде оң жақтағы бет жүйкесінің парезі. Бірінші рет бір жыл бұрын ауырған, тез жоғалатын жоғарғы еріннің ісігі пайда болған, бірақ еріннің біршама ұлғаюы қалды. Үш күн бұрын суық тиюден кейін қайтадан тез ұлғайды. Объективті: жоғарғы еріннің оң жағы көп өлшемде ұлғайған, пальпация кезінде жұмсақ, эластикалы ауырсынусыз, қысқанда саусактың ізі қалмайды. Тіл ісінген, тіл арқасында кқтпарлар, тіл беткейі бұдырлы. Қандай диагноз болуы мүмкін?
Мелькерсон-Розенталь синдромы
Квинке ісігі
Ашер синдромы
Мейж трофедемасы
Ерін элефантиаз


Тілінде ауырсыну және күйдіру сезімі, тамақтанғаннан соң басылады. Бұл неге тән:
Глоссалгияда
Глосситке
үшкіл нервтің невралгиясы
Десквамативті глосситте
Ромботәрізді глосситте


Глоссит - бұл:
Тілдің қабынуы
Еріннің қабынуы
Қызылиектің қабынуы
Сілекей безінің қабынуы
Ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы


Наукастың жасы 60. Тағам қабылдағанда шымырлау, тілдің беті инемен шаншыған сияқты шымырлаған сезімдерге шағымданады. Бірақ ауру сезімі кешкі уакытта және ас қабылдағанда мазаламайды. Қарап тексергенде: ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл қызғылт түстес, суланған, сипап тексергенде ауырмайды. Диагнозын анықтаңыз:
глоссалгия
десквамативті глоссит
гиповитаминоз В тобы
лейкоплакияның жалпақ түрі
Cозылмалы гиперпластикалық кандидоз


Наукас М., 30 жаста, сөйлегенде, тамақ ішкенде ұрттың шырышты қабатының қатты ауырсынуына шағымданады. Объективті: ұрттың шырышты қабатының тістердің түйісу сызығы бойында, қызарған шырыштының үстінде афта анықталады, шеттері тегіс, үсті қиын алынатын ақшыл-сары фибринозды жағынмен жабылған. Сіздің болжам диагнозыңыз?
созылмалы қайталамалы өршімелі афтозды стоматит
Созылмалы механикалық жаракат
Қайталамалы герпетикалық стоматит
белдемелі теміреткі
лейкоплакия


Жасы 20-ғы жігіт дәрігер стоматологқа дене қызуының көтеріліп, ауыз ішінің қатты ауыратынына, аузын ашып ас қабылдау қиындағанына, аузынан жағымсыз иіс шығатынына шағымданып келді. Бұдан екі апта бұрын суық тиіп ауырған. Қарап тексергенде: еріндер жиегі құрғақ, аздаған қабыршақтармен жабылған, 45; 46; 47; 48 тістер аймағындағы қызылиек, ауыспалы қатпар қатты қызарып домбыққан, беттері кір-сұр түсті қақпен жабылған. Қызылиек бүртіктері бетіндегі қақ оңай алынып, эрозиялы -жаралы ошақтар анықталады. Бұл ауруды төмендегі аурулардың тек біреуінен басқасының бәрінен ажырата білу керек:
Ауыздың дәріден буллезді қабынуы
Қан аурулары кезіндегі ауыздың өліеттеніп-жаралана қабынуы
Қорғасынмен созылмалы улану
Ауыздың аллергиялық өліеттеніп-жаралана қабынуы
Висмутпен созылмалы улану


21-дегі жігіт тілінде жаңа белгісіз құрылым пайда болып, ыңғайсыздық туындатқанына шағымданып келді. Қарап тексергенде : тілінің сол жақ бүйір бетінде сопақ пішінді, ені 7,0 мм, шекарасы анық, қызыл түсті көтеріңкі орналасқан эрозиялы ошақ анықталды. Эрозия табанында тығыз консистенциялы және эрозия ошағынан көлемдірек инфильтрат анықталды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, пальтпация кезінде ауырмайды. Төменде берілген аурулардың біреуінен басқасының бәрімен аурудың диференциалды диагностикасы жүргізіледі:
Ауыздың жедел герпестік қабынуы
Обыр жарасы
Созылмалы зақымдық жарасы
Берішке ұқсас пиодермия
Ауыздың қайталамалы афталы қабынуы


Дәрігер стоматологқа еріндер жиегінің құрғауына, ысып күйетініне, қабыршақтанатынына шағымдана келді. Қарап тексергенде: екі еріндер жиегі қатты қызарған, құрғақ және ұсақ қабыршақтармен жабылған, екі езуіне жақын ұсақ тіліктер байқалады. Анемнезі: жігіттің мамандығы жоғарғы вольтті электр жүйесінде монтаждаушы. Төмендегі диагноздардың қайсысы бұл клиникаға сәйкес келеді:
Еріннің күн райы әсерінен қабынуы
Еріннің эксфолиативті қабынуы
Манганотті хейлейти
Еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы
Екі езудің актиндік қабынуы


емделуші стоматологқа тілінің үстіндегі 14 күн бұрын байқаған өзгерістерді көрсетуге келген. Тілді қарап тексергенде тіл үстінің артқы бөлігінде беті тегіс ақшыл-сұр түсті, әртүрлі көлемді ендері 6-7 мм қосыла орналасқан бірнеше ошақ анықталды , тіл бүртіктері семіп жойылған . Төңірегіндегі тіндердің рельефі сақталған және жарақат ошақтарынан биіктеу . Сипап байқағанда ошақтар аймағы тығыз консистенциялы . . Бірақ ауырсыну белгілері мазаламаған Аурудың салыстырмалы диагностикасын төмендегі аурулардың біреуінен басқасының бәрімен жүргізеді:
Ауыздың герпестік қабынуы
Тілдің түлей қабынуы
Лейкоплакия
Қызыл жалпақ теміреткі
Ауыздың созылмалы атрофиялаушы кандидозы


Жасы 25-тегі емделуші тіліндегі жаңа құрылым пайда болғанына, тілін қозғаған кезде ыңғайсыздық сезінетініне шағымданады . Қарап тексергенде тілінің үстінде ұшына жақын диаметрі 7 мм - дей қызыл түсті , домалақ пішінді шекарасы анық, төңірегіндегі тіндерден көтеріңкі орналасқан эрозия ошағы аныкталды . Беті таза және тегіс , табан аймағы тығыз, бірақ ауырмайды . Аймактық лимфа түйіндері ұлғайған , қозғалмалы , тығыздау эластикалық консистенциялы. Бөрткенді төмендегі аурулардың біреуінде орын алатын бөрткеннен ажырата білу керек:
Ауыздың қайталамалы афталы қабынуы кезіндегі афтадан
Декубитальді жара
Туберкулез жарасы
Обыр жарасы
Трофикалық жара


Теріде ақауы бар жерде талшықты дәнекер тіннің өсуі
тыртық
тілік
папула
пустула
домбықпа


Терідегі қан немесе ірің, серозды экссудаттың кебуінен пайда болған түзіліс
қабыршық
домбықпа
жара
папула
домбықпа


Қызылиектің өліеттене-жаралана қабынуын этиотропты емдеу үшін қай препаратты қолданған неғұрлым тиімді:
Метронидаззол
микосист
мерказолил
метилурацил
монофосфотиамин


өлшемі 5 мм дейін болатын қызғылт, қызыл немесе пурпуралы түсті дөңгелек дақ, теріні тартқанда немесе басқанда жоғалатын элемент
розеола
макула
эритема
тыртық
жара


үлкен өлшемді, дұрыс емес формалы, розеолаға жақын өлшемі 10мм
макула
пустула
тыртық
жара
көпіршік


терінің қызарған жерінің көп бөлігі, дақты элементтердің бір бірімен қосылуынан қалыптасады немесе жеке терінің зақымдалу формасы
эритема
іріңдік
тілік
пустула
макула


Тіс ұлпасында құрылымы бірыңғай ошақтала орналасқан тұзды минерал шөгінділері неғұрлым дұрыс қалай аталады:
петрификат
дентикл
каналикулдар
ұршық
филаменттар


Тек қана көптүбірлі кіші азу тіс қуысында болатын қандай элемент?
табаны
мүйізше
күмбез
түбір өзегі
қабырғасы


Тіс тоғасының негізгі массасы неден тұрады:
Бактериялардан
Құрылымсыз эпителиальді клеткалардан
Лейкоциттерден
Моноциттерден
Эритроциттерден


Пелликуланың маңызы:
Кіреукені қорғау
Кіреукенің деминерализациясы
Витаминдердің түзілуі
Иммуномодулятор
Аммортизациялаушы


Тіс тасының құрамына төмендегі аталған бейорганикалық компоненттерден басымдысы:
кальций фосфаты
кальций карбонаты
магний
темір
мыс


Тіс табақшасында төмендегі аталған микроорганизмдерді қандайы басымды?
кокктар
спирохеттер
вибриондар
актиномицеттер
қарапайымдар


"Тетрациклин" тістері қандай тісжегі емес зақымданудың түрлеріне жатады?
жүйелі гипоплазияға
жергілікті гипоплазияға
флюорозға
сына тәрізді ақауға
Капдепон дисплазиясына


жас жігіт жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауаға шағымданады. Тісінің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: алдыңғы күрек тістерінің вестибулярлы бетінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар орналасқан. Дақтың беті-тегіс, жылтыр. Дақ 2% метилен көгінің ертіндісімен боялмайды. Аталған тексеру әдістерінің қайсысы салыстырмалы диагностика жүргізу үшін неғұрлым дұрыс мәлімет береді?
витальды бояу әдісі
рентгенография
қағып тексеру
электроодонтометрия
сипап тексеру


25 жасар әйел жоғарғы және төменгі жақтағы фронтальді тістерінің косметикалық ақауына шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі жақтың фронтальді тістерінің вестибулярлы бетінде ашық-қоңыр түсті дақтар байқалады, осының фонында тереңдігі әртүрлі ойықтар бар.Шұқып тексергенде ойықтардың қабырғалары тығыз, ауырмайды, шұқығыш сырғанайды. Салыстырмалы диагностика жүргізу үшін төменгі аталған тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғұрлым дұрыс?
аурудың анамнезін жинау
рентгенография
витальді бояу әдісі
электроодонтометрия
температуралық тітіркендіргіштерге жауап


Бастапқы тісжегіні анықтау мақсатымен витальды бояу әдісін жүргізу үшін қандай бояуды қолданған неғұрлым дұрыс болады:
Метилен көгі
Гематоксилин
Негізгі фуксин
Эритразин
Пикрофуксин


39 жастағы ер адам сауықтыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 46 тісінің дистальды шайнау бетінде тереңдігі жабынды дентин деңгейіне дейінгі, іші ас қалдықтарына және жұмсарған дентинге толы тістің қатты тіндерінің ақауы анықталды. Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы неғұрлым тиімді?
Электроодонтометрия
Перкуссия
Трансиллюминация әдісі
Температуралық тітіркендіргіштерге жауабы
Ауру тарихын жинау


Милиарлы-жаралы туберкулез кезінде бұдырмақтар ыдырағаннан кейін жиектері жырылған, табандары грануляциялық тіндермен жабылған қатты ауыратын жаралар пайда болады, және төңіректерінде сары түсті тары дәндеріне ұқсас инфильтративті құрылымдар анықталады. Бұл құрылымдар қалай аталады?
Трель дәндері
Уикхем сеткасы
Алма желісі симптомы
Берішті шанкр
Фордайс денешіктері


Қызыл жалпақ теміреткінің әдеттегі түріндегі папулаға берілген сипаттамалардың барлығы тән,тек қана:
жиектернде қызарған қоршау
диаметрі 1-1,5мм
сипап тексергенде ауырмайды
бірлесіп өрнек құрайды
ауыз қуысының артқы бөлігінде орналасады


Афтаға тән емес белгіні көрсетіңіз.
тыртықтанып жазылады
сипағанда ауырады
тегіс, сопақ пішінді
жиектері қызарған
беті фибринді қақпен жабылған


Әртүрлі өлшемді қуысты тығыз экссудативті элемент?
күлдіреуік
тыртық
язва
дақ
эритема


Везикулалардың қосылуынан пайда болатын элемент?
булла
жара
тыртық
іріңдік
күлдіреуік


Ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы?
стоматит
глоссит
неврит
гингивит
периодонтит


Стоматит дегеніміз қай аймақтың қабынуы?
ауыз қуысының шырышты қабаты
тілдің
төменгі жақ асты лимфа түйіндерінің
қатты таңдайдың
ешбір жауап дұрыс емес


Жасушалардың, жасуша аралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулерімен сипатталады.
алтерация
пролиферация
гиперкератоз
акантолиз
экссудация


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет