Фурункул өзгермеген теріде
немесе беткей және терең
стафилодермияның асқынуы ретінде түзілуі мүмкін. Фурункул
мен фурункулез дамуында қоздырғыш вируленттілігі мен
патогенділігінен басқа экзогенді
және эндогенді бейімдеуші
факторлардың да алатын орны ерекше
. Экзогенді
факторларға
инфекцияның енуіне
мумкіндік жасайтын шаң-тозаң, көмір,
металл,
бөлшектерімен
ұсақ
механикалық
жарақаттану,
стафилококктардың қайталап еніп, сапрофиттердің патогенді
түрге ауысуына жағдай жасайтын киіммен үйкелуі (әсіресе
мойында,
бел
аймағы,
жамбаста);
қасыну
(экземада,
нейродерматозда, қотырда) жатады.
Эндогенді факторлардың
ішінде арықтау, зат алмасу бұзылыстары (диабет, семіздік),
асқазан-ішек жолы аурулары, қан аздық, гиповитаминоздар, нерв
және эндокринді жүйе аурулары, алкоголизм, жиі салқындап қалу
не
қатты
қызынып
кету,
т.б.
организмнің
жалпы
иммунобиологиялық реактивтілігінің төмендеуіне әкелетін
факторларды атап өткен жөн. Фурункулдар көктем, күз
айларында жиі кездеседі. Үлкендерге
қарағанда, балалар,
әйелдерге қарағанда, еркектер жиі ауырады. Фурункул дамуында
инфильтрат дамуы; іріңдеу
мен некроз; жазылу сатысын
ажыратады
(18-сурет).
Алдымен
шаш
қапшығының
айналасында
әлсіз
ауырсынумен
не
шаншумен
сипатталатын
ашық-қызыл түсті
бұлыңғыр
жиекті
тері
деңгейінен
көтеріңкі қатты инфильтрат
түзіледі. Уақыт өте келе
инфильтрат ұлғайып,
тығыз
ісік пішініне енеді, айналасындағы тін ісінеді (қабағы, беті,
ернінің ісігі айқын болуы мүмкін) және ауырсыну сезімі
күшейеді. 3-4-күндері екінші сатыға көшеді:
фурункул диаметрі
1-3 см-ге жетеді, ортасында беткейі пустуламен жабылған іріңді-
некротикалық серіппе түзіледі. Фурункулдың пішіні беткейі тегіс
Достарыңызбен бөлісу: