Интертригинозды стрептодермия немесе стрептококкты
баздану.
Ауру бір-бірімен жанасатын тері қыртыстарында
дамиды (әйелдерде емшек безінің астында, толық адамдар мен
балаларда қарын қатпарында, құлақ қалқанының артында, шап-
ұма бүкпесінде, жамбас араларында, қолтық астында және т.б.).
Біріншілік элемент – фликтенаның көлемі 2-3 мм. Көптеген
фликтеналар қосылысып, тез жарылып, ылғалды ақшыл-қызыл
түстес, шекарасы анық, шетінде түлеген эпидермисі бар үлкен
эрозиялар пайда болады. Негізгі зақымдану ошақтарының
жанында түрлі даму сатысындағы бөлек-бөлек орналасқан
пустулезді элементтер түріндегі себінділер көрінеді. Қыртыс
тереңінде жиі ауырсыну туғызатын жарықтар болады. Ағымы
ұзақ және айқын субъективті өзгерістермен жүреді. Ашытқылық
интертригинозды зақымдануларда көпіршік құрамы мен түзілген
қабықшалар
сарғыш
түс
бермейді;
шеткі
эпидермис
жұлындысында
немесе
себінділерде
ашытқы
тәрізді
саңырауқұлақ элементтерін табамыз.
|