Сондай-ақ, мұрынның қанаттары мен көз саңылауының
сыртқы шетін де зақымдауы мүмкін. Алдымен ауыз бұрышында
жарылғанда беткей орналасқан көлденең жарылулар түзетін әлсіз
көпіршіктер пайда болады. Түзілетін
бал-сары қабықшалар
мацерация нәтижесінде түсіп қалады. Ауру қышынумен, сілекей
ағумен, тамақ ішкенде ауырсынумен жүреді. Ринит, кариозды тіс,
конъюнктивит, езуін жалайтын әдеті бар адамдарда (сондықтан
ауру жиі балаларда дамиды),
жасанды тістер киетін қарт
кісілерде,
тамақ
құрамында
В
дәрумендер
кешені
жетіспеушілігінде ұзақ ағымда жүреді.
Сақина тәрізді импетигоның суйісу кезінде, сүлгі және ыдыс
арқылы жұғу мүмкіндігі жоғары.
Аурудың жанұяда жаппай
таралуы сипатталған. Емдемесе ауру ұзаққа созылады, себебі
әрдайым ауыз бұрышын жалау нәтижесінде
мацерацияны ұстап
тұрады.
Ауыздықты, мацерациясы мүйізді қабаттың түсіп қалуына
(жарылу) дейін жүретін ауыз бұрышының беткей кандидозынан
ажырату керек. Мерездің екіншілік кезеңінде ауыз бұрышындағы
эрозивті папулалардың инфильтративті
негізі болады жіне
аурудың басқа да симптомдары пайда бола бастайды.
Жәй теміреткі.
Жәй теміреткі стрептококкты импетигоның
құрғақ түрі болып саналады. Ол көбіне балаларда дамиды.
Дөңгелек, сопақша пішінді,
шекарасы анық, ақшыл немесе
қызғылт түстес, көлемді қабыршақтармен жабылған ошақтар
а б
Достарыңызбен бөлісу: