М ИЛИАРЛЫ ТУБЕРКУЛЕЗ НЕМЕСЕ БЕТТІҢ ЖАЙЫЛМАЛЫ МИЛИАРЛЫ ЖЕГІСІ Бет терісінде бөлек орналасқан, бір-бірімен қосылмаған
мөлшері 3-7 мм, төмпешіктер. Консистенциясы қамыр тәрізді,
зонд феномені оң мәнді. Диаскопияда «алма дірілдегі (желесі)»
белгісі оң мәнді. Туберкулез жегісінен төмпешіктерінің
орталығында пустуланы еске түсіретін ошақты некроздың
болуымен және ағымының ерекшелігімен ажыратылады. Олар тез
беткей пигментация немесе атрофиялық тыртықтар қалдырып
жазылады. Көбіне жас әйелдер ауырады.
Диагностикасы бөртпенің
клиникалық
көрінісіне,
төмпешіктің казеозды некрозына және гиспатологиялық
құрылымына негізделеді. Процессті розацеа мен папулезді
мерезбен және папулонекротикалық туберкулезбен ажыратады.
Милиарлы туберкулезден бөлек папулезді сифилидтер айқын