Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет168/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникалық 
көрінісі
.
Бастың 
шашты 
бөлігінде 
инфильтративті-іріңді микроспорияда ірі бірең-сараң ісікті-
инфильтративті ошақтар дөңгелек немесе овальды формамен, 
аутоинокуляцияның 
әсерінен 
бірнеше 
ұсақ 
ошақтармен 
шектелген 
(50-сурет)
. Зақымдалған ошақтарда барлық шаштар
6-8 мм деңгейінде сынған. 
Сынған шаштарда саңырауқұлақ спораларынан тұратын және 
сынған шаштардың қалдықтарын тығыз жабатын кішкене 
муфталар немесе қапшалар (тысшалар) көрінеді. Сынықтардың 
айналасындағы тері гиперемияланған, жиі көптеген тығыз сұр 
50-сурет. Бастың шашты 
бөлігінің микроспориясы
51-сурет. Тегіс тері
м
икроспориясы


асбестті 
қабыршақтармен 
немесе 
қабыршақты-қабықпен 
жабылған. 
Kerion
типті терең іріңді микроспория қызбамен, 
дімкәстікпен және лимфаденитпен жүреді.
Тегіс терінің зақымдалуы дөңгелек немесе овалды формалы 
айқын 
шекарамен 
шектелген 
эритематозды-сквамозды 
бөртпелелер пайда болады. Білік (валик) тәрізді көтерілген 
жиектерінде айқын ісіктермен папуловезикулездар, пустулалар, 
серозды-іріңді қабыршақтар көруге болады. Ошақтардың 
орталары әдетте, жиі жазылу кезеңінде аздап гиперемияланған.
Осы жағдайда ошақтар дөңгелек тәрізді форма түзеді. Процесстің 
өршу 
кезеңінде 
ошақтардың 
орталығында 
қабыну 
активизацияланады, сол кезде иристәрізді (нұрлы қабық) форма 
пайда болады. Көптеп жайылған жағдайларда ошақтар қосылады 
(51-сурет)
. Түк тәрізді шаштарының және тегіс терінің 
фолликуларының зақымдалуы фолликулдардың сағағының 
лихеноидты гиперкератоздалған папулалармен білінеді. Тегіс 
теріде ошақтар жақсы көрінеді, жиі қызықты кескінді фигуралар 
түзеді. Тотталған микроспорум емі қиын болатын жиі түк 
шаштарының зақымдалуымен бірге тегіс теріні зақымдайды.
Беткей 
микроспория 
антропонозды 
саңырауқұлақ 
M.ferrugineum
-пен шақырылады. Бастың шашты бөлігінде үрдіс 
айқын емес жиектерімен, дұрыс емес кескінді эритематозды- 
қабыршақты ошақтармен білінеді. Шаштар биік, әртүрлі деңгейде 
сынады, бірақ ошақтардың беткейінде көптеген сау шаштар 
сақталады. Сынған шаштар саңырауқұлақтар спораларынан 
тұратын тығыз жанасқан футлярмен қоршалған. Ошақтардың 
айналасында ажыраудың әсерінен, әдетте, қызғылт ұсақ 
фолликулярлы лихеноидты папулалар немесе эритематозды-
сквамозды дақты ұсақ элементтер көрінеді.
Микоздың біріншілік ошақтарын тітіркендіргенде тиімсіз ем 
немесе саңырауқұлақты енгізгенде организмнің реактивтілігінің 
жоғарлауында екіншілік аллергиялық бөртпелену – микидтер 
пайда болуы мүмкін.
Микидтер 
жиі 
зооантропофильді 
саңырауқұлақтармен 
шақырылатын аурулар трихофития және микроспорияда 
байқалады. Микидтер беткей (лихеноидты, эритематозды, 


эритематозды-сквамозды, везикулезді) және терең (түйінді) 
болуы мүмкін. Олар микоз ошақтарына жақын, сонымен қатар 
алшақ орналасуы мүмкін. Екіншілік бөртпеленуде саңырауқұлақ 
элементтерін 
анықтау 
мүмкін 
емес. 
Дерматомикидтер 
клиникалық-морфологиялық 
жәншау–қызылша 
тәрізді 
бөртпелерге, парапсориаз, қызыл теміреткі және т.б. ұқсас келеді. 
Дерматомикидтердің пайда болуы бас ауру, дімкәстік, әлсіздік, 
дене қызуының көтерілуімен және т.б. жүруі мүмкін.
Диагностика.
Микроспорияның барлық түрлерінде бастың 
шашты бөлігі және тегіс терінің зақымдалуы микологиялық 
микроскопияның нәтижесі, сонымен қатар Вуд лампасының 
сәулелерінде флюоресценция қолдану негізгі клиникалық
белгілері болып табылады.
Емі.
Микроскопиямен ауыратын науқастардың ең тиімді емі 
болып фунгистатикалық антибиотик гризеофульвин қала береді. 
Оны ішуге 22 мг/(кг*тәул) күніне 3 рет шай қасық өсімдік 
майымен саңырауқұлақ анализінің 1-ші теріс мәніне дейін, содан 
кейін сол дозада 2 апта бойына күнара және 2 апта бойна
аптасына 2 рет есебінен тағайындалады.
2–3 
жасқа 
дейінгі 
балалар 
емінде 
гризеофульвин 
таблеткаларын 1 мл құрамында препараттың 0,015 г бар 
суспензияға алмастырады.
Ішке антибиотик қабылдаумен бірге сыртқы ем жүргізіледі: 
бастағы шашты аптасына 1 рет қырып тастайды. Кремдер мен 
жақпамайлар 
(кетоконазол, 
бифоназол, 
клотримазол, 
оксиконазол, немесе ошақтарға 10% күкіртті – 3% салицил 
жақпамай немесе 2% йодты-спиртті тұнбасын алмастырып 
жағады) қолданылады. Ем әдетте 4–6 аптаға созылады.
Бастың шашты бөлігінің беткей трихофитиясының созылмалы 
формасында 10 күндік аралықпен 2–3 рет эпидермистің 
мүйізгекті қабатын ажыратады.
Инфильтративті-іріңді формасының емінде қабынуға қарсы 
заттарды ылғалдандыру түрінде бастайды (калий перманганаты 
ерітіндісін 1:6000, риванол 1:1000, фурацилин 1:5000 тәулігіне 2–
3 рет, 1–2 күн аралағында), содан кейін емін антимикотикті 
кремдер мен жақпамайлармен жалғастырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет