Этиологиясымен патогенезі . Псориаздың пайда болу
себебін түсіндіретін болжамдардың біреуі де қабылданбаған.
Мұнда генетикалық факторлардың орны бар, бұған жанұялық
аурулар мен егіздердің бірдей ауыруы мен HLA жүйесімен
болатын белгілі бір корреляциялық байланыстар дәлел болады.
В.Н. Мордовцевтың арнайы генетикалық зерттеулеріне сәйкес
псориаздың гендердің толық емес пенетранттылығымен жүретін
мультифакториальды типті тұқымқуалау болатыны дәлелденген.
В13 және В17 антигендері псориаздың тек терілік көріністері бар
науқастарда, ал В17, В27, В33, В40 – терілік зақымдалуларымен
қоса артриті бар науқастарда кездеседі. HLA жүйесінен бөлек
псориаздың тағы бір маңызды генетикалық маркері анықталған:
псориаздың доминантты формаларының 17 хромосомасының
дистальды
бөліктерімен
тіркесуі.