жасушалық популяцияның гиперфункциясына жалғасады. Қызыл
жегімен ауыратын науқастарда изогенді және гетерогенді
аутоантиденелер, LE-фактор, лейкоциттерге, тромбоциттерге,
эритроциттерге және жасушалық компоненттерге (ДНК, РНК,
нуклеопротеин, гистоерімейтін нуклеарлық компоненттерге)
антиденелердің
түзілуі
анықталады.
Қан
ферменттік
элементтеріне антиденелердің цитотоксикалық әсері 1948 жылы
Харгрейвс, Ричмонд және Мортон ашқан жүйелі қызыл жегімен
ауыратын науқастардың кемік сүйек майында нуклеофагоцитоз
түрінде болатын LE-феноменімен түсіндіріледі. Дюринг
ауруымен, плазмоцитомамен, склеродермиямен, ревматизммен,
токсидермиямен
ауыратын
науқастарда
қызыл
жегінің
антиядролық факторы мен клеткалары анықталуы шартты түрде
ғана патогномиялық болып қарастырылады. Жүйелі қызыл жегіде
антинуклеарлы антиденелер жиі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: