Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет208/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Болжамы 
қолайлы. 
 
2.3. ДӘНЕКЕР ТІНІ АУРУЛАРЫНДАҒЫ ТЕРІНІҢ
ЗАҚЫМДАНУЫ 
Дәнекер тіні аурулары ішінен дерматологтарға маңыздысы 
жүйелі қызыл жегі, склеродермия және дерматомиозит болып 
келеді. Бұл дерматоздар терінің дәнекер тінінің бұзылуларымен 
сипатталады.
2.3.1 Ж
ҮЙЕЛІ ҚЫЗЫЛ ЖЕГІ
 
 
Қызыл 
жегі
(Lupus 
erythematodes

эритроматоз, 
тыртықтанатын эритроматоз) – дәнекер тіні, тері және ішкі 
мүшелердің 
зақымдалуымен 
жүретін 
және 
айқын 
фотосезімталдық байқалатын күрделі аутоиммунды синдром. 
Барлық континентте тіркелген, бірақ қараларға қарағанда ақ 
адамдарда жиі, ерлерге қарағанда әйел адамдарда жиі 
анықталады. Көбіне жиі 20-дан 40 жас аралығындағы адамдар 
ауырады. А1, А3, А10, А11, А18, В7, В8 ассоциациясында HLA-
мен ерлер мен әйелдерде жанұялық жағдайлар да кездеседі. В7 
ерлер мен әйелдерде бастапқы сатысында (15-39 жаста); В8 – 
әйелдерде, 5% жағдайда жүйелі қызыл жегіге айналатын, 
дискоидты қызыл жегінің кеш басталуы (40 жастан кейін) 
байқалады. Жүйелі қызыл жегіге тұқым қуалаушылық бейімділік 
бар. Мұны отбасы жағдайында аурудың болуы көрсетеді, өте 
жоғары жиілікте дизиготалармен салыстырғанда, монозиготалы 
егіздерде байқалады, анасы эритематозбен ауыратын жаңа туған 
балада жүйелі қызыл жегі анықталады. Аурудың пайда болуы мен 


өршуіне ультрақызыл сәуле әсері, сирек инфрақызыл сәуле, 
әртүрлі 
күйзелістік 
жағдайлар, 
антибиотиктер, 
сульфаниламидтер, 
гидралазин, 
вакциналар, 
сарысулар 
қолдануымен байланысты, ауру ағымына созылмалы инфекция 
ошақтары қолайсыз әсер етеді. 
Қауіп факторларына ұзақ уақыт күн астында болу, аяз, жел, 
дәріні көтере алмаушылық жатады. Жүйелі қызыл жегінің жалпы 
ұсынылған жіктелісі жоқ. Әдетте дискоидты және жүйелі 
түрлерін ажыратады. Дискоидты қызыл жегі – созылмалы ауру. 
Ашық тері аймақтарында қабыршақтанған қызыл дақтар тез арада 
пайда болады және айқын жарыққа деген сезімталдық болады. 
Тері аурулары ішінен қызыл жегі 0,5-1,0%-да тіркелген. 
Жүйелі қызыл жегі-дәнекер тінімен, тамырларды, буынды 
зақымдайтын күрделі ауру. Ерлер мен әйелдердегі қатынасы 1:8-
1:10 тең. 70 пайызға жуық адамдар 14-40 жасында ауырса да, 
аурудың нағыз шыңы 14-20 жаста байқадады. Жүйелі қызыл 
жегіде дискоидты түріндегідей бөртпелер кездеседі, бұл ажырату 
диагнозын жүргізуді талап етеді. Дискоидты түрінен жүйелі 
түріне 
өту 
мүмкіндігі, 
олардың 
гистологиялық 
және 
иммунологиялық белгілерінің ұқсастығы, патогенетикалық 
жақындығын көрсетеді. Уақытында ажырату диагностикасы 
жүргізілуі қажет, себебі дискоидты қызыл жегін дерматологтар, 
ал жүйелі қызыл жегін ревматологтар емдейді. Осыған 
байланысты біз жүйелі қызыл жегі жайлы тек жалпы мәлімет 
береміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет