Тері иннервациясы. Терінің рецепторлық қызметі ерекше
маңызға ие. Тері қоршаған орта мен ішкі орта арасындағы кедергі
қызметін атқарып, барлық тітіркендіргіш түрлерін қабылдайды.
Тері орталық және вегетативті нерв жүйесімен иннервацияланып,
сезімтал рецепторлық алаң түзеді. Тер, май бездері, шаш
қапшықтары, тамырларды иннервациялайтын әдеттегі нерв
ұштары мен түйіндерден бөлек инкапсулярлы денешік түріндегі
нерв аппараты да бар. Терінің негізгі нерв өрімі тері асты шел май
қабатының терең қабаттарында орналасқан. Одан жоғары беткей
шығып, тері туындыларына жақынырақта емізікті қабаттың
төменгі бөлігінде беткей нерв өрімін құрайды. Одан эпидермис
пен емізіктерге осьтік цилиндр түрінде бұтақшалар тарайды.
Эпидермисте ол түйіршікті қабатқа дейін жетіп, миеленді
қабығын жоғалтып, жәй ұштанумен немесе қалыңдаумен
аяқталады.
Теріде бос нерв ұштарымен қатар, ерекше түрлі
тітіркендіргіштерге жауап беруші нерв түзілістері бар.
-
капсуласы бар