Сабақ тақырыбы: Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі



Дата24.04.2017
өлшемі28,83 Kb.
#14750
түріСабақ
Биология пәнінен сабақ жоспары:

Пән мұғалімі: Масалимова Ж.А.

Күні:

Сыныбы: 8

Сабақ тақырыбы: Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі газ алмасудың,оттектің организмдегі ерекше маңызын,тыныс алу мүшелерінің атқаратын қызметі мен құрылысын түсіндіру.

Дамытушылық :Оқушылар тыныс алу мүшесінің құрылысымен таныса отырып, икемділіктерін дамыту. Ақпараттық оқыту құрылдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту.
Тәрбиелік: Салауатты өмір-салтына жағымды көзқарас пен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Кесте «Тыныс алу мүшелері»,карточкалар

Сабақ барысы : 1.Ұйымдастыру.

2. Ой қозғау. Тыныс алу үшін қандай газ қолайлы? Оттек пен көмірқышқыл газы туралы не білеміз?



3. Жаңа сабақ материалын меңгерту.

Мұғалім әрекеті: Тыныс алу жүйесінің газ алмасу қызметін атқаратынын, газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес екенін айту.Адам қандай газбен тыныс алады? Міне осы оттек органикалық заттарды тотықтыруға, ыдыратуға керек,осы кезде энергия бөлініп,көмірқышқыл газы мен су түзіледі.Ал бұл энергия қайда жұмсалады деп ойлайсыңдар? Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады.Оттек-

тің ұлпаға түсіп,көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі.Ал, енді тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметін кестеге қарап отырып талдаймыз.

Оқушы әрекеті: топпен жұмыс. Әр мүшенің құрылысы мен қызметін мұғалім көмегімен талдап,кесте толтыру.




Тыныс алу мүшелері

Құрылысы

Қызметі

1. Мұрын

қуысы


2. Көмей

3. Кеңірдек.

4. Бронхылар.


Ішкі беті үш мұрын қалқаны. Барлық ішкі беті 100см2. Терблмелі эпителийлі сілемей-

лі қабықпен жабылған және көп қантамырлары бар.


Іші қуыс түтік,ол мойынның алдыңғы бөлігінде ІV-VІ мойын омыртқалары деңгейінде орналасқан.қабырғасы бірне-

ше шеміршектен тұрады. Ды- быс саңылауы.


Ұзындығы 9-13 см,диаметрі15 мм,өңештің алдында орналасқан түтік.Жартылай сақиналардан тұрады.

Оң және сол жақ өкпеге кіреді,содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын түзеді.Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхиола деп аталады да, альвеолалармен аяқталады.



Сілемей ауаны жылытады, шаң-тозаң мен микроорга-

низмдерді тұтып қалады.Сілемейде тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоздайды, содан соң эпителий кірпікшелері арқылы шаңмен бірге сыртқа шығарылады.


Ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді.Ауыз қуысындағы мүшелермен бір- ге дыбыс түзу,айқын сөйлеу қызметі.

Кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына еркін мүмкіндік береді.



Кеңірдек пен бронхиола да сілемей бөлетін тербелмелі эпителиймен жабылған. Кір- пікшелер сілемей мен микро- организмдерді жұтқыншақ- қа бағыттайды да, сонда жұтылады.


Қорытынды. Тыныс алудың маңызы.Оттек маңызы.Тыныс алу мүшелері.

Үй тапсырмасын беру.Сәйкестігін анықта. 143б.Дұрыс жауабын табыңдар.143б.

Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет