оң болуы мен жұғындыда акантолитикалық клеткалардың
табылуы диагностикалық жағынан маңызды. Ауыз кілегейінің
шектелген пемфигуспен зақымдалуында көпіршік диагнозын
цитологиялық зерттеулер және иммунофлюоресценциямен
дәлелдеу қажет.
Ажырату диагностикасы.
Көпіршік пен күлдіреуікті
дерматоздар
тобын
ажырату
көпіршіктердің
эпителийге
орналасуына
байланысты
симптомдарға
негізделген.
Пемфигоидте көпіршіктер субэпидермальды орналасады, сол
себептен оның қабырғасы қалың, сондықтан науқас ауыз
кілегейін қарағанда күлдіреуікте болмайтын мөлдір құрамды
сулы бөртпе байқалады. Сонымен, ауыз қуысының кілегей сулы
бөртпенің болуы көпіршік диагнозын күмәнді қылады. Сулы
бөртпенің орнында пайда болған эрозиялар пемфигоидте әдетте,
аздап гиперемияланған негізде орналасады, олардың беті
фибринозды жабындымен жабылған болады. Пемфигусте
эрозияның айналасындағы тері мен кілегей қабықтар өзгермеген
болады, ал кілегей қабатындағы эрозиялар сулы бөртпенің беті,
жеңіл шпательмен алынатын семіп қалған қабықпен жабылады.
Көз көпіршігі қарапайым көпіршіктен конъюнктивадағы
тыртықты өзгерістермен ерекшеленеді. Қарапайым көпіршік
кезінде кей науқастарда бөртпелер конъюнктивада байқалуы
мүмкін, бірақ олар ізсіз ешуақытта тыртық қалдырмай тарап
кетеді. Ажырату диагностикасына қарапайым көпіршіктерде
байқалатын денедегі бөртпелер де көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: