Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет308/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникалық көрінісі.
Шаштың түсуі бірден басталады, жиі 
баста, сирек мойын аймағында, иекте, қабақ терісінде 
(кірпіктердің түсуі) байқалады. Шаш түсуінің бір немесе бірнеше 
ошақтарының пішіні дөңгелек, шектері айқын, перифериялық 
өсуге бейім және кейде бастың барлық аймағын алатын үлкен 
ошақтар (тотальды алопеция) пайда болады. Зақымдалған 
ошақтың терісі бастапқыда гиперемияланған, содан соң солғын, 
тегіс, атрофияланған, жылтыраған, сыртқы көрінісі піл сүйегін 
еске түсіреді 
(119-сурет)
. Аурудың өршу кезеңінде жеңіл алып 
тастауға болатын, қозғалып тұрған шаштардың шеткі аймағын 
айқын анықтауға болады.
Зақымдалған терінің аймақтарының жайылу деңгейіне 
байланысты дерматоздардың бірнеше клиникалық түрлерін 
ажыратады. Зақымдалған ошақтың шүйде және самай-төбе 
аймақтарының шетіне қарай орналасқан алопецияны таспатәрізді 
(офиаз) деп атайды, кей жағдайда шаш түсу жайылып (диффузды) 


барлық шет аймақтарын алып жатады. Бұл түрін тяжтәрізді
(коронатәрізді) деп атайды. Қатерлі ағымында процесс тез 
өршиді, ұя тәрізді алопецияның тотальды формасына айналады. 
Алопецияның қатерлі түрлерінде ауруларда бастың шашты 
бөлігінің зақымдалуымен қатар қастың, кірпіктің сиреуі, мұрт пен 
сақал аймақтарында, қасағада, қолтық астында түктердің түсуі 
және тері жамылғысының барлық аймағында шаштардың буда-
буда болып түсуі байқалады. 
Аурудың ағымы қайталуға бейім торпидті болып келеді. 
Шаштар орталықтан қарай, бөлек аралшықтар сияқты өседі. 
Қайтадан өскен шаштар бастапқыда жұқа, атрофияланған, түссіз 
және сосын біртіндеп қалыпты құрылымға келеді. Ауру 
лейкоцитозбен, эозинофилиямен, анемиямен, лимфоцитозбен, 
ЭТЖ-нің жоғарлауымен, гипергаммаглобулинемиямен және 
диспротеинемиямен білінеді. 
Төбе аймағында шаштың, дисменореямен, гирсутизммен және 
безеумен қосарланып, үдемелі (прогрессивті) сиреуі (андрогенді 
алопеция) байқалатын әйелдерді гиперандрогенияның себебін 
анықтау үшін тексерістен өткізу қажет. Олар аналық без 
поликистозы, туа болған бүйрекүсті безінің гиперплазиясы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет