Ажырату диагностикасын
Дюрингтің герпетиформды
дерматитпен жүргізеді, ол кезде
бөртпелер полиморфизмі
(везикулалар, көпіршіктер, уртикарлы,
эритематозды, және
папулезді элементтер), везикулезді элементтердің топтасуға
бейімділігі, науқастардың калий
йодидіне жоғары сезімталдығы,
көпіршікті сұйықтықта эозинофилия анықталады. Қотыр
ауруының элементтері аяқ-қолдың бүккіш
бетінде және дененің
басқа
да
бөліктерінде
орналасады,
папуло-везикулезді
элементтерден қотыр кенесін табуға болады.
Емі.
Атопиялық дерматипен ауыратын науқастардың емімен
бірдей.
Түйінді қышыма
Жиі 50 жастан асқан адамдарда, әсіресе әйелдерде кездесетін,
клиникалық және гистопатологиялық
жағынан айқындалған
созылмалы ағымды ауру. Өте ауыр және ұзаққа созылатын
қышыма жүйке рецепторларының өзгеруіне әкеледі.
Патогенезі.
Ауру
негізінде
созылмалы
гепатитпен,
гепатохолециститпен, сирек бауыр
циррозымен қосарланатын
эндокрин жүйесінің бұзылысы жатыр. Шешуші фактор ретінде
жиі күйзелістік жағдайлар, жәндіктердің шағуы саналады.
Достарыңызбен бөлісу: