Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет331/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Лейкоплакияның 
эрозивті 
түрі 
қарапайым 
немесе 
веррукозды лейкоплакияның асқыну салдары болып келеді. Тегіс 
немесе веррукозды лейкоплакия аймағы фонында көптеген 


немесе бірең-сараң эрозиялар мен жарылулар (сызаттар) 
анықталады. Бұндай өзгерістер жиі жарақатқа ұшырайтын 
жерлерде орналасады. Эрозияның негізінде тығыздалудың, 
бетінде емізікшелік өскініділердің пайда болуы басталып келе 
жатқан малигнизацияның куәсі болып келеді. 
 
Диагностика
клиникалық белгілерге және анықтау қиынға 
соққанда гистологиялық зерттеуге негізделген. Лейкоплакия 
жалпақ қызыл теміреткіге, қызылжегіге, мерездік папулаларға 
және кандидоз формаларына ұқсас (сәйкес бөлімдерді қараңыз). 
Емі.
Бірінші кезекте ауыз қуысының толық санациясын жасап, 
аурудың дамуына себепші болған тітіркендіргіш факторларды 
алып тастау қажет: темекі түтіні, тіс пен тіс түбірінің сүйір 
ұштары, амальгамадан жасалған пломбылар, мүкістігі бар тіс 
протездері. Лейкоплакияны емдеудің негізгі шарттарының бірі – 
ол темекіден бас тарту. Лейколпакияның веррукозды түрінде 
зақымдалған аймақты сау тін аймағына дейін оталық жолмен 
алып тастау көрсетілген. Криохирургия, әсіресе сұйық азотты 
қолданумен, жақсы нәтиже береді. Лейкоплакияның эрозивті 
түрінде емнің консервативті түрі нәтиже бермесе зақымдалған 
аймақты оталық жолмен алып тастап, гистологиялық зерттеу 
жасайды. Лейкоплакиямен ауыратын науқастар соматикалық 
ауруларға, соның ішінде асқазан-ішек жолдарының, тексеріліп, 
қажетті емін алуы тиіс. В
6
витаминін, ретинол пальмитаттын 1-2 
ай бойына қабылдау көрсетілген. Күніне 3-4 рет А витаминінің 
майлы ерітіндісімен аппликация жасау жақсы нәтиже береді. 
Күйдіретін, тітіркендіретін әсері бар заттарды қолдануға 
болмайды, себебі олар процесстің қатерліге ауысуына септігін 
тигізеді. Жалпақ лейкоплакияда болжамы қолайлы. 
Алдын алу.
Ауыз қуысын санациялау, тиімді протездеу, 
асқазан-ішек патологиясын емдеу, темекі тартудан бас тарту. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет