Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет346/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Гиповитаминозді хейлит
С, В
2
, В
12
витаминдерінің 
жетіспеушілігінен пайда болады. Пеллаграда (РР витаминінің 
жетіспеушілігінде) еріннің қызыл жиегі жылтырап, жарықшақтар 
мен эрозиялармен қапталады. Рибофлавин жетпеген жағдайда 

2
) ауыз бұрышында жарықшақтар пайда болады. 
Гранулематозды хейлит
.
Мишер гранулематозды хейлиті 
көбіне бір ерінді (әсіресе төменгісін) еш себепсіз зақымдайды, 
созылмалы ағымды. Қазіргі кезде гранулематозды хейлит жеке 
назологиялық түр ретінде емес, Россолимо-Мелькерсон-Розенталь 
синдромының бөлігі ретінде қарастырылады. 
Россолимо-Мелькерсон-Розенталь 
синдромы 
белгілердің 
триадасынан тұрады: гранулематозды хейлит, бет нервісінің 
парезі және қыртысты тіл. 
Ауру жиі бір еріннің (сирек екеуінің) ісінуімен білінеді, оның 
шеті үріліп, айналып, тістерден қашық қалады және сөйлеуге 
және тамақ ішуге кедергі келтіреді. Пайда болғаннан кейін ісік
бірде ұлғайып, бірде кішірейіп ұзақ уақыт тұрады. Ісіктің 
жойылып кетуі сиректеу рецидивпен ауысып отырады. 
Бет нервісінің парезінде мимикалық бұлшықеттерінің 
тонусының бөліктік немесе толықтай жоғалуы, көз шұңқырының 
ұлғайып, зақымдалған бөліктегі ауыз бұрышының төмен түсуіне 
әкеледі. Сөйлегенде науқас мимикасының ассиметриясы 
байқалады. 
Үшінші белгі – катпарлы, тілдің ісінуі 60% науқастарда 
кездеседі. Тілде сызаттар мен дақтар пайда болады, ол біркелкі 
емес ұлғайған. Беткейі кедір-бұдыр болып келеді және тас 
көпірдің бетіне ұқсайды. 
Барлық триада болған жағдайда 
диагностикасы
қиындық 
тудырмайды, бірақ кейбір науқастарда бір немесе бірнеше 
көрінісі болмауы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет