– пусталалы акродерматит
(a. pustulosa; син.:
персистенциялы акродерматит, Аллопоның
пустулалы тұрақты дерматиті, суппративті
қайталамалы полидактилит) – теріде қызыл-
көкшіл гиперемия мен тартылған тері үстінде
ұсақ пустулалар, сирек – көпіршіктер пайда
болуымен сипатталады; біртіндеп аяқ-қолға,
кейде барлық денеге тарайды.
– созылмалы атрофиялық акродерматит
(a.
chronica atrophicans; идиопатиялық үдемелі тері
атрофиясы, Герксхеймер атрофиялық дерматиті,
Мещерскийдің үдемелі дистрофиялық
эритемасы, Пик эритромиелиясы, Фордайс
терінің симметриялы атрофиясы, эритромиелия)
– аяқ-басы және қол басының сыртқы бетінде,
сонымен қатар, шынтақ және тізе буындары
(симметриялы немесе бір аяқ-қолда)
аймағындағы көкшіл-іркілісті эритемамен
сипатталатын, бүкіл аяқ немесе қолға баяу
тарайтын акродерматит; әрі қарай зақымдалған
терінің атрофиясы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |