Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет57/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

лейкодерма 
деп атайды. 
Шынайы 
лейкодерма 
екіншілік 
қайталамалы 
мерезбен 
(гиперпигментация фонында депигменттелген дақтар түзіледі) 
ауыратын науқастарда кездеседі. Жалған немесе екіншілік 
лейкодерма (псевдолейкодерма) бірқатар дерматоздарда (кебекті 
теміреткі, псориаз, т.б.) сау тері бөлігіне ультракүлгін сәулесі 
түскен кезде, бұрын болған морфологиялық элементтердің (жиі 
дақты-қабыршақтанатын) орнында байқалады. Витилигода 
нейроэндокринді бұзылыстар мен ферментативті дисфункцияға 
байланысты теріде түрлі көлемдегі аймақтар пигментсіз болады.
Туғаннан теріде пигменттің болмауы қас, кірпік пен шаштың 
дұрыс боялмауына әкеледі, бұл альбинизмге ой тастайды. 
Түйінше немесе папула(
papula
) – қуыссыз, тері беткейінен 
көтеріңкі, тыртық не тыртықты атрофиясыз жазылатын қатты 
элемент. Кейде папулалар өзінен кейін тұрақсыз із қалдырады – 
пигментация не депигментация. Эпидермисті ғана қамтитын 
папулалар – эпидермальды (жалпақ сүйелде), ал тек дерманы 
қамтыса – дермальды (екіншілік мерезде) деп аталады. Жиі 
папулалар эпидермодермальді орналасады (мысалы, жалпақ 
қызыл теміреткі, қабыршақты теміреткі, нейродермитте). 
Папулаларды қабынулық және қабынулық емес деп бөледі. 
Біріншісі жиі кездеседі: қабыршақты теміреткі, экзема, екіншілік 
мерез, жалпақ қызыл және тікенекті теміреткі, нейродермитте, 
т.б. 
Бұларда 
дерманың 
емізікшелі 
қабатында 
қабыну 
инфильтратының болуы, тамырлардың кеңеюі, шектелген ісіктің 
болуы байқалады. Папуланың үстінен басқанда, ол бозарады, 
бірақ толығымен түссізденбейді. Қабынулық емес папулаларда 
эпидермистің өсіп кетуі (сүйел) немесе дермада патологиялық зат 
алмасу өнімдерінің жинақталуы (ксантома), немесе дерма тінінің 


өсіп кетуі (папиллома) болады. Кейбір дерматологтар беткей 
капилляр торы тамырларының өткізгіштігі артуы мен жедел 
кеңеюі нәтижесінде дерманың емізікшелі қабатында экссудат 
жиналғаннан болатын жедел қабынулық папулаларды (экземамен, 
дерматитпен ауыратын науқастардағы экссудативті папулалар) 
бөлек қарастырады. 
Папулалардың өлшемі әр-түрлі болады: 1мм және одан да ірі. 
Өлшемі 1мм папулалар 
миллиарлы
(milium – 
тарыдай

немесе 
лихен (жалпақ қызыл теміреткі, жылтыр теміреткіде болады) деп, 
0,5-1см – 
лентикулярлы
(
lenticulo – 
чечевица), олар псориаз, 
екіншілік мерезде кездеседі, 1-2см – 
нуммулярлы
(nummus – 
тиын
)
деп аталады. Үлкен көлемдегі папулалар (гипертрофияланған 
папулалар) негізінен екіншілік қайталамалы мерезде (кең 
кандиломалар) кездеседі. Қосылысқан папулалар диаметрі 10см-
ге дейінгі бляшкалар түзеді. Әдетте, папулалардың шеттері 
айқын, алайда пішіндері әр-түрлі (дөңгелек, сопақша, жалпақ, 
полигональді, кіндік тәрізді кірігуі бар өткір ұшты), тегіс не 
бұдыр беткейлі болады. Сондай-ақ түйіннің консистенциясы да 
(жұмсақ, қамыр тәрізді, тығыз-эластикалық, тығыз, қатты), түсі де 
(қалыпты тері түсі, сары, қызғылт, қызыл, күлгін, сұр, т.б.) әр-
түрлі болып келеді.
Терінің жанасатын беткейіндегі үйкеліс және бөлініс, сілекей, 
тағамдық заттардың тітіркендіруінен папулалардың беткейі 
эрозияланады, 
ал 
папулалардың 
өздері 
үлкейіп, 
гипертрофияланады. Беткейінде бүрлері бар түйіншектер 
папиллома 
деп аталады. 
Папула кезінде гистологияда эпидермистің гиперкератозы, 
гранулезі, акантозы, паракератозы, ал дерманың емізікше 
қабатында түрлі инфильтраттардың жинақталуы байқалады.
Төмпешік (tuberculum) – 
қуыссыз, жедел қабынбаған, тері 
деңгейінен көтеріңкі, жиі жара түзіп, соңында тыртық не 
тыртықты атрофиямен бітетін инфильтративті элемент 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет