Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Екіншілік морфологиялық элементтер



Pdf көрінісі
бет60/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Екіншілік морфологиялық элементтер 
Екіншілік 
морфологиялық 
элементтер 
біріншілік 
морфологиялық элементтердің эволюциясы процессінен түзіледі. 
Оларға пигментті дақтар, сыздауық, қабыршақ, беткей және терең 
жарылулар, жырылу, эрозия, жара, тыртық, лихенизация мен 
вегетация. 
Пигментация (pigmentatio)
. Біріншілік пигментацияларға 
сепкіл, хлоазма, мең және т.б., екіншілікке – біріншілік (түйіншек, 
төмпешік, күлдіреуік, күлдір бөртпе, іріңдік) және екіншілік 
(эрозия, жара) элементтердің жазылуынан кейін меланин 
пигментінің жинақталуының күшеюінен дамитын, сондай-ақ тері 
гемосидерозында 
қандық 
пигмент 
– 
гемосидериннің 
жинақталуынан 
туатын 
гиперпигментация. 
Екіншілік 
гипопигментация 
терінің 
кейбір 
бөліктерінде 
меланин 
мөлшерінің азаюымен байланысты және ол 
екіншілік лейкодерма 
деп аталады. Екіншілік пигменттік дақтар пайда болған 
орнындағы элементтердің сипаты мен көлемін қайталайды. 
Қабыршақ (squama, squmaе) (7-сурет)
сыдырылған мүйізді 
қабат пластинкасы. Физиологиялық жағдайларда терінің мүйізді 
қабаты пластинкалары күнделікті сыдырлып, түлеп отырады; 


пластиналар жуынғанда, тері киімге үйкелгенде түсіп қалады. 
Терінің бірқатар патологиялық жағдайларында көзге анық 
көрінетін (патологиялық қабыршақтану) қабыршақтар пайда 
болады. Егер қабыршақтар ұсақ және ұн не кебекті еске түсірсе, 
оны 
кебек тәрізді
, ал түлеуді – 
ұсақпластинкалы
деп атайды; 
мысалға мұндай түлеу кебек тәрізді теміреткіге тән. Ірі 
қабыршақтарды 
пластинкалық
, ал түлеуді 
– desquatio lamelosa
деп атайды; мұндай түлеу псориазда болады. Кейбір тері 
ауруларында, мысалы эритродермия, жәншау тәрізді дерматитте 
мүйізді қабат үлкен пласт түрінде түлеп түседі. Бірқатар 
дерматоздарға қабыршақтану тұрақты объективті белгі болып 
табылады, мысалы ихтиозда. 
Қабыршақтанумен жүретін процесстерді диагностикалау үшін 
қалыңдығын, түсін, өлшемін, консистенциясын (құрғақ, майлы, 
сынғыш, қатты), бекіну беріктігін ескеру керек. Астыңғы тінге 
тығыз бекінген қабыршақтар гиперкератоз нәтижесінде, ал оңай 
сыдырылатын қабыршақтар паракератоздың нәтижесінде дамиды. 
Қабыршақтар біріншілік пайда болуы да мүмкін: қайызғақ, 
жұмсақ лейкоплакия, эксфолиативті хейлитте паракератоздық, ал 
ихтиоз, т.б. гиперкератоздық қабыршақ болады. 
Қабыршақтар 
негізінен 
паракератоз 
нәтижесінде 
(мүйізденудің бұзылысы) дамиды, эпидермистің түйіршікті 
қабаты болмайды, ал мүйізді пластинкаларда ядро қалдықтары 
табылады. Сирек қабыршақтану гиперкератоз нәтижесінде, яғни 
әдеттегі мүйізді клеткалардың шамадан тыс дамуынан дамуы 
мүмкін (мысалы, мүйізгек кезінде құрғақ, мүйізді тығыз 
массалардың қабаттасуы). 
Қабыршақтану 
пішіне 
мен 
түрін 
білу 
бірқатар 
дерматоздардың 
диагностикасын 
жеңілдетеді. 
Күміс-ақ 
қабыршақтар псориазда, қоңыр – ихтиоздың кейбір түрлерінде, 
сары-майлы себореяда, болбыр, тез сыдырылатын – псориазда 
кездеседі. Қиын сыдырылатын қабыршақтар (қызыл жегіде) 
терінің фолликулярлы тесіктеріне еніп тұратын қабыршақтың 
төменгі беткейіндегі тікенек тәрізді мүйізді шығыңқы жерге 
байланысты 
ауырсыну 
тудырады. 
Қызғылт 
теміреткіде 
гофрилденген 
және 
плиссирленген 
қабыршақ, 
мерездік 


папулаларда олар жаға тәрізді (Биетт “жағасы”), парапсориазда 
“облатка” түрінде (орталық қабыршақтану) орналасқан, бірқатар 
саңырауқұлақты 
ауруларда 
перифериялық 
қабыршақтану 
байқалады. 
Қабық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет