Б.ғ.д V-IV ғ.
мыс-тас дәуірі.
Ботай мәдениеті жылқы өсірді.
Еңбек бөлінісі,
аталық ру орнай бастады.
жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл- осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.
ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.
Беғазы-Дәндібайлықтар қол-аяқтарын жазып көмген.
|
Металдан жасалған құралдарды игеру басталды.
Еңбек өнімділігі артты.
Ер адамның үстемдігі қалыптасты.
Егіншілік пен мал шаруашылығымен айналысқан.
Қабірге қойылған ыдыстар саны 1-ден 6-ға шейін барады. Мүрделермен бірге қола пышақтар, қола білезіктер, сүйектен жасалған жебе ұштары, моншақтар мен қабыршақтар қоса қойылды.
Жартылай жертөлелермен бір мезгілде ауданы 300-400 шаршы метрге жететін жертөлелер де тарала бастады, бұларда қыста мал да ұсталды.
Ерлер садақ пен жапырақ тәрізді тұрпаттағы қола жебе ұшымен қаруланды. Олардың ағашқа бекітілетін ұңғымасы бар. Қолма-қол шайқаста қола ұшы бар найзалар, қола балталар мен қанжарлар, тас түйреуіштер қолданылды.
қыштан жасалған ыдыстарының сыртындағы ою-өрнектердің үлгілері қазақ халқының тұскиіз, текемет, алаша, кілем, сырмақ сияқты бұйымдарының үлгі-өрнектері мен ұқсастығын көруге болады.
|
Б.з.б. XVIII-VIII ғ.
Климат жедел құрғады.
Жеке меншік, аталық ру толық орнықты.
жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.
Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.
Андроновдықтар өлікті жерлегенде аяқ-қолын бүгіп (эмбрион тарізді) көмді.
|