Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет61/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

(crustaе) (8-cурет)
тері бетінде ұйыма жалқықтың
іріңнің, қанның, кейде қолданған дәрілік заттың бөлшектерінің 
кебуінен пайда болады. Серозды, іріңді, серозды-іріңді, іріңді-
геморрагиялық жіне т.б. қабықтар болады. Олар күлдіреуік, 
күлдір бөртпе, іріңдіктің кебуі, төмпешік пен түйіннің жараға 
айналуынан, терең пустулалардың некрозы мен іріңі еруінен 
пайда болады. Көп мөлшерде бірінің үстіне бірі қабаттасқан 
қабықты 
рупия (rupia) 
деп атайды; бұл кезде қабықтың жоғарғы 
бөлігіндегілер ескі және кішкентай болады.
Қабық түсі түзілген бөліністеріне байланысты болады: 
серозды жалқық кепкенде қабықтар сары мыс түсті, іріңнен – 
жасыл-сұр, ал қан қатқанда қара-қоңыр болады. Аралас 
бөліністерде қабыршақтың сәйкес түсі де өзгеріп тұрады. 
Қабық жиі көпіршікте, көпформалы экссудативті эритемада, 
көпіршікті теміреткіде, түрлі хейлиттерде кездеседі. Теріде қабық 
қотыр, микоз, пиодермит, экзема, нейродермит, т.б. кездеседі. 
Теріде қабыршақ пен қабықтың аралас түзілуі қабыршақ-
қабық деп аталады; олар себореяда, экссудативті псориаздың 
кейбір түрлерінде кездеседі. 
Беткей жарылу 
(fissura)
тек эпидермис деңгейінде орын алып, 
ізсіз жазылады 
(9-сурет). 
Терең жарылу 
(rhagas)
эпидермис пен қатар дерманың бір 
бөлшегін, кейде одан да терең тіндерді қамтып, артынан тыртық 
қалдырады. 
Жарылу терінің сызықша ақауы – ұзақ уақытқа созылған 
қабыну процессінің нәтижесінде терінің созылғыштық қасиеті 
жоғалғанда (мысалы, ауыз бұрышы, саусақаралық қыртыс, буын 
үстінде, анустың жанында), созылмалы экземада, табанның 
интертригинозды 
эпидермофитиясында, ауыз 
бұрышының 
пиодермиялық немесе саңырауқұлақтық зақымдалуы (ауыздық), 
баздану, т.б. және сондай-ақ мүйізденген қабат құрғақтықтанып 
тартылғанда пайда болады. Терең жарылулар ерте туа біткен 


мерезде болады. Олар табиғи тесіктердің айналасында 
орналасады және тез қанайды. Тереңдігіне қарай жарылулардан 
кейін жарылу пішініне келетін қабық түзіп кебетін серозды 
немесе серозды-қанды бөлініс бөлінеді.
Сызат, немесе экскориация (excoriatio) (10-сурет)
– 
қасынудан немесе басқа да түрлі механикалық жарақаттанудың 
нәтижесінде дамитын терінің бұзылысы. Қасынулар тек 
эпидермисті ғана емес, дерманың емізікті қабатының бүтіндігін 
бұзады; бұл жағдайда тыртық қалмайды. Сызаттың бұдан да 
терең орналасуында жазылғаннан кейін тыртық, пигментация 
немесе 
депигментация 
қалдырады. 
Экскориация 
қатты 
қышынудың объективті белгісі болып табылады. Қышынудың 
орналасу орны мен түрі кейде диагностиканы жеңілдетеді 
(мысалы, қотыр кезінде). 
Эрозия (erosio) (11-сурет)
– тері бүтіндігінің эпидермис 
деңгейіндегі беткей бұзылуы. Эрозиялар қуысты бөртпелер 
(көпіршік, іріңдік, күлдір бөртпе) жарылуынан пайда болып, 
алдында болған біріншілік морфологиялық элементтің нұсқасы 
мен көлемін қайталайды. Жиі эрозиялар қызғылт не қызыл түсті 
болады, беті ылғалданып, суланып тұрады. Ірі көпіршіктерден 
кейін – эрозиялар аса көлемді, ал экзема, көпіршікті және белдеме 
теміреткі, 
дисгидроз, 
табанның 
дисгидрозды 
эпидермофитиясында эрозиялар ұсақ келеді. Ауыз қуысы, бір 
бірімен жанасатын тері беткейлерінде жиі эрозияланған мерездік 
папулалар кездеседі; қатты шанкр да эрозия түрінде болуы 
мүмкін. Эрозиялар терінің үстірт жарақаты болғандықтан із 
қалдырмай жазылады. 
Эрозия ауыз қуысында ұзақ уақыт сақталса, оның шеттері ісіп, 
тіпті инфильтрациялануы да мүмкін. Мұндай жағдайда эрозияны 
жарадан ажырату қиын. Кейде бұл сұрақтың жауабын тек элемент 
жойылып жазылған соң тыртық қалдыру-қалдырмауына қарап 
білеміз (жарадан кейін әрдайым тыртық қалады). Ауыздың 
кілегей қабаты мен ерінде, сирек теріде, кейбір патологиялық 
процестерде эрозиялар ешқандай біріншілік элементсіз ақ 
дамиды, мысалы, мерездегі эрозивті папулаларда, жалпақ қызыл 
теміреткінің эрозивті-жаралық түрінде. Мұндай эрозиялардың 


түзілуі 
сезімтал 
кілегей 
мен 
терінің 
қабынуларының 
жарақаттаудың нәтижесі. Жарақаттан соң ісінген, жиі 
мацерацияланған эпителийдің бүтіндігі бұзылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет