Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет75/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Адреноблокаторлар.
Созылмалы ағымды жиі қайталанатын 
дерматозы 
бар 
науқастарда 
нейроэндокринді 
жүйенің 
патологиялық 
жағдайы 
мен 
висцеральді 
бұзылыстары 
нәтижесінде 
теріге 
уақытша 
висцеродермальді 
және 
нейродермальді импульс келуін үзе тұру қажеттілігі туады. Бұл 
қабыну процессінің кері дамуына әкеледі. Ганглиоблокаторлар 
шеткі қан айналысы бұзылысымен жүретін ауруларды 
(склеродермия, эндартериит, акроцианоз, атрофодермия) емдеуде 
қолданылады. 
Антибиотикотерапия.
Инфекциялық дерматозға шалдыққан 
науқастарды емдеуде көптеген антибиотиктер қолданылады. 
Антибиотиктерді мерезде және басқа да жыныстық жолмен 
берілетін ауруларда, тері туберкулезінде, тілмелік қабынуда, 
эризипелоидта, сібір жарасы, сондай-ақ склеродермияда 
қолданады. 
Әсіресе, 
биосинтетикалық 
пенициллиндер 
(бензилпенициллин, бензатинбензилпенициллин, пенициллин), 
жартылай 
синтетикалық 
пенициллиндер 
(ампициллин, 
амоксициллин, 
аугментин) 
кеңінен 
қолданысқа 
ие. 
Дерматовенерологиялық практикада цефалоспориндер тобынан 
кефзол, зиннат, роцефин және т.б. қолданылады. Тетрациклиндер 
тобынан доксициклин, оксициклин, метациклин, тетрациклин; 
макролидтер (эритромицин, сумамед, ровамицин, рулид) жиі 
тағайындалады. Сыртқа қолдану мақсатында синтомицин, 
линкомицин, гелиомицин, тетрациклин жақпалары қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет