Беткей трихофития.
Беткей трихофитиямен жиі мектеп
жасындағы балалар ауырады, бірақ ауру кез-келген жаста кездесуі
мүмкін. Шамамен беткей трихофитиямен ауыратын балалардың
40-50%-ы ауруын үлкен адамдардан жұқтырады. Бұл
бұрыннан белгілі тек мектеп жасының ғана емес, “отбасылық ”
инфекция.
Эпидемияға
қарсы
шараларды
тек
балалар
мекемелерінде (бөбектер, балалар бақшасы) ғана емес, ауру
баланың үйінде де жүргізеді.
Клиникалық көрінісі мен ағымы.
Беткей трихофитияның
бастың шашты бөлігінде, теріде және тырнақта кездесетін түрлері
болады. Бастың шашты бөлігінде кездесетін беткей трихофития
кіші ошақты және ірі ошақты болуы мүмкін. Қысқа жасырын
(инкубациялық) кезеңнен кейін (6-7 күн) қабыну белгілерінсіз
бірден шеттері айқын емес, дұрыс емес пішінді, майда
қабыршақпен жабылған ошақтар пайда болады. Ошақтың шет
жағында кейде көпіршіктер, пустулалар мен қабыршақтар болуы
мүмкін. Қабыну ошағындағы шаштар процесске түгелдей
қатыспайды, тек сиреп кетеді. Кейбір шаштар өте қысқа болып
сынады (бас терісінен 1-2 мм-ге) және үтір, ілмек, сұрақ белгісі
тәрізденеді. Оларды “көбіктер” деп те атайды
(52-сурет)
. Әдетте
бас терісінде бірнеше ошақтар болады, бірақ жалғыз ошақ болып
та кездесуі де мүмкін. Науқастар субъективті шағым айтпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |