да бастыңшашты бөлігіндегі сияқты клиникамен ошақтар дамуы
мүмкін.
Тері беткей трихофитиясы жиі бет, мойын, иық, дене терісінде
жиі кездеседі, алайда кез-келген тері аймағында кездесуі мүмкін.
Ошақтар жақсы жиектелген, бас терісінен аздап көтеріңкі,
домалақ немесе сопақ пішінді, шеттерінде майда көпіршік пен
қабыршақтар орналасқан кішкене дақты не түйінді валик болады .
Ошақ ортасында патологиялық процестің шешілуі болады,
сондықтан ол бозғылт түсті және қабыршақты болып келеді.
Өзара қосылып, ошақтар қызық көрініс түзеді. Субъективті айқын
емес қышу байқалуы мүмкін. Процесске буда шаштар қосылып,
ем созылуы мүмкін. Тегіс терінің беткей трихофитиясымен
көбінесе балалар ауырады.
Тегіс теріде
эритроматозды-сквамозды дұрыс дөңгелек
пішінді, мөлшері тиын (монета) тәрізді шетке қарай өсуге
ошақтар пайда болады. Бұл зақымдалудың клиникалық
көрінісінде терінің деңгейінен шығып тұратын, жиірек ұсақ
көпіршіктермен немесе қабыршақтармен жабылып тұратын,
шетке қарай өсу білігі айтарлықтай тән болып келеді
(53-сурет)
.
Достарыңызбен бөлісу: