Бастың
шашты
бөлігіндегі
инфильтративті-іріңді
трихофития
. Типті ағымында бірең-сараң, гиперемияланған,
айтарлықтай шектелген, инфильтрацияланған және көп мөлшерде
іріңді қабыршақтармен жабылған ірі зақымдалу ошақтары пайда
болады. Осы қабыршақтарды алып тастағанда ірің әрбір
фолликулалардан бөлінеді, бірақ алғашқысында қарағанда
науқаста бір үлкен және терең абсцесс болады. Осыған
байланысты аурудың «фолликулярлы абсцесс» деген басқа атауы
бар. Әрбір фолликуладан бөлінетін ірің, балға ұқсайды. Осыдан
жиі кездесетін аурудың үшінші атауы –
kerion Celci
(Цельзий
кәрезді балы). Бұл жағдайларда шаштар өзінен-өзі түседі
(55-
сурет).
а
б
Достарыңызбен бөлісу: