2.2.
ПАПУЛЕЗДІ-СКВАМОЗДЫ
БӨРТПЕЛЕРМЕН
БІЛІНЕТІН АУРУЛАР
2.2.1. П
СОРИАЗ
Псориаз (қабыршақты теміреткі,
psoriasis vulgaris
) – әр түрлі
мүшелер мен жүйелердегі өзгерістермен, дермадағы қабыну
процессі
мен
кератинизация
процессінің
бұзылысымен,
эпидермальды клеткалардың гиперпролиферациясымен жүретін
созылмалы қайталамалы дерматоз.
Дерматоз көбіне 10-25 жасында болады, дегенмен кез келген
жаста алғаш пайда болуы мүмкін: 1 жасқа дейінгі балалар мен 82
жастағы ересектерде анықталғаны жайлы мәлімет бар. Ауру бүкіл
жер шарында, барлық ұлттар мен нәсілдерде 0,1-ден 3% және
одан көпке дейін кездеседі. Шамамен 15% науқастарда жиі
мүгедектіккке әкелетін, көп буынның зақымдалуына әкелетін
псориатикалық артрит анықталады. Бұл псориазды тек
медициналық қана емес, әлеуметтік маңызды мәселе екенің
көрсетеді. Псориаз әйел мен еркекте бірдей білінеді, бірақ
балалар арасында қыз балаларда, ал ересектерде – ер адамдарда
жиі кездеседі (60-65%).
Аурудың псориазға ұқсас клиникалық белгілері ерте заманнан
белгілі (библияда, Гиппократ, Цельс еңбектерінде және т.б).
Дегенмен, тек Гебра 1841 жылы псориазды жеке ауру ретінде
бөліп шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: