Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет192/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникалық көрінісі.
Мономорфты папулезді псориаздық
бөртпелер көптеген науқастарда аяқ-қолдың жазғыш бетінде 
симметриялы орналасады 
(60-сурет)
.
Псориаз тері қабатының көп 
бөлігін және тырнақ пен тіреу-
қозғалыс аппаратын зақымдайды. 
Біріншілік 
элемент 
ретінде 
қызғылт түсті эпидермодермальды 
папулалар 
қарастырылады 
(Пильнов симптомы). Олардың
қарқындылығы әр түрлі – жақында 
пайда болғаны ашық түсті (қызылға 
дейін), ертерек пайда болғаны – 
түссіздеу келеді. Папулалар жалпақ, 
беті тегіс емес, ақшыл-күміс (күміс түс-ауалы көпіршіктерге 
байланысты) бұршақ тәрізді немесе ұсақ пластинкалы оңай 
сыдырылатын қабыршақтармен қапталған. Жаңа пайда болған 
папулаларда қабыршақ оның ортаңғы бөлігінде орналасады, 
шеттерінде тек жіңішке сызық түрінде болады. Артынша 
қабыршақтану күшейіп, элементтің түгел бетін алады. 
Алғашында псориазда папулалар дұрыс дөңгелек пішінді және 
диаметрі 1-2 мм болады. Процесс өршіген сайын псориаздық 
папулалар шетке қарай таралып, қабыршақтар түзіледі, олар 
үлкен мөлшерлі және әр қилы пішінді болады. Жиі бір науқаста 
әр түрлі пішінді псориаздық папулалар мен қабыршақтар 
табылуы мүмкін. 
Псориаздың диагностикасында белгілер тізбегі маңызды, оған 
псориаздық триада мен изоморфты реакцияны, немесе Кёбнер
белгісін жатқызады. Псориатикалық папуланы тырнаған кезде 
алғашында көп мөлшердегі ақшыл-күміс түсті қабыршақтану 
көрінеді («стеаринді дақ» феномені), қабыршақты алып 
тастағаннан кейін жылтыр беті ылғалды болып қалады 
(терминальді немесе псориаздық пленка феномені), әрі қарай 
тырнаған жағдайда тамшылап қан ағады – тамшылап қан ағу 
феномені 
(Auspitz)
немесе «қанды шық» (А.Г. Полотебнов). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет