болуы керек (тісжегі, алкоголь қабылдау, темекі шегу және т.б.).
Ауыз кілегей қабатындағы ошақтар дөңгелек, сопақ немесе дұрыс
емес пішінді сұрғылт дақтар айналасында қызғылт-қызыл
тәжімен, кейде кілегей бетінен көтеріліп тұрады.
Шамамен 25% псориазбен ауыратын науқастарда тырнағы
нүктелі ониходистрофия (нүктелі шұнқырлар, «оймақ белгісі»),
онихо-грифоз (құс тұмсығына ұқсас жылдам өсетін және
жіңішкерген тырнақ пластинкасы) және онихолизис (атрофиялық
ониходистрофия) түрінде болады.
Псориазбен ауыратын науқастарда 10-12% терілік бөртпелерге
қоса буын өзгерістері дамиды: деформирлеуші полиартрит типі
бойынша артропатиялар, аяқ-қол буындары деформациясы
(псориатикалық
артрит),
омыртқа
ригидтілігі
(psoriasis
arthropatica)
. Бұл псориаздың ауыр клиникалық формасы
мүгедектік пен өлімге әкеледі. Көп науқаста буын зақымдалуы
алғашқы псориаздық бөртпелердің пайда болғаннан кейін 3-5
жылдан соң дамиды. Кейде псориаздық артрит терідегі
бөртпелермен қатар немесе олардан бұрын дамуы мүмкін, бұл
көрініс жиі псориазбен ұзақ аурған ер адамдарда байқалады. Тері
мен буындардағы қабынулық және дистрофиялық өзгерістердің
қарқындылығы мен ауырлығы әр түрлі келеді. Мұнда
симметриялы ұсақ, шеткі білек пен балтыр көп буындарының
зақымдалуы байқалады (остеопороз, буын, негізінен эпифиздерде,
қуыстарының кішіреюі), артынан бұл процесске ірі буындар,
Достарыңызбен бөлісу: