Лимфатикалық
тамырлар қан тамрыларымен топографиялық
функциялық тығыз қатынаста болады да, оларда
беткей
және
терең тор
құрады.
Дерманың
жасушалық
элементтері
фибробласттарды, мес
клеткаларды, гистоциттерді
және бірең-сараң
лимфоциттерді,
эозинофильді лейкоциттерді
қамтиды.
Фибробластар
талшықты дәнекер тіндерінің және негізгі
заттардың түзілуін қамтамасыз етеді.
Мес
клеткалар
(мастоциттер)
қанның
бағаналы
жасушаларының
ұрпақтарына
және
қанның
базофильді
лейкоциттерінің аналогтарына жатады. Мес жасушалардың
цитоплазмаларында, тері қан тамырларының өткізгіштігіне,
әртүрлі жасушалардың жіктелуіне және басқаларға реттеуші әсер
ететін, құрамында
гистамин, гепарин, серотонин, гиалурин
қышқылы
бар, арнайы түйіршіктер болады.
Гистиоциттер
–
дермальды
макрофагтар,
олардың
цитоплазмасында ферменттер есебінен фагоцитозды іске
асыратын,
лизосомдар
бар. Гистоциттер, иммунокомпетенттік
жасушалар мен фибробласттарды пролиферациялануын және
жіктеуін жүргізетін медиаторлар түзеді:
ИЛ, ИФН-α, ІНФ (ФНО)
және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: