Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Гиподерма немесе тері асты шел май қабаты



Pdf көрінісі
бет23/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Гиподерма немесе тері асты шел май қабаты,
ілмектерінде 
түрлі көлемде шар тәрізді май клеткалары орналасқан 
дәнекер 
тінінің 
жуан 
будаларынан
және 
май 
жасушаларынан 
(липоциттерден)
құралады. Тері асты шел май қабатында қан 
тамырлар, нерв бағаналары, нерв ұштары, тер бездері, шаш 
қапшықтары орналасқан. Тері асты шел май қабаты фасциямен, 
жиі периост немесе бұлшықет апоневрозымен шектеледі. 
Липоциттердің жинақталуы дәнекер тінді талшықтармен 
(трабекулалармен) бөлінген, майлық бөліктер 
(лобулялар)
құрайды.
Тері бұлшықеті
бірқатар клеткалық элементтер, шаш 
қапшығы, тамыр жанындағы өрім түрінде будаға біріктірілген 
бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан құралады. Шаш 
қапшықтарының жанындағы біріңғай салалы бұлшықет өрімі 
шаштың қозғалуын қамтамыз етіп, шашты көтеруші бұлшықет 


(musculus arrectorіs pilorum) 
деп аталады. Бірыңғай салалы 
бұлшықеттер жиі бастың шашты бөлігі, ұрт, маңдай, алақан мен 
табанның сыртқы беткейінде автономды күйде де кездеседі. 
Көлденең жолақты бұлшықет бет терісінде (мимикалық 
бұлшықет) орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет