Клиникалық көрінісі.
Тері өзгермеген, жиі құрғақ немесе
экскориациялар (қасу орындары). Организмнің жағдайына
байланысты қасылған жерлерде пиококкты инфекция дамуы
мүмкін. Қышу айқын болса тырнақ пластинкалары жылтырап
тұрады (тегістелген).
Таралған
тері қышуы басында терінің бір аймағында, пайда
болып, кейін тез оның барлық бетіне тарап кетеді.
Науқастар тұрақты сұққылау (шаншу), «құрт-құмырсқаның
денеде жүру», содан соң қышу пароксизмі және науқастар тағы
қасып, оның орынын қалдырады, кейде қан шығып тұрады да,
ауырсыну, күю сезімі байқалады, сөйтіп қышу ұстамасы
жойылып кетеді.
Осы сияқты сезімдер жергіліктеген түрінде де, сол орналасқан
жерінде байқалады.
Қышу ұзақ уақыт байқалса, тері сұр түс тартады,
гиперпигментация аймақтары, сызық тәріздес жылтырақ
тыртықтар байқалады.
Диагноз,
біріншілік морфологиялық элементтер болмаса да,
анамнез негізінде қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: